Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі күнкөріс минимумын, тұтыну себетін және ең төменгі еңбекақыны талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі күнкөріс минимумын, тұтыну себетін және ең төменгі еңбекақыны талдау

Орындаған : Тайжұма А. А.

Тексерген : Нуралина К. Т.

Семей 2015

Жоспар

  1. Қазақстандағы еңбек ақы мөлшері
  2. Қазақстандағы ең төменгі тұтыным қоржыны мен күнкөріс минимумы
  3. Шет елдегі еңбек ақыны ұйымдастыру жолдары

Елімізде еңбек ақы және оның төлену жүйелерін реттейтін негізгі механизм - “Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” заңда толықтай келтіріліп құрылған. Еңбек ақыны саралау тетігінде тарифтік жүйе орта орын алады. Тарифтік жүйеге: бірінші разрядтың тариф мөлшерлемесі, бірыңғай тарифтік топ, тарифтік кәсіптік анықтамалар жатады. Еңбек ақыны тарифтік жүйемен қалыптастыруда негізгі бастапқы ережелер мыналар:

- тарифтік мөлшер мен айлық жалақы мемлекеттің төменгі еңбек ақы деңгейіне кепілдігі болып табылады;

- кәсіпорын иелері мөлшерлеменің, айлықтың және табыстың басқа да құрамдары өз еркімен тек аз мөлшерден төмен емес тағайындауларына болады.

Қазақстанда нақтылы еңбек ақының тұрақты төмендеуінен, еңбек ақы мен тұтынушы бюджетінің қатынасы нашарлауынан төменгі еңбек ақының жұмыс күшін толықтыру және әлеуметтік қорғау функциялары түгелдей жойылған. Бұл жағдай жұмыс күшінің арзандауына, жұмыскерді материалдық қорғауды төмендетіп жасырын жұмыс орындарының пайда болуын, кедейшілікті көбейтті. Төменгі еңбек ақы деңгейі Қазақстан Республикасының үкімет орындарының тұрақты бақылауында.

Ең төменгі еңбек ақы мөлшерін белгілеуде әртүрлі жағдайлар есепке алынады. Әсіресе, елдің экономикалық жағдайы басты назарға ұсталады. Басқа да дамыған елдерде де осы принцип қолданылады.

1996 жылға дейін ең төменгі еңбек ақы (ЕТЕА) мөлшері 300 теңгені ғана құраған. ЕТЕА термині отбасылық жәрдемақы, өтемақы, салықтар, алымдар, айыптар және басқа төлемдерді есептеу үшін қолданылады.

1996 жылдан бастап жаңа коэффициент - айлық есептік көрсеткіш (АЕК) белгілеуде қолданылады. Нақты ең төменгі жалақыға тарифтік ставканың бірінші разрядының біртұтас тарифтік торымен шек қойылмайды. Оның көлемі 1997жылы қаңтарынан - 2030 тг, ал есептік көрсеткіштің көлемі - 550 тг кварталдық өсуімен, 1998 жылы - 2360 тг және 630 тг сәйкесінше. ҚР “Республикалық бюджеті туралы” 2005 жылы шілде айынан ең төменгі жалақы деңгейі 9000 тг көлемінде белгіленеді, 20005 жылдың қаңтарынан зейнетақыға аудару, жеңілдіктер, айып санкциялары, салықтық төлемдердің айлық есептік көрсеткіші 971 тг көлемінде белгіленеді.

2006 жылы 1-ші қаңтарынан: ең төменгі жалақы көлемі - 9200 тг, зейнетақының базалық көлемі - 3000 тг, ал ең төменгі зейнетақы көлемі - 6700 тг, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айып санкциялары, салықтар және басқа да төлемдер көлемі - 1030 тг, ал ең төменгі өмір сүру деңгейі - 7945 тг.

Төменгі еңбек ақының деңгейінің серпіні және оның бірінші разряд тариф мөлшерлемесімен, төменгі өмір сүру бюджетімен, еңбек тұтыну бюджетімен, орта айлық еңбек ақымен байланысты.

Күнкөрістің ең төмен деңгейі - бұл бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс, ол ең темен түлынушы қоржынының қү_нына тең.

Қазіргі уақытта тұтынушы жиынтығының сұрыпталымы 20-дан 43 атауға дейін кеңейтілді. Сондай-ақ «өнім - қызметтер» арақатынасы да өзгерді. Алғашқылардың үлесі 60%-ға дейін төмендеді, енді басқа тауарлар мен қызметтердің үлесі 30-дан 40%-ға дейінді құрайды.

Соңғы жылдары халықтың кірісі өсті, бұл тұтынушылар шығынының мөлшері мен құрылымының да өзгеруіне әкеп соқтырды. Қоржын ет, өсімдік және сүт тағамдары, сондай-ақ көкөніс және жеміс сияқты түрлі пайдалы өнімдермен толықгы.

Халықтың жан басына шаққанда азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тұтынудың арақатынасы орташа 50%-ға 50%-ды, ал табысы аз үй шаруашылықтарында - 60%-ды 40%-ға құрайды. Бұл күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшерін анықтау әдістемесін қайта қарау үшін негіз болды. Азық-түлік емес бөлік 1617-ден 2680 теңгеге дейін едәуір артты (2004 жылдың қыркүйегінің бағалары бойынша) . 2005 жылы жаңа әдістеме бойынша күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшері 7000 теңгеден асты, ал 2006 жылы -7, 5 мыңды (немесе7525, дағдарысқа түзету қосылады) құрады.

  1. жылдан бастап негізгі зейнетақы енгізілді. Ол адамның еңбек етуіне және еңбек етпеуіне қарамастан төленеді. Осы шешім кез келген мемлекеттің өркендеп дамуы мен тұрақтылығы жасы келгеннен кейін немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істей алмайтын және өз бетімен кіріс ала алмайтындарға қамқорлық жасау қабілетін білдіруіне байланысты қажет болды.
  2. жылы қарттыққа байланысты негізгі зейнетақы 3000 теңгені құрады. Сонымен бірге зейнетақы жинақтау жүйесіне толық көшкен 1998 жылға дейін қажетті еңбек өтілі бар азаматтарға ынтымақты (үлестірмелі) зейнетақы төлеу сақталады.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің екінші деңгейі - зейнетақы жинақтаушы қорлардан төлем төлеу, ал үшіншісі ерікті және кәсіби зейнетақы сүлбаларының дамуымен байланысты.

2007 жылы негізгі әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшері 8861 теңгені; зейнетақының ен төменгі мөлшері - 7236 теңгені; еңбекақының ең төмен мөлшері - 9752 теңгені құрады. 2007 жылдың ақпанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 45699 теңгені құрады және өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 25, 3%-ға, іс жүзінде 16, 1%-ға өсті. Атаулы еңбекақының өсуі экономикалық қызметтің барлық түрлерінде байқалды. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбекақысы 49, 9%-ға, білім беруде - 27, 8%-ға, өнеркәсіпте - 24, 7%-ға, ауыл шаруашылығында -23, 9%-ға, құрылыста - 22%-ға, мемлекеттік басқаруда - 18, 7%-ға өсті. Бала туу жөніндегі біржолғы жәрдемақыдан басқа (15АЕК) тұрмысы нашар отбасындағы 18 жасқа дейнгі балаларға ай сайын жәрдемақы төлеу енгізілді, отбасының кірісіне қарамастан 1 жасқа дейінгі баланы күту жөніндегі ай сайынғы төлемдер енгізілуде.

Шет елдерде еңбек ақыны төлеу сипаттамасында әрине көп тәжірибе жиналған. Әр елдің жүйелерінде өздерінің ерекше белгілері бар: Швецияда бірыңғай еңбек ақы, Жапонияда өтіл мен оңтайлылық үшін, Германияда - еңбек өнімділігінің ынталандыруы, АҚШ-та біліктілігі үшін, Ұлыбританияда жеке шарт арқылы төлем, Италияда - жеке және ұжымдық қосымша төлемдер.

Еңбек ақы төлеу жүйелерінің кәсіпорынның тиімділігін арттыру үшін арналғанын байқауға болады.

Нарық экономикасы өркендеген елдерде бірте-бірте еңбек ақы төлеудің жеке өндіруге байланысты нысандарын қолданудан бас тартып жатыр. Өйткені білім техниканың өсу жағдайында жұмыскердің жеке салымын өлшеу қиынға соғып барады. Бұл бір жағдай. Екіншіден, еңбек ұжымының арасындағы бірге жұмыс істеуге ынталандыру, олардың жаңалықты қабылдауының өсуіне көп көңіл аударылады. Осыдан барып еңбек ақыны уақытты төлеу нысандарын қолдану тиімдірек. Мұндай төлем нысанының негізіне механизмдер мен машиналарды қолдану дәрежесі, бригадалық, ұжымдық еңбек көрсеткіші, энергияны үнемдеу дәрежелері жатады.

Шет елдер тәжірибесіндегі классикалық нарыққа көп көңіл аудару керек. Олар Франция, Германия, Жапония, Швеция, т. б. Бұл жағдайда еңбек ақыны реттеу түрлері мынадай:

1. Мемлекет тарапынан реттеу аз еңбек ақыны оның құнсыздану кезіндегі өсу деңгейін ескеру керек.

2. Ұжымдық келісім шарт бойынша ұлттық және өнеркәсіп салаларындағы реттеу. Мемлекет пен өнеркәсіп саласының басшылары және кәсіподақ арасындағы келісім шарт бойынша кірістердің тізімін жасау тәртібі, еңбек ақының нысаны мен түрі, оны көбейту дәрежесі, әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер тізімі анықталады.

3. Фирманың ұжымдық келісім шарты, фирмалар тарифтік мөлшерлеменің, айлықтың, қосымша төлемдердің шамасын белгілейді, орта еңбек ақыны белгілейді.

Шетелдерде аттестацияның көптеген әдістері қолданылады. Әсіресе жұмыскердің сіңірген еңбегіне баға беру түрі. Бұл әдістің мағынасы мынада: бір дәрежелі қызметте істейтін біркелкі, білікті жұмыскерлер өздерінің жеке қабілетіне, тәжірибесіне қарай әртүрлі нәтижелерге жетуі мүмкін. Жұмыскердің сіңірген еңбегін бағалау әдісі кәсіпорында жұмыскердің қызметін жоғарлату үшін, еңбек ақысын көбейту үшін, келісім шарттың уақытын созу үшін, т. б. жағдайларда қолданылады. Жұмыскердің іскерлік, жеке басты қасиеттерін бағалау, олардың бәсекелік мүмкіндіктерін көтерудегі маңызды тетік.

Жұмыскерді кәсіпорында орнықтыру үшін еңбек ақы жүйелері, әлеуметтік төлем түрлері, фирманың акцияларының дивиденттері, т. б. амалдар қолданылады. Әсіресе көңіл аударарлық тәжірибе Жапонияда қолданылады. Онда еңбек ақының жаңа келген жұмыскерлерге тағайындалған мөлшері 3, 5-4 ке дейін) жұмыс өтілі толған жұмыскерлерге қарағанда 3, 5-4 есе аз. “Өмір бойы жалдау” жүйесі жұмыскердің еңбек ақысы оның жасы өскен сайын автоматты түрде өсуін қарастырады. Соңғы жылдары бұл жүйе бойынша жұмыстағы табыстарына қарай қосымша көтермелеу қолданылып жүр. Еңбек ақы құрамында “өмірге үстеме төлем” днген ұғым бар. Бұл ұғым бойынша тұрғын үй үшін, транспорттық тағы басқа қосымша төлемдер бар. Бұл қосымша төлемдердің мөлшері жұмыскердің еңбек ақысының 9-10% құрайды, әрине еңбек ақының барлық мәніне қарағанда онша көп емес, бірақта жұмыскердің әрбір мұқтажы жұмыс берушінің назарынан тыс қалмағаны туралы әсер қалдырады. Қалыптасқан міндетті түрдегі мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі бойынша: төлемдерге қосымша төленетін әлеуметтік - тұрмыстық төлем ақылар жұмыскерлер арасында фирмамен ортақтық сезімін туғызады. Бұған бұрынғы шығу жәрдем ақысының резерв қорының өзгертілген түрі, фирма ішіндегі қартайғандағы қамсыздандыру қоры жатады. Жапониядағы фирмалардың 10%-нің зейнетақы қоры бар. Бұл фирмаларға салық жеңілдіктері берілген, бұл фирмаларда жұмыс күштерін нығайтуға қосымша ынталандырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі, тұтыну себетін, күнкөріс минимумы туралы ақпарат
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы мәілмет
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Қазақстандағы, дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау туралы ақпарат
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, ең төменгі еңбекақыны талдау
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
Еңбекақының ең төменгі мөлшері
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жөнінде
Қазақстандағы, дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz