Жердің құрылымы мен қабаттары және қоршаған ортаны қорғаудың маңызы


Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Жер

Жер - Күн жүйесіндегі планеталардың бірі. Ол 149 600 000 км қашықтықта шеңбер дерлік орбитамен Күнді айнала қозғалады. Жердің Күнді толық бір айналып шығуына кететін уақыт жыл деп, ал оның өз осінен толық бір айналып шығуына кететін уақыт тәулік деп аталады. Бір жылда шамамен 365 ¼ тәулік бар.

Жер шарының көлденеңі (диаметрі) 12 756 км, ал оның экватор шеңберінің ұзындығы шамамен 40 000 км- ге жуық. Жер шарының болжалды осі өтетін нүктелерін полюс деп атайды. Жер шары полюс бағыттары бойынша сығылыңқы, сопақтау болып келеді. Жер осі өзінің орбита жазықтығына 66 градус бұрышпен көлбей орналасқан. Осінің осындай көлбей орналасуына байланысты, Жердің Күнді айналуы кезінде, Жер бетіне күн сәулесі әр жағдайда түседі. Сондықтан да Жер бетінде жыл мезгілдері - көктемнен кейін жаз, одан кейін күз және қыс болып ауысып отырады.

Жердің сыртқы қатты қабаты жер қыртысы деп аталады. Оның қалыңдығы құрғақта 30 км-ден 70 км-ге, ал мұхит түбінде небәрі 5 - 10 км - ге дейін жетеді. Жер қыртысынан кейін 3000 км-ге дейін мантия деп аталатын қабат, одан әрі, Жердің центріне дейін, жер ядросы орналасады. Жыныстар жер қойнаауына неғұрлым тереңірек орналасқан сайын тығызырақ әрі ыстықтау болып келеді. Ғалымдар мантия қабатын балқыған қатты күйде деп жорамалдайды. Ал жер ядросы балқыған темірден тұрады.

Жоғары мантия мен жер қыртысын біріктіріп литосфера - тас қабық деп атайды. Ал мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер және жер асты сулары гидросфераны, яғни Жердің су қабығын құрайды.

Жердің ауа қабығы атмосфера деп аталады. Ол негізінен азот (78%) пен оттектен (21 %) тұрады.

Жердегі барлық тірі организмдер Жердің биосферасын, яғни «тіршілік» қабығын түзеді. Қазіргі биосфера қабығы миллиардтаған жылдарға созылған ұзақ даму процесі - эволюцияның нәтижесінде қалыптасты. Биосфера адам өмірінде зор роль атқарады. Өсімдіктер атмосфераны оттекпен байытады әрі ол жануарлармен бірге адамның азық - түлігі ролін атқарады. Адам табиғат байлығын ақылдылықпен орынды пайдалануы тиіс. Бұл - адамның табиғатты алғандарының орнын толтыру, олардың бұрынғы қалпына келуі үшін табиғаттың өзіне мүмкіндік беру деген сөз. Біз айналадағы ортаны - ауаны, суды, топырақты ластанудан үнемі қорғап отыруымыз керек. Біздің елімізде осы мақсатта көптеген жұмыстар атқарылуда. Біз айналадағы ортаны қорғау жөнінде басқа елдермен келісімдер де жасап отырмыз.

Орындаған:

Тексерген:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың әлеуметтік-экономикалық маңызы және жүзеге асыру бағыттары
Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың тұжырымдамасы және табиғатты қорғаудың объектілері мен субъектілері
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері: теория мен қолдану
Қазақстандағы экологиялық тәрбие және қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен тәжірибесі
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмдері
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері мен экологиялық қауіпсіздік
Антропогендік факторлардың қоршаған ортаға әсері және қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық және экономикалық механизмдері
Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануының генетикалық салдары және қоршаған ортаны қорғаудың заңнамалық-мемлекеттік шаралары
Табиғат пайдалану құқығы мен қоршаған ортаны қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері
Халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шаралары мен экономикалық құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz