Пастерелез кезінде қолданылатын биопрепараттар жайлы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министирлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

Тақырыбы: Пастерелез кезінде қолданылатын биопрепараттар.

Орындаған: Советов Ж. Т.

Топ: ВМ- 201

Тексерген: Мұратбаев Д. М.

Семей-2015 жыл.

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Төзімділігі.
  3. Аурудың эпизоотологиясы.
  4. Ауру белгілері.
  5. Емі
  6. Иммунитет.
  7. Қолданылған әдебиеттер тізімі

ПАСТЕРЕЛЛЕЗ

Пастереллез немесе геморрагиялык септицелгия деп пастерелла микробтары қоздыратын ауруларды айтады.

Төзімділігі. Пастерелла 70-90 градустық температу-рада 5-10 минутта жойылады, 1-5 градус суықта ол бірнеше тәулік тіршілік етеді. Көңде, шіріген өлекседе микроб 1-3 айга дейін сақталады. Температурасы 5-8 градус суда 18 күнге дейін өлмейді. Туратүскен күн сәу-лесі оны 10-15 минутте қырады. Ашық ауада күн көзін-де кептіргенде пастерелла 48 сағатта өліп, ал жұғу қабі-летінен одан ерте айырылады. Топырақтың үстіңгі қыртьь сында пастерелла 7-8 күн сакталады, тығыздалмай үйілген көңде микроб 14 күннен аспай жойылады. 5 про­центик карбол қышқылының ертіндісінде пастерелла 5 минутта өледі, 5 проценттік әкте 4-5 минутта, 1 процент-тік күшәлада 5 минутта, 1 проценттік креозолда, крео-золды сабынды 1 минутта өледі 3 проценттік сода ерітін-дісінде, 50 градус ыстык болса, 3 минутта, 1 процента хлорлы әкте 10 минутта жойылады.

Аурудың эпизоотологиясы. Пастерелла койдың орга-низмінде ұзақ сақталады. Пневмониядан өлген қойдың ұшасында пастерелла табылды. Болгария ғалымы Илиев пневмония деп диагноз койған қойлардың 52 проценті-нен пастерелла тапты. 21 процент cay қойлардьщ тыныс жолынан пастерелла табылды. Көктемнің суық өкпек желі қойдыи өкпесін зақым етіп пастереллездің өршуіне себеп болады. Қой азығының жетіспеуі, сапасыздығы, кү-тімнің жайсыздығы, қойды әлсіретіп ауру шығуға себеп болады. Пастерелланың шығуына организмдердегі гель-минттердің маңызы бар. Қыста туған қозының күтімі на-шар болса, 75 проценті пастереллезден өледі.

Ауру белгілері. Пастереллездің жедел және жай өте-тін түрлері коздырғыштың жұғымталдық кабілетіне бай-ланысты болады. Жедел түрінде қойдың температурасы 41-42 градуске жетеді. Қой отынан қалады, дем алысы жеделдейді. Мойынын созып бір бүйіріне бұрып жатады. Танауынан іріңді сіңбірік ағады, көздері жасаурайды, жөтеледі. Алқымы және буындары іседі, кейінірек аяғы аксайды. Ондай мал 2-5 күнде өледі.

Жай турінің жасырын кезеаі 2-7 күнге созылады. Өкпесі закымдалады. Қойдың өкпесі сырылдап, жөтеле-ді, танауынан шырынды ірің ағады. Кейбіреуінде, бауыр түстары іседі. Тағы басқаларының іші өтеді, көздері бу-алдырланады. Кейде ауру белгілері көмескіленіп созыл-малы түрге (3 аптадан артық) айналады. Мұндай жағ-дай көбінесе сақа қойда кездеседі. Қой отынан қалады. Пыскыра береді. Көздері жасаурайды. Іші өтеді, әрең қозғалады, мықшияды. Мойынын созып жата береді. Біраздан соң пневмония дамиды, титығы жетіп арықтап өледі.

Ішінара саулықта желінсау пайда болады, ал олар-дың 15проценті өледі.

Емі. Ауырған жануарды бөліп алып, жылы, құрғақ үйшікке орналастырып, жұмсақ төсеніш төсеп, құнарлы жемшөппен коректендіреді. Микробтарға қарсы ем ретінде антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қолданады.

Пастереллезге қарсы гипериммунды қан сары суы жедел өткенсжағдайда, уақыт өткізбей, алғашқы белгілері біліне бастаған аурудың бастапқы кезеңінде пайдаланғанда ғана жақсы нәтиже береді. Оны бұлшық ет ішіне немесе көк тамырға дауалық дозасын екі есе артық мөлшерде пайдаланады. Сарысуды антибиотиктермен, сульфаниламид және симптоматиялық дәрілермен қосып қолданғанда жақсы нәтиже береді. Малдың күй жағдайын ескеріп емнің курсын толық жүргізу керек. Пастереллезбен ауырған құсты емдемейді.

Иммунитет. Пастереллезбен ауырып жазылған жауардарда 6- 12 айға иммунитет қалыптасады. Бұл аурудың алдын алу үшін бұрнғыы Кеңестер Одағында бірнеше өлтірілген вакциналар қолданылып келді, сиыр қой және шошқаның пастереллезіне қарсы преципитацияланған формол вакцина (авторы Н. М. Никифорова), сиыр мен буйволдың пастереллезіне қарсы Ажербайжан FЗ институтының гидрокись алюминий қоймалжың вакцинасы (авторы М. К. Ганиев), торайдың паратиф, пастерелез және диплококты септецемиясына қарсы консентрацияланған поливалентті формолвакцина, бөктірілген (эмульгированный) сиыр, бұйвол және қойдың пастерелезіне қарсы вакцина ( Н. М. Никфорова, А. В. Лукьянченко) бөктірілген шошқаның пастереллезіне қарсы вакцина ( Н. М. Никфорова, А. В. Лукьянченко) .

Вакциналарды аурудың алдын алу үшін немесе лажсыздан тұрақты сау емес жерлерде, ауру кенеттен тұтанып жедел өткен жағдайда немесе қауіп төнген аймақта қолданады. Преципитацияланған қоймалжың және концентрацияланған вакциналармен жануарларды екі рет егеді. Әлуетті иммунитет екінші рет еккеy соң 7- 10 күн өткенде қалыптасып, 6 айға дейін сақталады. Бөктірілген вакциналарды бір рет егеді, иммунитеттің мерзімі жылдан астам.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пастерелез кезінде қолданылатын биопрепараттар
Шошқалардың пастерелез ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Жануарлардың патологиялық анатомиясы. Пастереллез
Паратуберкулез
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде сүтқоректілердің паратуберкулезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде ірі қара малдың колибактериозының шарушылыққа тигізген зияны
Киіктер табиғат сыйы
Биопрепараттардың ауыл шаруашылығында маңызы
Биологиялық күрес тәсілінде қолданылатын биопрепараттар тобы
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz