Саңырауқұлақтар



1. Саңырауқұлақтар
2. Саңырауқұлақ жасушасының морфологиясы.
3. Саңырауқұлақтардың көбеюі.
Саңырауқұлак –бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.Гифаралдың жуандығы 1-ден 10 кейде 20 микронға дейін барады. Олардың көбісінің мицелийлері субстраттың ішінде жатады. Субстраттың бетінде жемісті денелері немесе спора тасушы органдары орналасады. Олардың пішіндері шар тәрізді, таға, қабық сияқты, қалпақты түбірге ұқсас және басқаша түрлі болып келеді.Гифалар төбе жасушалары арқылы ұзарып өседі және моноподиальды бұтақтанады. Бүйірлік мицелийлер негізгі мицелийлерге ұқсайды. Тек паразит саңырауқұлақтардың көбісі иесінің жасушасының ішіне еніп жататын бүйірлік мицелийлері әрі қарай өспей, жасуша ішінде шар, алмұрт, немесе тарамдалған гаусторияға айналады, сөйтіп иесінің жасушасындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік етеді.Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде мицелий болмайды, вегетативтік денесі жалаңаш не қабықшасы бар протоплазмадан тұрады. Мұндай саңырауқұлақтардың жасушаларынан тарамдалған, өте жіңішке, ядросы жоқ қысқа жіпшелер өседі, оны ризомицелий деп атайды. Ол мицелийдің алғашқы нышаны болып есептелінеді.Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері – көлденең перделерге бөлінбеген, көп жасушалы. Олардың перделерінде жасушаларды бір-бірімен байланыстырып тұратын өте ұсақ поралары болады.Саңырауқұлақтардың жасуша қабығы құрамында насекомдар қабықтарының хитиніне ұқсас, хитин заты және полисахаридтер болады. Олардың жасушасы протоплазмадан, бір, екі, кейде одан да көп ядродан және вакуолядан тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп ядролы, ал жоғары сатыдағылардікі бірнеше ядродан тұрады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар

Тобы:Бт-407
Орындаған: Елубаев Ж.Е
Тексерген: Мирашева.Г.О

Семей 2015 ж
Жоспар:
1. Саңырауқұлақтар
2. Саңырауқұлақ жасушасының морфологиясы.
3. Саңырауқұлақтардың көбеюі.

Саңырауқұлак - бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.Гифаралдың жуандығы 1-ден 10 кейде 20 микронға дейін барады. Олардың көбісінің мицелийлері субстраттың ішінде жатады. Субстраттың бетінде жемісті денелері немесе спора тасушы органдары орналасады. Олардың пішіндері шар тәрізді, таға, қабық сияқты, қалпақты түбірге ұқсас және басқаша түрлі болып келеді.Гифалар төбе жасушалары арқылы ұзарып өседі және моноподиальды бұтақтанады. Бүйірлік мицелийлер негізгі мицелийлерге ұқсайды. Тек паразит саңырауқұлақтардың көбісі иесінің жасушасының ішіне еніп жататын бүйірлік мицелийлері әрі қарай өспей, жасуша ішінде шар, алмұрт, немесе тарамдалған гаусторияға айналады, сөйтіп иесінің жасушасындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік етеді.Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде мицелий болмайды, вегетативтік денесі жалаңаш не қабықшасы бар протоплазмадан тұрады. Мұндай саңырауқұлақтардың жасушаларынан тарамдалған, өте жіңішке, ядросы жоқ қысқа жіпшелер өседі, оны ризомицелий деп атайды. Ол мицелийдің алғашқы нышаны болып есептелінеді.Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері - көлденең перделерге бөлінбеген, көп жасушалы. Олардың перделерінде жасушаларды бір-бірімен байланыстырып тұратын өте ұсақ поралары болады.Саңырауқұлақтардың жасуша қабығы құрамында насекомдар қабықтарының хитиніне ұқсас, хитин заты және полисахаридтер болады. Олардың жасушасы протоплазмадан, бір, екі, кейде одан да көп ядродан және вакуолядан тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп ядролы, ал жоғары сатыдағылардікі бірнеше ядродан тұрады.
Клекта ядролары саңырауқұлақтардың көпшілігінде өте кішкентай 1-3 микрондай болады. Ірі ядролар жыныс процесімен байланысқан органдарда ғана болады да, кейде олардың мөлшері 10 микронға жетеді. Ірі ядроларда ядрошықтардың бар екендігі байқалады. Протоплазма жас жасушалардың - гифалардың ұштарын толтырып тұрады. Бояп қарағанда олардан ұсақ дөңгелек көпіршік тәрізді вакуолялар көрінеді. Ересек жасушаларда протоплазма жасушаның қабығына қарай жақын орналасады. Клетканың ортаңғы бөлімін ірі вакуоля алып жатады. Одан жасушаның жан-жағында жіңішке протоплазма жіпшелері тарайды. Вакуоля жасуша шырынына толы болады. Клетка шырыны түссіз, тек ағзадан саңырауқұлақтарда антоциан пигментінің болуына байланысты, қызғылт тартып тұрады. Саңырауқұлақ жасушаларында қор заты ретінде еш уақытта крахмал жиналмайды, май тамшылары мен гликолен, ал біраз саңырауқұлақтарда волютин жиналады.Кейбір саңырауқұлақтарда әр түрлі улы заттардың жиналуы да жиі кездеседі. Саңырауқұлақтардың түсі - жасуша қабығында, протоплазмада, вакуоляда болатын пигменттерге байланысты. Пигменттер әр түрлі химиялық процесстер нәтижесінде түзіледі.
Саңырауқұлақтардың құрамы ферменттерге бай. Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады, олар: жеміс шырынының түсін өзгертеді; шикізаттарды (мал азығын, қағаз қалдықтарын) өңдейді; нәруыздарды, крахмалды сүйылтады.
Зең саңырауқұлағынан пенициллин антибиотигі алынады. Аспергилден лимон қышқылы өндіріліп, медицинада, өнеркәсіпте кеңінен қолданылады.Жеуге жарамды қалпақшалы саңырауқұлақтар мен ашытқы саңырауқұлақтары тағамға пайдаланылады.
Саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақ құрамындағы кейбір зиянды бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал етеді. Өздернен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың өсуін тежейді. Оларды антибиотиктер деп атайды. Ондай антибиотиктерге бактериялардан бөлінетін стрептомицин, тетрациклин және саңырауқұлақтардан алынатын пенициллин жатады. Бұл антибиотиктерді өндірісте жасанды жолмен алу жолға қойылған. Адам баласы бұл дәрілерді күнделікті пайдаланады. Соңғы кезде медицинада жүректі, бүйректі операция жасап ауыстырғанда пайдаланылатын дәріні топырақтағы саңырауқұлақтан бөліп алды. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат - гибереллин, зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын боверинде саңырауқұлақтардан алынады. Саңырауқұлақтардың пайдалы жақтары толық анықтауды қажет етеді.Жылдан - жылға халық саны өсіп келеді. Адам баласын тағаммен қамтамасыз ету - кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан саңырауқұлақтарды тек дәрі алу үшін ғана емес, тамаққа пайдалану үшін де қолдан өсіреді. Арнайы орындарда қарашірік топыраққа жылқы тезегін қосып, қозықұйрықтың спораларын себеді. Сонда ғана ол ұзақ жылдар түсім береді. Қазір 70 елде қозықұйрық, жазғы түбіртек егу жолға қойылған. Одан жылына 14 млрд доллар қосымша табыс түседі. Қазақстанда да қозықұйрық пен жазғы түбіртекті қолдан өсіру жүзеге асырылуда.

2.Саңырауқұлақ жасушасының морфологиясы.
Микроскопиялық саңырауқұлақтардың клеткалар мөлшері, көлемі бойынша әртүрлі, бірақ құрылымдық элементтері ортақ болып келеді. Осыған байланысты саңырауқұлақтар клеткалық қабырғасынан, цитоплазмалық мембранасы бар цитоплазмадан және эндоплазматикалық тордан, митохондриялардан, рибосомалардан, қосындылар мен вакуольдар, ядро немесе бірнеше ядролардан тұрады. Саңырауқұлақтардың жасушалық қабырғасы көпқабатты және әртүрлі электрондық тығыздықты құрайтын 9-10 қабаттан тұрады. Аморфты матрикске кіретін микрофибриллалар жүйесін құрайды. Фибриллалар түр ерекшелігіне қарай целлюлозадан, глюкон, хитиннен тұруы мүмкін. Басқа полисахаридтер, ақуызда, пигменттер, липидтер құрылыстық қызметін атқарып, жасуша қабырғасының микрофибриллярлы бөлігімен химиялық байланыстар құрайды. Мұндай комплекстер кей заттардың өткізгіштігіне әсер етіп, басқа қосылыстарға блокада болып табылады. Жасуша қабырғасының тіректік миофибриллалар және оның матриксі құрылу мен биосинтезі бойынша ерекшеленеді. Фибрилл мен матрикс құрылуы синхрондық емес, ең алдымен фибриллярлық арқау регенерацияланады. Бұл екі бөлік жасуша қабырғаларының биосинтезі ферменттер қатысында жүреді. Жасушалық қабырғалар екі жолмен құрылады: жаңа материал қабырғаға поляризациялық жолмен қосылуы мүмкін, не оның беткейіне біркелкі жайылуы мүмкін. Бірінші жағдайда цилиндірлі жасушалар құрылуы, ал екіншісінде - сферикалық құрылуы байқалады. Жасушалық қабырға қорғаныштық қызмет атқарып, саңырауқұлақ жасушаларын сыртқы орта факторларынан қорғайды. Мысалы осмостық барьер ретінде кей заттардың өткізгіштігіне жауап береді. Жасушалық қабырға вегетативті клеткаларға гиф пен жыныс мүшелеріне қалыпты формасын қалыптастырады. Маңызды фактор болып жасушалық қабырғасындағы беткейінде және цитоплазматикалық мембранада ферменттер орналасқандығы. Олар сіңірілмейтін клеткаларды (суда ерімейтін) полимерлерді мономерге дейін өзгертеді.

Саңырауқұлақтардың жасушалық қабырғасы лизистің нәтижесінде басқа жасушалардан құралатын және саңырауқұлақтың өзінде түзілетін ферменттер әсерімен бұзылуы мүмкін. Саңырауқұлақ жасушалық қабырғасының негізгі элементтері болып - хитин, глюкандар, ақуыз, майлар жатады. Азоты бар және азотсыз полисахаридтер еритін және ерімейтін комплекстерді құрастырады. Жасушалық қабырға негізін 4-6 моносахаридтер құрайды. Әртүрлі саңырауқұлартарды олардың үлестік қатысының әртүрлігі біршама мөлшерді ғана ерекшеленді. Полисахаридті фракциялар құрамына глюкозамин, манноза, глюкоза, ксилоза, т.б. кіреді. Бір саңырауқұлақтың әртүрлі клеткалары жасушалық қабығының құрамы бірдей емес екендігін айта кету керек. Протопласт - жасушалық қабырғасына кіретін саңырауқұлақ жасушасының құрамы. Цитоплазматикалық мембранасы, эндоплазматикалық ретикулум, бір немесе бірнеше ядрошығы бар ядродан, митохондриялардан, РНҚ-сы бар рибосомадан, лизосомадан, Гольджи аппаратынан, вакуольдерден, қатпарлы комплекстен, безді гранулдардан және басқа да құрылымдық қосынлардан құралған. Цитоплазматикалық мембрана - үшқабатты, жасушалық қабырға астында орналасқан және цитоплазмадан бөліп тұрады. Цитоплазматикалық мембрана негізге қасиеті болып жасушаға кіретін және одан шығатын кейбір заттардың өткізгіштігі саналады. Цитоплазматикалық мембрана 40% липидтерден және 38% ақуыздардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақтар жайында
Саңырауқұлақтардың топтануы
Неліктен саңырауқұлақ жеміс денелері
Ашытқы саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтардың топырақ түзілудегі маңызы
Саңырауқұлақ жайлы түсінік
Саңырауқұлақтардың негізгі қант спиртіманнитол
Саңырауқұлақтардың жасанды дамуы
Саңырауқұлақтардың морфологиясы
Жыртқыш саңырауқұлақтар
Пәндер