Жеке табыс салығының есебі



I. Кіріспе:
1.1 Жеке табыс салығы;
II. Негізгі бөлім:
2.1 Жеке табыс салығы. Төлем көзінен ұсталынбайтын жеке табыс салығы;
III. Қорытынды;
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін - жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің 6,6%-на жуығын алады. Салық объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу объектілері төлем көзінен салық салынатын та- быстар және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары болып табылады. Салық салу объектілері Салықтық кодексте көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен онда көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде анықталады. Салық салынатын объект болып табылатын табыстардың сомасы салық салынуға жатпайтын табыстардың сомасына кемітіледі.
Cалық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына мыналар жатады: жұмыскердің табысы; жеке тұлғалардың салық агентінен түсетін табыстары; жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақылық төлемдер; дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; стипендиялар; жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша табыс. Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша,салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді,ал табыс салығын ұстауды төлем көзіненсалық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді. Салық агенті салық төленген табыстар бойынша салықты аударуды телем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Салықтық кодексте көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген.
1. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет
2. Нұрсейтов Э.О., «Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп», «Лем» баспа
3. Тулешова Г. К. «Финансовый учет и отчетность
4. В.Ф. Палий «Международные стандарты финансовой отчетности» Инфра-М,
5. И. В. Аверчев, Е. Б. Герасимова, А. М.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 27 желтоқсан 1997 жыл ҚР Заңы "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік

7. «Бизнесті біріктіру» 3 Халықаралық қаржылық есептілігінің стандарты, 2004 Алматы

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ОӨЖ

Тақырыбы: Жеке табыс салығының есебі

Орындаған: Кабенова А.С
Топ:УА-303
Тексерген: Искакова М.С

Семей 2015 жыл

Жоспар:
I. Кіріспе:
1.1 Жеке табыс салығы;
II. Негізгі бөлім:
2.1 Жеке табыс салығы. Төлем көзінен ұсталынбайтын жеке табыс салығы;
III. Қорытынды;
IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Жеке табыс салығының есебі
4.1 Жеке табыс салығы
Жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін - жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің 6,6%-на жуығын алады. Салық объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу объектілері төлем көзінен салық салынатын та- быстар және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары болып табылады. Салық салу объектілері Салықтық кодексте көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен онда көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде анықталады. Салық салынатын объект болып табылатын табыстардың сомасы салық салынуға жатпайтын табыстардың сомасына кемітіледі.
Cалық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына мыналар жатады: жұмыскердің табысы; жеке тұлғалардың салық агентінен түсетін табыстары; жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақылық төлемдер; дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; стипендиялар; жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша табыс. Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша,салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді,ал табыс салығын ұстауды төлем көзіненсалық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді. Салық агенті салық төленген табыстар бойынша салықты аударуды телем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Салықтық кодексте көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген. Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына мүліктік табыс, дара кәсіпкердің табысы, адвокаттар мен жекеше нотариустардың табысы және басқадай табыстар жатады. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші салық кезеңі үшін төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына белгіленген мөлшерлемені колдану жолымендербес жүргізеді. 2006 жылдың ортасына дейін жеке табыс салығының мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша жылдық есептік көрсеткішпен анықталатын табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20 пайызға дейін белгіленген мөлшерлеме жұмыс істеді.
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушінің табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме белгіленген. Қазақстан Республикасындағы көздерден және одан тысқары жерлергі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.2006 жылдан Қазақстанда қолданылып келе жатқан практика жеке табыс салығын үйлесімді салуға жеткізді. Қазақстан Республикасының сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Сыбайлас жемқорлықка қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша мағлұмдама тұрғылықты жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Салық Кодексінің 155-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады. Ойын бизнесіне салықты, тіркелген салықты төлеушілер Салық Кодексінің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
Жеке тұлғаның:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;
2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық және салық салудың есебі
Салық міндеттемесінің есебі туралы
Бюджетпен есеп айырысу есебі
«АЗИЯ МАГИСТРАЛЬ»-ДЫҢ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ЕСЕБІ
Бюджетпен есеп айырысу есебі. Салықтар
Міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі
Салық міндеттемесінің есебі
Салықтың түрлері
Ұйымның экономикалық сипаттамасы мен салық есебінің ерекшеліктері
Бюджеттік есеп - айрысу есебінің түрлері
Пәндер