Үйсіндер. саяси тарихы. шаруашылығы. мәдениеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҮЙСІНДЕР. САЯСИ ТАРИХЫ. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. МӘДЕНИЕТІ

Б. з. д. бұрын 1- ғасырдың аяғында Қазақстан далаларына Орта азиядан келген үйсіндер сақтарды ығыстырып, тарих сахнасына келіп, б. з. б. 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Негізгі териториясы - Іле алқабы- батысы Шу мен Талас арқылы Қаңлылармен, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде Ферғанамен ұштасты. Астанасы- Чигучен (Қызыл алқап қаласы) Ыстық көлдің жағасында орналасқан.

Қазіргі деректер бойынша, үйсіндер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ даланы алып жатқан. Үйсіндер көптеген жылдар бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелділікте болған. Б. з. б. 177 жылы өз мемлектін құрайды.

Б. з. б. 53 жылы үйсін тайпасы ішінде таққа таласуға байланысты өзара алауыздықтар етек алып, екіге бөлінеді: Ұл гуньмо мен кіші гуньмо пайда болып, территориялары белгіленген. Кіші гуньмоны Өжет, ұлы гуньмоны - Янгуйби басқарған. Үйсіндердің одан кейінгі саяси тарихы екі гуньмо арасындағы өзара қайшылықтарға толы болды. Өзара қақтығыстарда ұлы гуньмо Қытайға, екіншілері кангарлар мен ғұндарға арқа сүйенген. Бірақ ғұндар империясы құлағаннан кейін, оның одақтасымен қатынастары бұзылып, б. з. б. 49 жылы Өжет шекаралық шайқастарда жеңіліске ұшырап, б. з. б. 44 жылы ғұндар Чигучен қаласын тонайды. Бұл оқиғалар үйсіндердің Қытаймен қарым-қатынастарының нығаюына әсер етіп, б. з. б. 36 жылы олар солтүстік ғұндарға қарсы жорық жасайды.

Б. з. б. 30 - жылдары ұлы және кіші гуньмо арасындағы қайшылықтар шиеленісіп, кейіннен екі иелік те өз бетіндіктерін жоғалтып, Қытаймен басқарылады. Тек б. з. ІІ ғ. Қытай тәуелділігінен босаған.

ІҮ ғ. Жетісуды монғол тілдес халық - сяньбидің қолында болып, ІҮ ғ. Соңынан ҮІ ғ. Ортасына дейін бұл территорияны жужандар билей бастайды. Жужандардың жиі шабқыншылығының нәтижесінде үйсіндер Жетісудан Тянь-Шань жаққа көшуге мәжбүр болған. Кейінірек, 425 ж. Үйсіндер Қытайға өз елшіерін жіберіп, 436 ж. Вэй империясының жауапты елшілерін қабылдаған. Осыдан бастап үйсіндер Қытайға жыл сайын сыйлықтарымен елшілерін жіберіп отыратын болады. 5 ғ. Бастап үйсін атауы тарих жазбаларында кездеспейді.

Шаруашылығы . Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен (әсіресе жылқы шаруашылығымен) және Талас, Сырдария өзендерінің бойында егіншілікпен айналысты. Үйсіндер мыс, қорғасын, қалайы, алтын, темірді кеңінен қолданған.

Қоғамдық құрылысы. Үйсін қоғамы - тайпа мен ру дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар, қатардағы бұқара малшылар мен егіншілерден тұрды. Басшысы- гуньмо (күн бегі) деп аталған.

Үйсін қоғамында малға жеке меншік және қауымдық, тайпалық, рулық жайылымдарға меншік қалыптасты.

Мәдениеті. Діні- ата бабаның аруақтарына табыну. Материалды мәдениетінде үйсіндер екі түрлі тұрғын жайларда: кірпіш және тас үйлерде тұрған. Қысқы үйлер шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйылып қаланған. Керамика ыдыстар жасау кең тараған. Олар пайдалану жағынан - тамақ ішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық ыдыстар болып бөлінеді. Тұрмыстық заттардан басқа әртүрлі зергерлік бұйымдар да жасалған. Олар алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап, асыл тасты алқалары бар сырғалар жасалған. Соңғы үйсін кезеңінде зергерлік заттарға түсті тастардан көз салу кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі дамыған.

Археологиялық ескерткіштері: Үйсін ескерткіштері қорымдар, обалар түрінде өте көптеп кездеседі. Мысалы: Қапшағай- 3, Өтеген-3, Қызыл еспе, Қызыл ауыз, Қызыл қайнар, Қарлақ, Алтын Емел, Қаратума, Алтын Емел, Талғар, Ақтас обалары мен Луговое ауылының маңынан табылған қоныстар мен 2300 м. Биіктіктегі тау шатқалынан табылған атақты “ Қарғалы диадемасы” мысал бола алады.

Қытаймен және тағы басқа елдермен тығыз сауда қарым-қатынастарын жасап тұрған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Үйсіндер, қоныстану аймағы, әскери-саяси құрылымы, шаруашылығы, археологиялық ескерткіштері
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы тайпалар одақтары
Көшпелілер туралы түсінік
Ерте мемлекеттік құрылымдар
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар
Үйсін тайпаларының зерттелуі және материалдық мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz