Дене бітімі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Дене бітімі

Орындаған: Бекбаева М

Тобы :ТК -321

Тексерген:Бауыржанова А. З.

Семей

2015 жыл

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1. Дене бітімі

2. 2. Физикалық дене бітімі

2. 3. Әйелдердің дене бітімі

2. 3. Дене бітімі дамуын зерттеу және бағалау тәсілдері

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі

Физикалық дене бітім түрлері Егер физикалық дене тұрғыңызды реттеп қолыңызға гантелмен штанганы алып көргеніңізіді жасасаңыз, онда сізде қандайда бір нәтежие болуы екіталай, соңы жалықтыру мен бастапқы кезде қойған мақсатыңыздан тайдыруы мүмкін. Сол себепті алдымен дене бітіміңіздің қандай екенін анықтап алу керек!
Дене жоғары да көрсетілгендей үш түрге бөлінеді: Эктоморф, Мезоморф, Эндоморф.

Эктоморф - Суреттен көріп тұрғандай табиғатынан арық, бұлшық ет жинауда біраз тер төгу керек екендігі шыдамдылық пен төзімділікті қажет етеді. Жаттығу залдарына аптасына 2-3 рет барсада жеткілікті себебі дене бастапқы кезеңге қайта оралғанша біраз уақытта қажет етеді яғни осы денеге. Ал жаттығу уақыты 1 сағаттан аспағаны абзал және 70-80 пайызы базалық жаттығулардан тұру қажет. Ең басты есте сақтайтын нәрсе салмақ жинау бұл дегеніміз күніне 5-6 рет тамақтану.

Мезоморф - Бұл дене бітімге табиғатынан кең йықты, әдемі денелі күнде жаттығу залдарынан көрініп жүрген адам секілді болып көрінеді. Бұл денеге барлық жағдай жасалып тұр десекте болады тек дұрыс тамақтану, дұрыс ұйқы, және жақсы жасақталған бағдарлама болса жеткілікті.

Эндоморф - Бұл дене бітімге керісінiі салмақ жинауда ешқандай кедергі болмайды, ал салмақ тастауда Эктоморф дене бітіміне салмақ жинау қалай қиын болса, бұған салмақ тастау солай қиын болмақ. Жаттығу залдарына аптасына 3-4 рет 45-60 минут арнаса жеткілікті.

Әйелдердің дене бітімі жайлы мәліметтер

Адамның тұлғасын дұрыс түрде елестету үшін және киімнің пропорциясын табу үшін суретшілер дене бөлімінің ара - қатынасын білуі қажет. Адам денесінің сыртқы формасы әртүрлі және ол бірінші кезекте антромарфологиялық дене бітімімен анықталады. Сонымен қатар дене формасымен сыртқы рельефіне тамақтану, жасы, өмір сүру салты, мамандығы тағы басқалары әсер етеді.
Адамның сыртқы тұлғасын білу үшін пластикалық анатомия ғылымымен айналысу қажет. Киімді құрастыру үшін адамның тұлғасының бірнеше морфологиялық қасиеттеріне тоқталу керек. Бұндай қасиеттерге басты өлшемдер, пропорциясы, дене бітімінің формасы жатады.
Басты өлшемдерге санмен айқындалатын: дененің ұзындығы, кеуде айналымы және дене массасы жатады.
Дене ұзындығы бірінші қасиеттердің бірі болып табылады. Әйелдердің бойы 16 - 18 жасқа дейін өсу кезеңінде болады. Әйелдің орташа бой ұзындығы - 154 см. Әйелдердің дене ұзындығының тұрақтылығы 40 - 45 жасқа дейін сақталады, ол одан кейін әрбір бесжылдықта 0, 5 - 0, 7 см кішірейеді екен.
Кеуде айналымының тұрақтылығы 18 - 20 жаста қалыптасады. Жас келе кеуде ауқаның дамуына, бұлшықеттер мен тері асты майлы қабаттарға байланысты үлкейеді. Ал 60 жастан кейін сәл кішірейуі мүмкін. Әйелдердің кеуде айналымы әдетте 72 - ден - 130 см - ге дейін барады. Егерде осы көрсеткіштерден ауытқыса патологиялық болып табылады.

Әйелдердің орташа дене салмағы 56 кг болады. Организмі қалыпты жағдайдағы әйелдер салмағы 25 - 40 жас аралығында байқалады. Ал 40 жастан кейін қалыпты салмаққа салмақ қосу процесі басталады. Бұл процесс 60 жасқа дейін жалғасуы мүмкін. Ал одан кейін ұлпаларда су басым болғандықтан салмақ төмендей бастайды. Дене салмағының өзгеруі түрлі жағдайлардағы факторлардың әсер етуінен байқалады.
Кеуде айналымы, дене ұзындығы және дене салмағының сәйкес келуі адамның сыртқы тұлғасының белгілі бір дәрежедегі көрінісін береді.
Кеуде - ең ірі дене бөлігі. Ол көкірек клеткасының формасымен иық, арқа және көкірек безімен анықталады. Көкірек клеткасының формасы үш түр арқылы анықталады. Жазық түр - жоғарыланған көкірек клеткасымен сипатталады. Цилиндрлі түр - кең бірқалыпты дөңгелектеу көкірек клеткасын сипаттайды. Конусты түр - төменіне қарай кеңейтілгенімен анықталады. Мұндай адамдардың кеудесі жазықтау кең болады. Көкірек облысының жоғары бөлігі иық сызығының түсуін анықтайды. Иық сызығының түсу бұрышы мойыннан иыққа қарай бағытталған.
Іш формасы да әртүрлі болып келеді. Ол жас ерекшелігіне, жұмысына, денедегі мойынның мөлшеріне байланысты және бөксе мен көкірек клеткасы өлшеміне қатысты. Өлшемі мен формасына байланысты жазық іш, шығынқы іш, жоғары немесе төмен дөңгелекті іш болып бөлінеді. Жалпы майлылықтан іш формасы дөңгелектеніп іш алдыға қарай қатты шығып кейде майлы қабаттар түзіледі.
Дененің жеке бөліктерінің размерлі сәйкестігі пропорция болып табылады. Профессор В. В. Бунак адамның дене құрылысын басты үш типті пропорцияға бөледі:
Долихоморфты тип - дене тұлғасы кішкентай, ал аяқ - қолы ұзын;
Брахиморфты тип - дене тұлғасы ұзын, қол - аяғы қысқа;
Мезаморфты тип - дене тұлғасы мен аяқ - қолы орташа;
Дене пропорциясы жас мөлшеріне байланысты өзгереді. Пропорцияның өзгеруі бастың, тұлғаның және аяқ - қолдың өзгеруіне байланысты. Бұл көрсеткіштер киімнің формасы және пропорциясына да әсер етуі мүмкін.
Дене құрылысы адамның тұтас дене формасы туралы түсінік береді, және дене бітімінің өлшем формасы - кеуде, мойын, иық пен тоқпақ, аяқ дене бөліктерінен тұрады.

Ал мойын бөлігіне келер болсақ. Ол бас пен иықты жалғастырып тұратын дененің бір бөлігі. Мойынның формасы эллипске жақындап, арқа жағынан біршама қабысып тұрады. Және де алға қарай иіліп
тұрады. Иілу бұрышы 70 - 300 дейін ауытқуы мүмкін. Омыртқаның
жоғарғы ұшының өлшеміне байланысты ол неғұрлым үлкен болса, мойын мен бастың алға қарай иілуі соғұрлым елеулі болады. Мойын ұзындығына қарай қысқа, орташа, ұзын болып бөлінеді. Ал бүйір сыртының формасы бойынша цилиндр және конус тәрізді түрлерге бөлінеді. Цилиндр тәріздес мойын сорайып тұрса, ол конус тәріздесі бас пен тұтас бітеді.
Иық пен тоқпақ жіліктің түйіскен тұсына байланысты қолдану формасы егер олар шынтақ бүгілер тұсындағы тұйық бұрыш 1640 болса онда бірқалыпты деп есептелінеді. Бұлшық еттер мен тері астындағы май қабаттарының жетілу дәрежесіне байланысты қолдары бірқалыпты бұлшық еттері шиыршық атқан шымыр, жіңішке және жуан секілді болып бөлінеді.

Онымен қоса әйелдер дене құрылысын нақтырақ, тереңірек білу үшін дененің антропометриялық нүктелерін анықтауы, адам денесін өлшеу методикасын дұрыс білуі шарт. Міне сол кезде біздің құрастырғалы, тіккелі жатқан бұйымымыз дәл, денеге қонымды болып шығады. Антропологиялық нүктелерді айқындалып көрінетін немесе қолмен сипағанда білінетін скелет жасаушы сүйектерді байланыстырып тұрған өскіншелер арқылы білуге болады.
Антропологиялық тексеруде өлшенетін адам денесіндегі негізгі 5 нүктені анықтаудан бастайды. Олар: мойынның негізгі нүктесі, мойын нүктесі, қолтықтың артқы бұрышы, иық нүктесі, бел биіктігінің нүктесі.
Мойын нүктесінің орналасуын анықтау үшін басты аздап төменге иіп, 7 - омыртқа сүйегінің шығынқы өскіншесін сипалап табу арқылы анықтайды, ал қалғандарын көзбен мөлшерлей анықтауға да болады. Онан кейін бел сызығының көлденеңдегі (гаризонтальдағы) қалпын белгілеп алып, артқы және алдынғы денеге бөлінетін бүйірін белгілейді.

Негізгі антропометриялық нүктелерді анықтап болған соң, өлшеу жұмысын бастайды. Өлшеу жұмыстарын дененің оң жағынан жоғарыдан бастайды.
Адам денесін өлшеуді үш адамнан жасайды, яғни әрқайсысы өлшенетін адам, өлшейтін адам, берілгендерді жазып отыратын болып бөлінеді. Өлшейтін адам тез, анық ықыласпен максималды дәлдікпен өлшейді, яғни жоғарыда айтылған нұсқауларды қолданады. Екінші өлшейтін адам қаламмен (кей қателерді жөндеу үшін) өлшеніп тұрған адамның дәптеріне жазады, сонымен қатар ол инструменттердің (өлшеуіш) және өлшеніп тұрған адамның тұрысына көз салып тұрады.
Әрбір өлшемді екі рет өлшейді, соңынан оның орта өлшемін алады. Егер нәтижеде 0, 5 см - ден көп қателік кетсе, онда үш рет өлшем жүргізіледі, сонан кейін қатты өзгерген санды алып тастап, қалған екі өлшем нәтижесінің ортақ бөлімін алып жазады. Өлшемді жүргізу ыңғайлы болу үшін лентаны дененің оң жағында қиылыстырады, яғни аяқ жағы емес, сыртқы бетінен бастайды.
Негізгі антропометриялық нүктелердің орналасу схемасы мен өлшем бірлігінің өлшемдер схемасын дәптерге түсірген жөн. Бұл жерде сызықты размер өлшемдерін түзу сызықпен көрсетеді, доғалы размер өлшемдерін көлденең, ұзына бойы доғалар, ұзындықтар екі сызықпен көрсетеді. Жалпы антропометриялық өлшемдерін жүргізгенде дененің размер өлшемдерінің орта сипаттамасын алу үшін өлшем нәтижесін математикалық әдіспен түзетеді.
Сонымен қорыта келгенде әйел дене бітімін танып білу үшін оның табиғи сұлулығын және оның бойындағы түрлі қасиеттерді, ерекшеліктерді білу керектігін айқындайды.

Дене бітімі дамуын зерттеу және бағалау тәсілдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру. Биязы, биязылау, ұяң жəне қылшық жүнді қойлардың тұқым стандарты мен оларды бонитировкалау жəне қаракөл қозыларын бонитировкалау. Қой асылдандыру есебін жүргізу
Ауыл шаруашылығы малдарының дене бітіміне қазіргі кездегі көзқарастары және оның мал шаруашылығындағы маңыздылығы
Дене бітімі және сырт пішінін сынау
Ұяң және қылшық жүнді қой тұқымдарын бонитировкалау
Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитировкадан өткізу
Таза қанды малға
Голштин және жергілікті қара ала тұқымы сиырлары
Темперамент типтеріне жалпы сипаттама
Биязы жүнді қойларды бонитировкалау
Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz