Шалғын шаруашылығы туралы жалпы түсініктер



Кіріспе
1.1 Жалпы шалғын шаруашылығына сипаттама
Негізгі бөлім
2.1 Шалғын шаруашылығының алдында тұрған негізгі міндеттері
2.2 Шалғын шаруашылығының негізгі қасиеттері
2.3 Шалғын шаруашылығындағы өсімдіктердің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Шалғынтану ілімі шалғындық шаруашылығының ғылыми негізі ретінде шалғындық өсімдіктердің өсіп,даму заңдылықтарын зерттеп анықтайтын биология ғылымының бір бөлімі.Өсімдіктің тіршілік ерекшеліктерің және даму заңдылықтарын ,оның өсу ортасымен ара қатынасын ,яғни экологиялық талаптарын білу арқылы шалғындықты жақсарту және тиімді пайдалану жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыруға болатыны белгілі болды.
Шалғынтану – өсімдік қауымдастығы қалыптасатын заңдылықтарды зерттейтін геобатаника ілімімен тығыз байланысты.Шалғын терминіне әлі толық анықтама берілген жоқ.
Бұл тұрғыда орыс ғалымы А.П.Шенниковтың анықтамасы көкейге қонымдырақ.А.П.Шенников бойынша «шалғын – көпжылдық шөптесін мезофитті өсімдіктерінің ассоциациясының негізі», яғни ылғалды жерлерде өсетін көпжылдық шөптер құрылымы.
А.П.Шенников шалғындық мезофитті және далалық ксерофитті өсімдіктер қауымдастығын құратын шалғындық шөп жамылғысы да «шалғын» аталуы мүмкін деп есептейді.
А.М.Дмитриев бойынша «шалғын» көпжылдық шөптесін өсімдіктер жер құрылымының бір бөлігі.Пішен дайындауға арналған шабындықтарды – шабындықтар,жүйелі түрде мал жайылатын жерлерді - шалғындық жайылымдар деп атады.Қазіргі кезде шалғынға қатынасты осы негізгі екі жүйе қабылданған.
Шалғындық шаруашылығы мезофильді өсімдіктер өсетін шалғындық жерлерді және ксерофильді өсімідіктер өсетін құрғақ далалық ,шөлейт және шөл аймақтарындағы мал азықтық жерлерді пайдалану және жақсартудың ғылыми – практикалық негіздерін қарастырады.Қорыта келгенде шалғындық шаруашылығы мал азықтық өсімдіктер түрлері мен топтарына қарамастан шабындықтар мен жайылымдарға қатынасы бар шешілуге тиісті барлық мәселелрді қамтиды.
1.С.Ә.Оразбаев, А.Ә.Тореханов, И.И.Алимаев, Б.А.Ысқақ «Шалғындық және жайылымдық»,Алматы 2012
2. Қ.Ə. Əубәкіров, Т.А. Атақұлов, А.С. Каракальчев «Мал азығын өндіру практикумы», Алматы 2009

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Шалғын шаруашылығы туралы жалпы түсініктер

Орындаған:Ағали Н
Топ:АГ - 213
Тексерген:Сагандыков С.Н

СЕМЕЙ 2015
Жоспар:
Кіріспе
0.1 Жалпы шалғын шаруашылығына сипаттама
Негізгі бөлім
2.1 Шалғын шаруашылығының алдында тұрған негізгі міндеттері
2.2 Шалғын шаруашылығының негізгі қасиеттері
2.3 Шалғын шаруашылығындағы өсімдіктердің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.1 Жалпы шалғын шаруашылығына сипаттама
Шалғынтану ілімі шалғындық шаруашылығының ғылыми негізі ретінде шалғындық өсімдіктердің өсіп,даму заңдылықтарын зерттеп анықтайтын биология ғылымының бір бөлімі.Өсімдіктің тіршілік ерекшеліктерің және даму заңдылықтарын ,оның өсу ортасымен ара қатынасын ,яғни экологиялық талаптарын білу арқылы шалғындықты жақсарту және тиімді пайдалану жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыруға болатыны белгілі болды.
Шалғынтану - өсімдік қауымдастығы қалыптасатын заңдылықтарды зерттейтін геобатаника ілімімен тығыз байланысты.Шалғын терминіне әлі толық анықтама берілген жоқ.
Бұл тұрғыда орыс ғалымы А.П.Шенниковтың анықтамасы көкейге қонымдырақ.А.П.Шенников бойынша шалғын - көпжылдық шөптесін мезофитті өсімдіктерінің ассоциациясының негізі, яғни ылғалды жерлерде өсетін көпжылдық шөптер құрылымы.
А.П.Шенников шалғындық мезофитті және далалық ксерофитті өсімдіктер қауымдастығын құратын шалғындық шөп жамылғысы да шалғын аталуы мүмкін деп есептейді.
А.М.Дмитриев бойынша шалғын көпжылдық шөптесін өсімдіктер жер құрылымының бір бөлігі.Пішен дайындауға арналған шабындықтарды - шабындықтар,жүйелі түрде мал жайылатын жерлерді - шалғындық жайылымдар деп атады.Қазіргі кезде шалғынға қатынасты осы негізгі екі жүйе қабылданған.
Шалғындық шаруашылығы мезофильді өсімдіктер өсетін шалғындық жерлерді және ксерофильді өсімідіктер өсетін құрғақ далалық ,шөлейт және шөл аймақтарындағы мал азықтық жерлерді пайдалану және жақсартудың ғылыми - практикалық негіздерін қарастырады.Қорыта келгенде шалғындық шаруашылығы мал азықтық өсімдіктер түрлері мен топтарына қарамастан шабындықтар мен жайылымдарға қатынасы бар шешілуге тиісті барлық мәселелрді қамтиды.
Сонымен қатар табиғи мал азықтық жерлер деген термин де кең тараған.Оған негізінен табиғи шабындықтар мен жайылымдар алаңдары жатады.Мұндай мал азықтық жерлерге мезофильді өсімдіктер,далалық және шөлді аймақтарда өсетін ксерофильді өсімдіктер, эфемерлер және тағы басқа өсімдіктер түрлері кездесетін шалғындарды айтады.
2.1 Шалғын шаруашылығының алдында тұрған негізгі міндеттері
Шалғындарда көбіне көпжылдық шөптер өседі.Бұл шөптер көп замандар бойы табиғи жағдайладың әсеріне ,бір - бірінің өзара әрекеттесуіне және шалғындықтарды пайдалану барысында адамдардың ықпалына ұшырап келді.
Сондықтан шалғын шөптердің тек шаруашылықтық қасиеттері мен биологиясын білу негізінде ғана шабындықтар мен жайылымдарды пайдалануды дұрыс ұйымдастыру және малазықтық өсімдіктерден жоғары өнім алу үшін қажетті жақсарту мен пайдалану үлгісін алдын ала жоспарлау мүмкін болады.
Біз өсімдіктердің құрамына қарай шалғындықтарға өсірілетін шөптер балаусасының малазықтық құндылығы мен өндірістік бағалығы жөнінде пікір айта аламыз.Бұл арада өсірілетін шөптердің саны ғана емес,олардың пішен,көк балауса,сүрлем түріндегі шарушалықтық құндылығы да маңызды.Шөптің құндылығы ондағы қоректік заттардың мөлшерімен,олардың жұғымдылығымен,желінгіштігімен,сонд ай - ақ сүт,ет,жүн,т.с.с мал өнімдерінің шығымы мен сапасына тигізер әсерімен анықталады.Шөл балаусасының өндірістік құндылығы алқаптарға шығатын шөптердің түрлеріне байланысты.
Салмақтары бірдей,бірақ түрлік құрамы бойынша әр алуан шөптер өнімдерінен қоректік заттарды әртүрлі мөлшерде аламыз,олардың сапалары мен өндірістік бағалылығы да әртүрлі болады.
Шабындықтарды пайданудың өнімділігі бойынша ең жоғары деңгейлісі екпе шалғындықтар жүйесі болып табылады.Ал бұл аралас шөптер егумен тікелей байланысты.Ауа райы, топырақ және шаруашылық жағдайлары әртүрлі аймақтарға аралас егілетін шөптер құрамы түрліше болады.Жоғары ,тұрақты және бағалы өнім беруге қабілетті шөптерді таңдап алу көпжылдық шөптесін өсімдіктердің жаңа қабілетті шөптердіи таңдап алу көпжылдық шөптесін өсімдіктердің жаңа түрлері мен үлгілерін еңгізуді талап етеді.Мейлінше әр алуан физикалық - жағрапиялық жағдайы бар Қазақстанда,біздің ұлан - ғайыр және бай еліміздің шалғындықтары мен далаларында өсетін шөптердің түрлері мен жергілікті түр үлгілерінің әр алуандығы жағдайында мұны жүзеге асыру әбден мүмкін.
Бір малазықтық шөптердің жаңа түрлері мен түр үлгілерін іздейміз,оларды зерттейміз, тәжірибе жүргіземіз, жаңа тұқымдары мен сұрыптарын шығаруды жүзеге асырамыз.Республиканың жабайы өсімдіктер дүниесі өте бай және алуан түрлі.Біз бұл байлықты әлі толық пайдаланған жоқпыз және өсіруге қажетті көптеген малазықтық бағалы өсімдіктерді табатынымыз күмәнсіз.
2.2 Шалғын шаруашылығының негізгі қасиеттері
Біз шалғындықтарда өсетін өсімдіктер мен жекелеген шөптерді бір басты мақсатпен - олардың өндірістік қасиеттерін іздеу керек.Алайда,бұрыңғы қасиеттерінің арасында шалғындықтарды пайдалану мен шалғындық шөптерді өсірудің қазіргі жаңағана ұрықтанған немесе қысымдық көрген күйінде дамымай қалған, құнды,шаруашылық үшін болашағы зор қасиеттері толық көрініс де болуы керек.Өсімдіктерге агротехникалық ,табиғи жағдайларды жақсарту т.с.с жолдармен осындай болашағы зор қасиеттері толық көрініс әсерімен пайда болған, адамдардың ақыл - ойымен,қолымен жасалған және жасалып жатқан құнды қасиеттерді көре білуді үйрену қажет.
Малазықтық шөптерге байланысты мыналарды біліуіміз қажет:
1.Шөптерді сыртқы көрінісі бойынша ажырату,аттарын білу.
2.Барынша құнды және кең тараған шөптердің шаруашылықтық жағырапиясын:негізгі шабындық шалғындықтар мен жайылымдарда өте - мөте көп кездесетін және сол жерлерге мейлінше тән түрлерін білу.
3.Шөптердің мына төмендегілермен айқындалатын шаруашылықтық құндылығын білу:
а)сыртқы құрылымы және пішімдері арқылы;
ә)олардың жиі кездесуі, былайша айтқанда,белгілі бір аймақта осы шөптердің кездесу жағдайларының жиілігі және өсетін жерлерінің әртүрлілігі бойынша;
б)шөбі шүйгін жерлерде белгілі бір шөптің көптігі,былайша айтқанда,оның балаусаының басымдылығы;
в) малазықтық қасиеті:Ол өсімдіктің пішен немесе көк балауса түрінде желінгіштігі ;химиялық құрамымен және жұғымдылығымен; қоректік заттарының сіңімділігімен,әсіресе,сіңімді белогінің санымен;ерекше жұғымдылығымен,былайша айтқанда,өсімдіктердің малдарға, дәрумендер жетіспеген жағдайда - қалыпты жетілуі,өсуі немесе жоғары өнімділігі қатты бұзылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастыру
Агроландшафттың биологиялық және технологиялық жер саласындағы салыстырмалылығы
ЛАНДШАФТ ҒЫЛЫМЫНА ШОЛУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТ КАРТАСЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы
XIII-XV ғғ. Қазақстан мәдениеті. Түркі жазуы
Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологияльіқ дүние танымын қалыптастыру
Жерді экономикалық бағалау әдістері
Геоботаника негіздері, мақсаты мен міндеттері. Геоботаниканың анықтамасы. Геоботаниканың басқа ғылымдармен байланысы. Геоботаника әдіснамасы
Шығыс Қазақстанның туристік-рекреациалық ресутстары
Ірі қараны азықтандыру ерекшеліктері
Пәндер