Топырақ өңдеудің «нөлдік» технологиясының теоретикалық негізі жайлы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Топырақ өңдеудің «нөлдік» технологиясының теоретикалық негізі

Орындаған: Абытайова Н

Тексерген: Сагандыков С. Н

Топ: АГ-213

Семей қаласы 2015-2016 жыл

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Нөлдік өңдеу технологиясы.

2. 2 Жылдам өңдеу технологиясы.

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Егіншіліктегі ең ауыры жəне маңыздылығы жағынан ерекше орын алатын агротехникалық шаралардың бірі - топырақ өңдеу. Оны ғылыми жəне өндірістік тұрғыдан алып қарасақ егіншіліктің негізгі фундаменті болып табылады.

Э. Рассел топырақ өңдеудің маңызын атай келіп, оның құнарлылығын арттыру үшін қолдан берілетін тыңайтқыштардан да зор екенін, өйткені тыңайтқыш беру арқылы топырақтың тек коректену режімін жақсартсақ, ал топырақты өңдеу арқылы оның ауа, жылу, ылғал жəне коректік заттар режімдерін қолайлы жағдайға келтіреміз деген еді.

Шынындада, тіршілік факторларының өсімдіктер үшін қолайлы қалыптасуы топырақ өңдеу жүйесіне тікелей байланысты. Топырақ өңдеу жұмысы дер кезінде жəне сапалы түрде жүргізілсе оның ылғалдық, жылулық, ауа жəне коректік заттар режимдерінің жақсы реттелуіне, яғни ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне жəне дамуына оңтайлы жағдай жасалады. Топырақты өңдеу арқасында оның жырту қабатының жағдайы, яғни тығыздығы, құрылысы, фитосанитарлық жағдайлары жақсарады.

Сонымен, топырақ өңдеу деп ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне қолайлы жағдай жасау үшін оған машиналар мен құралдардың жұмыс органдары арқылы механикалық əсер етуді айтады.

Нөлдік өңдеу технологиясы

Нөлдік өңдеу дегеніміз - топыраққа ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының жұмыс органдарымен əсер етпеу немесе тікелей тұқым себу.

Нөлдік өңдеу топырақтың гранулометриялық құрамы жеңіл, желі қатты соғатын республиканың ашық құрғақ далалық аймақтарымен оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс өңірлерінде жақсы нəтиже береді. Бұл дəстүрден тыс топырақ өңдеу тəсілінің негізгі мақсаты - танапта ылғалды барынша мол жинау, сақтау жəне оны тиімді пайдалану.

Топырақты нөлдік өңдеу Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, республиканың оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс өңірлерінде орналасқан Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ылғалмен қамтамасыз етілмеген тəлімі егіншілігінде қолданылады.

Топырақты нөлдік өңдеу тəсілдерін зерттеп, оны өндіріске кеңінен енгізіп жүрген В. Д. Двуреченский басқаратын Солтүстік-Батыс ғылыми өндірістік орталығы.

Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында бұл мəселемен Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік тнститутының ғалымдары шұғылдануда.

Топырақты нөлдік өңдеу олардағы арамшөптерді гербицидтердің көмгімен жою арқылы жүзеге асырылады. Бұл деген топырақты негізгі жəне егін себер алдындағы өңдеулерден өткізбей-ақ СЗС-2, 1А типтес дəнсепкішер сияқты машиналармен бірден егін себу.

Нөлдік технологияны пайдалану топырақтағы ылғалды жинау және сақтауға ғана емес, сонымен қатар топырақ құнарлылығы мен оның бірқалыпты болуына да мүмкіндік береді. Оны пайдалану барысында бірінші кезекте егістікте өсімдік қалдықтарының жиналуы мен бірқалыпты таратылуына да көңіл бөлінеді. Сабақты алдыңғы дақылды жинау міндетті түрде сабанды ұсақтағышпен жабдықталған комбайндармен жүргізілуі тиіс. Жинау науқанынан кейін ұсақталған сабан мен басқа да өсімдік қалдықтарының егістік бойынша БМЗ-24 түрлі тісті түренімен бірқалыпты тегістелуі жүргізіледі. Кейін тікелей себу алдында 7-10 күн бұрын әртүрлі арамшөптерді жою үшін егістікті глифосат заттары бар (Раундап, Ураган Форте, Стирап және басқалар, шығын нормасы - 1, 5-2, 5 л/га) гербицидтермен өңдеу жүргізіледі. Бұл егуді себу алды өңдеуін жасамай, арамшөптерден таза егістікте жүргізуге мүмкіндік береді, яғни топырақ ылғалы жойылмай, бірқалыпты өскіндер мен құрғақшылық жылдары жақсы өнім алуға жағдай жасалады.

Топырақты жылдам өңдеу.

Егіншілік пайда болған заманннан бастап бүгінгі күнге дейін топырақ өңдеу жылдамдығы ғылым мен техниканың дамуына байланысты өзгеріп отырды. Алғашқы кезеңдерде, əсіресе өткен ғасырдың 20-30 жылдары, жер өңдеу құралдарын аттың немесе ірі қара малдың күшімен жүзеге асырды, сондықтан жерді өңдеу жылдамдығы сағатына 3-5 шақырымдан аспады. Бертін келе егіншілікте ЧТЗ, ХТЗ, ДТ-54 сияқты шынжыр табанды тракторлар егіншілікте кеңінен қолданылды. Сондықтан, жер өңдеу жылдамдығы сағатына 6-7 шақырымнан 9-10 шақырымға жетті.

Көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері мен ғалымдардың зертеулері топырақы неғұрлым жылдам, өңдесе, солғұрлым еңбек өнімділігі артады, ал топырақты өңдеу сапасы сағатына 3-5 шақырым жылдамдықпен өңдегеннен кем болмайды, тіпті кейде артық болатындығын көрсетті.

Сонымен қатар топырақты жоғары жылдамдықпен өңдеу экономикалық жағынан тиімді, себебі машиналар мен құрал-жабдықтар, жұмыс күші, жанар-жағар майлар аз мөлшерде керек.

Топырақ өңдеу жылдамдығы бір орнында тоқтап қалған жоқ, əрі қарай өзгеріске ұшырады. Ауыл шаруашылығында қуатты К-700, К-701 дөңгелекті тракторлардың пайдалану арқасында топырақ өңдеу жылдамдығы сағатына 15-16 шақырымға жетті. Топырақты көрсетілген жылдамдықта өңдеу оның жақсы үгітіліп, өңдеу сапасының көрсеткіштері жоғарылайтындығын ғылыми-зерттеу мекемелерінің жұмыс нəтижелері көрсетті. Сөйтіп, топырақты жоғары жылдамдықта өңдеу барлық агротехникалық шараларды қысқа мерзімде орындауға, еңбек өнімділігін арттыруға, егіншіліктің мəдениелігін көтеруге мүмкіндік туғызды.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ өңдеудің «нөлдік» технологиясының теоретикалық негізі
Ландшафтқа бейімделген егіншілік жүйесінің биологиялық және техникалық сәйкестігі
Бидай өнімдерінің сақтау технологиясы
Арамшөптер және өсімдіктерді қорғау мәселелері
Инерциялы ротордың параметрлерін таңдаудың өндірістік зерттеулері
Шаруашылықтың топырақты-климаттық жағдайы. Астықжан ЖШС-нің қызмет нәтижелері
Дәнді дақылдардың морфологиялық ерекшеліктері
Ылғалды сақтау ресурстары технологиясы
Майлы зығырды өсіру технологиясы
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz