Моңғол шапқыншылығының жағымды жақтары мен апатты зардаптары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 1 бет
Таңдаулыға:   

МОҢҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒЫМДЫ ЖАҚТАРЫ МЕН АПАТТЫ ЗАРДАПТАРЫ

ЖАҒЫМДЫ ЖАҚТАРЫ
АПАТТЫ ЗАРДАПТАРЫ
ЖАҒЫМДЫ ЖАҚТАРЫ: Моңғол өкіметтері сауда-саттық пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасайды, жер-жердің бәрінде почта және көлік қатынасы қызметінің тұтас жүйесін енгізді. Бұрын алыс қиянда жатқан халықтар арасында сауда және мәдени байланыстар орнатылады. Ұлыстар территорияларымен сауда керуендері, елшілік миссиялары ағылып жатады. Саяхатшылар ит арқасы қияндағы өлкелерге сапар шегіп, Еуропаға Азияның бұрын құлақ естіп, көз көрмеген елдері туралы мәліметтер жеткізеді. Моңғолдар далаға бір орталыққа бағынатын өкімет идеясын әкеледі, бұрын ұйымдасып көрмеген тайпалардың басын қосады. Көшпелі өмір тәртібін Шыңғысханның «Яссасына» сәйкес ретке келтіре бастайды., бұл кәдуілгі құқықтың жаңа жағдайға бейімделіп, бір жүйеге түсірілген жинағы еді. Кейін «Яссаның» нормалары қазақ заңдарының кодексі - «Жеті жарғыны» жасар кезде белгілі дәрежеде пайдаланылды. Мемлекеттіктің әлеуметтік ұйымы мен түрлерінің көптеген нормалары моңғол дәуірінен кейін Қазақстанда пайда болған мемлекеттерде қажетке асырылады. Моңғол жаулаушылығы Қазақстан жеріндегі этникалық процестер барысына қатты әсері болды. Қазақ хандығының құрылуына тікелей әсер етті. Шыңғысхан, оның ұлдары қазақ хандығындағы билеуші топ - қазақ сұлтандарының негізін қалады.
АПАТТЫ ЗАРДАПТАРЫ: Моңғол жаулаушылығы өзімен бірге өндіргіш күштерді күйретіп, халықты жаппай қыру нәубетін ала келеді. Қалалар мен қыстақтар, сарайлар мен мешіттер қиратылады. Суландыру жүйелері құрытылып, өңделген егіндіктер құлазып қалады. Сан мыңдаған қолөнер шеберлері құлдыққа айдалып әкетіледі. Халық жаппай ашығып, қайыршылыққа ұшырайды. Қанаудың бұрынғыдан да қатал рақымсыз түрлері орнайды. Моңғол басқыншылары өздері жаулап алған елдердің экономикалық және мәдени дамуын ұзақ уақытқа тұралатып тастайды. Қазақстанның егіншілік және қалалық мәдениетіне бұл ауыр соққы болып тиеді. Басқыншылық басталған сәтте қалаларды тікелей қиратып-құрту болған жоқ. Бірақ жер майысқан қалың қол Жетісу арқылы жүріп өтерде шапқыншылық үстінде жұртты жаппай талап-тонағандықтан да, облыстың шаруашылығына апатты әсерін тигізді. Қазақстанның шаруашылық, этникалық, мәдени жағынан бір-біріне және төңірегіндегі далаға әсер етіп, араласып-құраласып кетуіне әсерін тигізеді. Феодалдық қарым-қатынас енді ғана құрылып, қалыптаса бастаған мал өсіруші дала аудандарында моңғол жаулаушылығы феодалдық тәртіптің ескі әдет-ғұрыпты бүркеніш еткен ең бір артта қалған кертартпа түрлерін тұрақтандырып нығайтуға жол ашты.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда мемлекеті туралы ақпарат
Алтын орда мемлекетінің билеушілері
Қазақстан Монғол империясының құрамында
«Алтын орда» мемлекетінің құрылуы туралы
Монғол дәуіріндегі қазақ даласы
Шыңғысханның дүниежүзін жаулап алу саясаты және моңғол – татар шапқыншылығының тарихта алатын орны
Моңғол мемлекеті және оның құрылу тарихы
Моңғол-татардың Қазақстан жеріне басып кіруі
Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. Алтын Орда
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz