Н.А.Баскаков классификациясы.В.В.Радлов және түркология


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Н . А. Баскаков классификациясы. В. В. Радлов және түркология.
Орындаған: Рахымбек М. Қ
Тексерген: Шаяхметұлы Қинаят.
Топ: ҚЯ - 413
Семей 2015
Жоспар:
- Н. А. Баскаков классификациясы.
- В. В. Радлов және түркология.
- Пайдаланылған әдебиеттер
... жалғасыТүркі тілдерін жан-жақты зерттеп әрі грамматикалық, әрі фонетикалық ерекшеліктерін анықтай отырып, толық классификация жасаған ғалымдардың бірі - Н. А. Баскаков. Н. А. Баскаковтың еңбегінен кейін де түркі тілдерінің туысқандық классификациясы туралы пікір айтқан ғалымдар болды, бірақ Н. А. Баскаковтың классификациясына ешкім күні бүгінге дейін айтарлықтай өзгеріс енгізе қойған жоқ. А. Н. Баскаков өз классификациясында түркі тілдерінің тарихын, қазіргі жағдайын, этникалық құрамын толық есепке алуды ұсынады. Көрнекті түркітанушы Н. А. Баскаков Түркі тілдерінің фонетикалық, грамматикалыөқ ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:
1) алтай дәуірі;
2) ғұн дәуірі;
3) көне түркі дәуірі V-VI ғ. ғ.
4) орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі;
5) жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі
XVI - XIX ғ. ғ.
6) ең жаңа дәуір XX ғ. ғ. немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және
одан кейінгі даму дәуірі.
Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады:
7) Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл - көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі;
8) Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді. Сөзге жұрнақ пен жалғаулар бірінің артынан бірі қосылу арқылы сөз формасы өзгертіледі. Сөйлем бастауыш-толықтауыш-баяндауыш ретінде құрылады. Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған. Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар. Бүгінгі күндері ең кең қабылданған классификация жүйесі А. Н. Самойловичтің классификациясы боп танылғанмен кейбір жағдайлар әлі де пікірталас тудыруда Барлық түркі тілдерінде дауыстылардың ашық, қысаң топтары қолданылады. Дауыстылардың ашық және қысаң сапалық топтарға жіктелуі ауыз қуысының ашылуы дәрежесіне немесе дыбысталу процесінде тілдің көтерілуі дәрежесіне байланысты. Түркі тілдері даустыларды бүл принцип бойынша топтастырғанда, бір жағынан сапалық тұрғыдан олардың біркелкі еместігін, екінші жағынан сан жағынан әр түрлілігін көруге болады. Әзірбайжан тілінде ашық дауыстылардың саны-5 қысаң-4, хақас тілінде 4 ашық, 5 қысаң, башқұрт пен татар тілінде 2(кейде3) ашық, 8түрлі жартылай қысаң, қысаң. Қырғыз тілінде 4ашық(жартылай ашық) дауысты, 4қысаң(жартылай қысаң) дауысты, өзбек тілінде ашық дауыстылардың саны 2, қысаң және жартылай қысаң дауыстылардың саны 4. Түркі тілдерінің қиыр шығысында жатқан якут(саха) тілдерінде 4ашық(жартылай ашық) дауысты, 4 қысаң дауысты дыбыстар бар. Ал сонымен шектес шор тілінде нағыз ашық дауысты -1, жартылай ашық дауыстылар-3, қысаң дауыстылар саны-4. Сонымен түркі тілдерінің арасында ашық-қысаң дауыстылар саны бірдей болып келетін тілдер аз. Қазақ тіліндегі ашық-қысаң дауыстылардың саны жоғарыда көрсетілгендердің ішінде тек қана әзірбайжан тілінде қайталанады. Жеке түркі тілдерінде ашық-қысаң дауыстылар сапалық жағынан бірдей емес. Бір тілде айқын-ашық айтылатын дауысты екінші тілде сәл бәсең немесе керісінше болып отырады. Барлық тілде сапалық жағынан ұқсас дыбысталатын тіл арты жуан дауысты а. Ал басқа дауыстылар туралы мұндай тұжырым жасауға әсте болмайды. Мыс: о дауыстысы бір тілде айқын ашық дауысты болып айтылса, екінші бір тілде айқын ашық естілмейді, сәл бәсең айтылады.
Ескерткіштердің алғашқы үзінділерін де Еуропаға әкелген де сол. Т. Страленбергтің айтуынша, ескерткіштердің көпшілік бөлігі уақыттың өтуі барысында өшіріле бастаған. Жазулар өшірілмейтін қызыл бояумен жазылғандығын айта келе жазудың көбін қағазға түсіре алмағанына өкініш білдіріп, өзінің қолынан келмеген істі болашақта басқа біреу орындайтынына сенім білдіреді. Ал кейінгі кезде Монғолияда ашылған көне түркі жазулары ғылым үшін өте маңызды, күтпеген нәтижелерге әкеп соқты. И. М. Ядринцев ашқан ескерткіштері әйгілі болғаннан-ақ, ол өңірге екі үлкен экспедиция аттанды: 1890 жылы Г. Гейкельдің басшылығымен фин экспедициясы және 1891 жылы В. В. Радлов басшылық еткен Ресей Ғылым Академиясы ұйымдастырған орыс экспедициясы. Академиялық экспедиция құрамына топограф И. И. Щеголев, Д. А. Клеменец, С. М. Дудин, И. М. Ядринцев, натуралист Н. П. Левин және ғалымның баласы А. В. Радлов енген болатын. 1891 жылдың маусым айының орта шенінде экспедиция Монғолия территориясына кіріп, тамыз айының ортасына дейін сол жерде өз ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу нәтижесі топографиялық жағынан болсын, археологиялық жағынан болсын өте бай, құнды нәтижелерді бере алды. В. В. Радлов Монғол территориясында кездескен ескерткіштерді төрт үлкен топқа топтастырады. Олар: 1. Жазу таңбалары жоқ және көнелігін ешбір белгі арқылы айқындауға келмейтін ескерткіштер. 2. YIII ғасырдың орта шеніне дейін Монғолияда билік құрған тукюэ (түрк) кезеңі билеушілеріне қатысты ескерткіштер.
3. YIII ғасырдың ортасынан IX ғасыр соңына дейін Солтүстік Монғолияда билік құрған ұйғыр билеушілерінің ескерткіштері. Бұл топқа тек Орхондағы Хара-Баласағұн үйінділері ғана енеді.
4. Монғол билеушілерінің ескерткіштері, яғни Монғолияда XIII ғасырдан бері қойылған барлық ескерткіштер.
Саяхаттан қайтып келгеннен кейін В. Радлов көне түркі ескерткіштеріндегі жазудың «кілтін» ашу мәселесімен айналысады. Дәл сол уақытта ескерткіш сырын ашу мәселесімен айналысады. Дәл сол уақытта ескерткіш сырын ашу мәселесімен даниялық лингвист, ғалым В. Томсен (1842-1927) де шұғылданады. Бірақ рун жазуының «кілтін» табу құрметі даниялық ғалымға тиіп, ол 1893 жылдың 15 желтоқсанында Дания Ғылым академиясының мәжілісінде әлемге Орхон жазба ескерткіштерінің сыры ашылғандығын жария етеді. Ол: «Орхон-Енисей жазуының ескерткіштері түрік халықтарының тілінде жазылған» деп мәлімдейді. Л. Штренбергтің айтуынша В. Томсен түркі жазба ескерткіштерін оқудың «кілтін» ашқан кезде В. Радлов та көне жазулардағы кездесетін он бес таңбаның сырын ашып, оқыған еді.
В. В. Радлов Томсен ізімен 1894 жылдың 19 қаңтарында «Күлтегін» ескерткішін аударып шығады. Бұл «Монғолиядағы көне түркі жазбалары» деген атпен алынған үлкен шығарылымның бастамасы болды.
Бұдан басқа ғалым 1894-1899 жылдар аралығында «Тоныкөк», «Білге қаған», «Онгин ескерткіштерін» транскрипциялап, неміс және орыс тілдеріне аударады. Осы және тағы басқа ескерткіштер жайлы сипаттама мәліметтерді ғалым бұған дейін 1892 жылы жарық көрген «Атлас древностей Монголии» деген еңбегінде берген болатын. Сөйтіп бұрын белгісіз болып келген жазба ескерткіштер ғалымның қыруар еңбегі нәтижесінде дүние жүзіне танылған еді. В. В. Радлов аудармалары мен түсініктемелерінің сапасын сөз еткенде В. Томсен төмендегідей баға береді: «Жазулардың аудармалары мен талдауы мәселесіне келгенде мен бір нәрсеге ғана, Радлов болмағаныма өкінемін».
В. В. Радлов аудармалары ішінен жеке дара бөліп әңгіме етуге болатын еңбегі атақты құмандардың авторы белгісіз «Кодекс куманикус» (Құмандар кітабы) . Бұл ескерткіштің авторы белгісіз, XIII ғасыр аяғында тотикалық көне жазумен жазылған. Жалпы көлемі 82 парақ. В. В. Радловтың «Құман тілі туралы» (1884) осы құман тілін зерттеу жұмыстарының ішіндегі аса бір бағалысы.
1890 жылы В. Радлов Жүсіп Хас-Хаджип Баласағұнидің «Құтадғу білік» еңбегінің Венадағы нұсқасын басып шығарады. Қолжазбаның
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz