Ферменттiк препараттардың халық шаруашылығындағы мәні туралы мәлімет



1) Ферменттік препараттарды алу;

2) Ферменттік препараттардың қолданылуы;

3) Ферменттің техникалық препараттары.
Қазақстанда халықты медициналық және мал дәрiгерлiк мақсаттағы биопрепараттармен, сондай-ақ тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етуде едәуір күрделi жағдай қалыптасты. Соңғы бiрнеше жылда мал басының кемуi, егiстiк жерлер алқабының азаюы және азық-түлiк, мал азығы дақылдары өнiмдiлiгiнiң күрт төмендеуi салдарынан бiздiң елiмiз ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң едәуiр бөлiгiн сырттан әкелуге мәжбүр болуда. Шетел фирмаларына деген азық-түлiктiк тәуелдiлiк пайда болды, мұның өзi республика экономикасына терiс ықпал етедi. Бұрын Қазақстанның халық шаруашылығының дәрiлiк препараттарға, биологиялық белсендi заттарға, өсiмдiктердi қорғау құралдарына, тағамдық және мал азықтық қоспаларға деген қажеттiлiгiн бұрынғы КСРО-ның биологиялық өнеркәсiбi қамтамасыз етiп отырды. Республика жаңа саяси және экономикалық жағдайда өзiнiң әртүрлi мақсаттағы биопрепараттарға деген қажеттiлiгiнiң едәуiр бөлiгiн өз биотехнологиялық өндiрiсiн дамыту жолымен қамтамасыз етуi тиiс.
Ферменттік препараттарды алу үшін микроскопиялық саңырауқұлақтарды, сондай-ақ бактериялар мен ашытқыларды пайдаланады. Кейде техникалық ферменттік препараттарды алу ферментация процесін жүргізумен аяқталады. Мысалы, спирт өнеркәсібінде крахмалды қанттандыру үшін aspergillus niger сұйық культурасын қолданады, ол крахмал(1%) мен түрлі тұздар қосу арқылы спирттік бордта тереңдік культивирлеу әдісімен өсіріледі. Кейін оны сұйық күйде 10-12% мөлшерде қанттандырылатын заторға қосады. Бірақ культуральды сұйықтықтағы ферменттердің белсенділігі тез төмендейді. Сондықтан құрғақ техникалық ферменттік препараттарды алу кең таралған. Ферменттік белсендірек препаратын культуральды сұйықтықтан амилазаны ацетонмен тұндырып, одан кейін коагулятты 27-28˚С температурада кептіру арқылы бөліп алуға болады. Ферментті тұндыру үшін аммоний сульфатын жиі қолданады. Культуралды сұйықтықты алдын ала құрғақ заттардың мөлшері 40% жеткенше 40˚С температурада кептіріп алады. Коагулятты толықтырғышпен бірге кептіреді. Японияда тағамдық қажеттіліктер үшін ерекше крахмалмен өңделген культуралды сұйықтықтан ферментті адсорбциялау арқылы алынған амилазаның техникалық препаратын пайдаланады. Содан кейін амилазаны крахмалмен бірге лиофилизациялайды. Құрамында пектиназа болатын препаратты лимон қышқылы өндірісінің қалдықтары –aspergillus niger мицелийінен алады. Ол үшін оны кептіреді немесе экстракттан мицелийдің ақуызды фракциясын коагуляциялайды. Бұл препаратты жемістер мен жидектерді өңдеген кезде шырындарды ашық түстендіру және олардың шығымын арттыру үшін қолданады.
1) Храмцов А.Г., Евдокимов И.А., Костин В.В., Рябцев С.А. Концепция биотехнологии молочных продуктов нового поколения. //Сыроделие и маслоделие. –2001.
2) Ежерепов А.Е. и др. Изменение активности нитратредуктазы в процессе формирования зерна пшеницы.//Ферменты и качество зерна, 1987.3
3) Сеитов З.С Биохимия., Алматы қаласы., - 2007.
4) Иммобилизованные ферменты (под ред. И.В. Березина, В.К. Антонова, К. Мартинека) М, МГУ, 1976 г.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ
Тақырыбы: Ферменттiк препараттардың халық шаруашылығындағы мәні

Орындаған: Әсен Тоғжан
Тобы: БТ-307
Тексерген: Мирашева Г.О.

Семей 2015
Жоспар:

1) Ферменттік препараттарды алу;

2) Ферменттік препараттардың қолданылуы;

3) Ферменттің техникалық препараттары.

Қазақстанда халықты медициналық және мал дәрiгерлiк мақсаттағы биопрепараттармен, сондай-ақ тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етуде едәуір күрделi жағдай қалыптасты. Соңғы бiрнеше жылда мал басының кемуi, егiстiк жерлер алқабының азаюы және азық-түлiк, мал азығы дақылдары өнiмдiлiгiнiң күрт төмендеуi салдарынан бiздiң елiмiз ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң едәуiр бөлiгiн сырттан әкелуге мәжбүр болуда. Шетел фирмаларына деген азық-түлiктiк тәуелдiлiк пайда болды, мұның өзi республика экономикасына терiс ықпал етедi. Бұрын Қазақстанның халық шаруашылығының дәрiлiк препараттарға, биологиялық белсендi заттарға, өсiмдiктердi қорғау құралдарына, тағамдық және мал азықтық қоспаларға деген қажеттiлiгiн бұрынғы КСРО-ның биологиялық өнеркәсiбi қамтамасыз етiп отырды. Республика жаңа саяси және экономикалық жағдайда өзiнiң әртүрлi мақсаттағы биопрепараттарға деген қажеттiлiгiнiң едәуiр бөлiгiн өз биотехнологиялық өндiрiсiн дамыту жолымен қамтамасыз етуi тиiс.
Ферменттік препараттарды алу үшін микроскопиялық саңырауқұлақтарды, сондай-ақ бактериялар мен ашытқыларды пайдаланады. Кейде техникалық ферменттік препараттарды алу ферментация процесін жүргізумен аяқталады. Мысалы, спирт өнеркәсібінде крахмалды қанттандыру үшін aspergillus niger сұйық культурасын қолданады, ол крахмал(1%) мен түрлі тұздар қосу арқылы спирттік бордта тереңдік культивирлеу әдісімен өсіріледі. Кейін оны сұйық күйде 10-12% мөлшерде қанттандырылатын заторға қосады. Бірақ культуральды сұйықтықтағы ферменттердің белсенділігі тез төмендейді. Сондықтан құрғақ техникалық ферменттік препараттарды алу кең таралған. Ферменттік белсендірек препаратын культуральды сұйықтықтан амилазаны ацетонмен тұндырып, одан кейін коагулятты 27-28˚С температурада кептіру арқылы бөліп алуға болады. Ферментті тұндыру үшін аммоний сульфатын жиі қолданады. Культуралды сұйықтықты алдын ала құрғақ заттардың мөлшері 40% жеткенше 40˚С температурада кептіріп алады. Коагулятты толықтырғышпен бірге кептіреді. Японияда тағамдық қажеттіліктер үшін ерекше крахмалмен өңделген культуралды сұйықтықтан ферментті адсорбциялау арқылы алынған амилазаның техникалық препаратын пайдаланады. Содан кейін амилазаны крахмалмен бірге лиофилизациялайды. Құрамында пектиназа болатын препаратты лимон қышқылы өндірісінің қалдықтары - aspergillus niger мицелийінен алады. Ол үшін оны кептіреді немесе экстракттан мицелийдің ақуызды фракциясын коагуляциялайды. Бұл препаратты жемістер мен жидектерді өңдеген кезде шырындарды ашық түстендіру және олардың шығымын арттыру үшін қолданады.
Микробты ферменттерді алу: Микрорганизмдердің биомассасы беткейлік (мицеллалы саңырауқұлақтар) немесе тереңділік дақылдандыру (бактериялар) жолымен артады. Әдетте бөтен микрофлораның түсуіне мүмкіндік бермейтін, залалсыздандыруды сақтап оқтынды тереңділік ферментацияны қолданады. Ферментациялық үрдістің соңында ферментті тұрақтандыру, ақуыз молекулаларын бұзылуынан сақтау мақсатында ортаның рН тұрақтандырып, дақылдық сұйықтықты 5°С дейін тез салқын-датады. Одан кейін жоғары жылдамдықта центрифугалап (сепарация) немесе тангенциальды фильтрден өткізген жағдайда дақылдық сұйықтық тығыз биомассадан ажырайды. Егер клеткадан тыс фермент болса, онда әрі қарай өңдеуде дақылдық сұйықтық түседі, егер клетка ішілік фермент болса, онда бөліп алу нысанасы ретінде клетканың массасы алынады.
Дақылдық сүйықтықты буланумен немесе ультрафильтрациямен концентрациялайды. Ферментті түрақтандыратын заттар қосады - ас тұзы, бензоат, сорбинат және т.б. Ферменттің биологиялық активтігін жоғалтпау үшін сақтандыру қоспалар қолданады (8Н - цистеин, глутамин, меркаптоэтанол қосылыстары бар). Ферментті экстракциялау және тазарту барысында одан уыттық және жағымсыз метаболиттері, микроорганизмдері алынып тасталынады. Одан кейін ферментті органикалық ерітіндімен (этанол, метанод ацетон, хлороформ, диоксан және т.б.), түздармен (аммоний сульфаты, натрий сульфаты немесе магний сульфаты, натрий ацетаты), сорбенттермен түнбалау немесе фракциялау арқылы бөліп алады. Ферменттің тазарту дәрежесі оның қолдану мақсаттарына бай-ланысты. Алынған экстрактіні диализбен, ультрафильтрациямен, мұздатумен тазартады. Егер ферменттер клетка ішілік болса, онда биомассаны бөліп, клетканы ультрадыбыспен, шыны түйіршіктермен үгумен, мұздату-еріту жолдарымен бүзады. Клетка қалдықтарын центрифугадан өткізіп айырып тастайды, нуклеин қышқылдарды ферменттермен гидролиздейді немесе катион-полиэтилениминмен тұнбалайды. Ферменттің активтігі стандартталады. Беткейлік дақылдандыру жағдайында субстрат ретінде соя немесе тары үны, сыра дайындау өндірісінен арпа ашытқысының өсіндісі қосылған дымқыл бидай кебектерін (56-65%) пайдаланады; рН 5,6-6,2; микроорганизмдердің аэрациясын және иммобилизациясын жақсарту үшін 10-20% қайыңның үгінділерін қосады. Дақылдандыру аяғында мицелийді бөліп алады, кептіреді, пигменттен ажыратады; ферментті органикалық немесе тұзды ерітінділермен экстракциялайды.
Ферменттерді тереңділік тазарту жағдайында ультрафильтрация, аффинді және ионалмасу хроматография қолданылады; фермент лиофилизацияланады. Бұл ферменттік препаратты қолданудың басты мақсатымен байланысты.
Жануар шикізатынан ферментті бөлгенде, арнайы машиналар-ұсақтаушылармен, диспергирлеудің, ұсақтау дәрежелерін қатал бақылауымен материалды үсақтайды. Егер микроорганизмдер дақылынан ферментті сулы экстракциялаумен ажыратса, жануар тіннінен үш түрлі экстрагенттермен ажыратады:
- қышқылдардың сулы ерітіндісімен, рН 1,0-2,0;
- тұздардың сулы ерітіндісімен, рН 7,0-8,0;
- органикалық ерітінділердің (этанол, ацетон, глицерин) концентрленген сулы ерітінділермен.
Қандай фермент алынатынына байланысты (липаза, амилаза, карбоксипептидаза, химотрипсин және т.б.) экстрагент де соған байланысты таңдалынады.
Ферменттік препараттарда активтікті, дымқылдықты, көмірсулардың, этанолдың, липидтердің, фенолдың, ауыр металлдардың түздарын, азоттың және ақуыздың мөлшерін тексереді.Ферментті препараттарды жиі сұйық немесе гранулалы формада шығарады.
Ферменттік препараттар белгілі талаптарға сай болу керек.
Тағамдық өндірісте кешенді ферменттік препараттар қолданған дүрыс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ферменттiк препараттардың халық шаруашылығындағы мәні жайлы
Ферменттiк препараттардың халық шаруашылығындағы мәні туралы
Ферменттiк препараттардың халық шаруашылығындағы мәні жайлы ақпарат
Ферменттiк препараттардың халық шаруашылығындағы мәні
Пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пестицидтердің улылығы
Ферменттермен жұмыс істеу әдістемесі
Шырын өндірісі
Биопрепараттар жайлы ақпарат
Сезімтал жүйке үштарын тітіркендіретін заттар
Пәндер