Пішенді сапалы түріндегі дайындаудың агротехникалық талаптары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІ

УНИВЕРСИТЕТІ

БАӨЖ

Тақырыбы : Пішенді сапалы түріндегі дайындаудың агротехникалық талаптары.

Факультет: Аграрлық

Группа: АГ-313

Орындаған : Ешенова Ж. Д

Тексерген: Сагандыков С. Н.

Семей 2015 жыл

Жоспары:

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Пішендеме туралы жалпы түсінік

2. 2 Кептірілген пішен

2. 3 Пішенді дайындаудың технологиясы

ІІІ. Қорытынды бөлім

IY. Пайдаланылған әдебиеттер

Пішендеме - көк шөптің нәрлігін сақтауға мүмкіндік туғызатын жемшөп дайындау әдісі. Пішендемеге қиын сүрлемделетін дақылдарды, әдетте, бұршақ тұқымдастарын салады. Пішендеме дайындау үшін шабылған көкті 45-55% ылғалдылыққа дейін дегдітіп, ор не траншеяға ұсақтап салып, мұқият нығыздап, ауа кірместей қымтап жабады. Бұл ылғалдылықта «физиологиялық құрғақтық» жағдайына енетін өсімдік торшасының су, яғни нәрін, ұстау күші бактериялардың сору күшінен басым түседі, де анаэробтық жағдайда олар ұзақ мерзім сақталады.

Соның нәтижесінде, бір жағынан пішен секілді құрғап қатаймаған (іріленбеген), екінші жағынан сүрлем секілді бүкілқанты ашытылып, қатты қышқылданбаған, тұщы (рН=5-5, 5), мал сүйсініп жейтін хош жеміс иісті азық дайындалады. Онымен қысқы мал азығыңда пішен мен сүрлемді алмастыруға болады. Бұршақ тұқымдастар көгінен дайындалған 1 кг пішеңдеменің жалпы қоректілігі - 0, 3-0, 4 а. ө. құрап, 70-90 г қорытылатын протеині болады.

Пішендеме дайындау технологиясы ору, орылған шөптерді шабылған жерінде немесе дестеде кептіру, кептірілген шөпті бірден турап жинап алу, тасымалдау, сақталатын орынға толтыра салу және нығыздап, ауа кірместей етіп жабу сияқты шаралардан тұрады. Пішендеменің сапасына негізгі шикізат қүрамындағы құрғақ зат, азықтық дақылдарды жинап алу кезіндегі өсу кезеңі, өсімдіктің туралау дәрежесі, шикізатты жинауға және тасымалдауға қажетті механикалық құрал-жабдықтар сақтау орнының түрі, күнделікті салынған шикізатты жабудың түрлі тәсілдері, оны сақтау орнынан алудың тәртібі сияқты көрсеткіштер едәуір әсер етеді.

Көптеген зерттеулер нәтижесінде, пішендеме дайындайтын шикізаттың қолайлы ылғалдылығының 45-55% дан аспауы керектігі белгілі болды. Оның ішінде бұршақ тұқымдастар үшін қолайлысы 45-55%, ал астықтұқымдастар үшін 40-55% болып есептеледі.

Жоғары сапалы пішендеме алу үшін азықтық дақылдарды тек шөптердің белгіленген өсу кезеңінде ғана жинау қажет.

Пішенді тез кептіру үшін оларды жаныштап алған жөн. Бірақ шөптің жапырағы мен гүлдері түсіп қалмауы үшін, оны бойындағы ылғалы кемінде 45-55% сақталатындай дәрежеде қопсытады.

Кептірілген пішенің жоғалтқан қатты заты 21%, азықтық өлшемі 42%, қорытылатын протеин 34% жетеді. Ал жауын шашымға ұшыраса, бұл шығын арта түседі. Пешенді шабындықта кептірудің тиімділігі-күн көз әсерінен пішендегі эргостиринен Д витамині түзіледі. Осыдан мал қыстан шыға

алады. Қосымша желдеткіш қолданып кептірілген пішен сапасы мен қоректілігі артады (протеин шығыны 1, 5 есе кемиді) .

Ылғалдылығы 15-17% дейін кемітілген кептірілген пішен сарайда қалқалы бастырмада престеліп сақталады.

Ботаникалық құрамын анықтау 100-300 г тексеріледі: дәмді өсімдіктер бұршақты өсімдіктер, әр түрлі азықтық шөптер, әлем шөп, жеуге жарамсыз шөртер, улы және зиянды шөптер (немесе 1% аспау керек Мемлекетік стандартты көрсету МС-87) .

Пішендеме құнарлылығы мен жұғымдылығы жағынан табиғи шөптерден кем емес. Пішендеме құрамында шөптің қуаттылығы мен құндылығы толығымен сақталады, ал ақуыз, каротин, қант және басқа да малға қажетті заттардың мөлшері барынша мол әрі азықтың жалпы қуаты шоғырланған құрғақтау шөп есебінде де өте маңызды. Әсіресе, өнімділігі жоғары малдарды азықтандыруда таптырмайтын мал азығы. Әлемдік тәжірибеде де мал азығын дайындау саласында пішендеме үлесі жылдан-жылға арта түсуде. Сүтті мал шаруашылығында сүрлемнің орны ерекше. Сүрлем қоректілігі жағынан балауса шөптерге жетеғабыл шырынды азық. Ең бастысы, кез келген мал сүйсініп жейді.

Пішендеме де, сүрлем де құра­­мын­­да мал ағзасына қажетті қорек­тер­­дің басым көпшілігі бар, малға өте жұғымды азықтар. Бұл азықтардың пішенге қарағандағы артықшылығы, дайындау және сақтау кезінде қоректік заттардың барынша сақта­луы, ал биологиялық сүрлеу үдері­сіне орай кейбір қосымша қоректік заттардың түзілуіне байланысты құндылығының артуы. Сонымен қатар, сүрлем кезіндегі қышқылдар әрекетінен азықтың дәмі кіріп, малға жұғымдылығы арта түседі. Сон­дықтан да пішендеме қыс мерзімін­де малға қажет шөп ретінде құнарлы азық болып есептеледі. Мысалы, пішендеме жеген малдың ағзасында оңтайлы қант-ақуыз теңгерілімі сақталады, сүтті мал шаруашылығында бұл ең басты проблема. Сүрлем ретінде азықтағы жалпы қуатының артуы және құрғақ заттың мол болуы, әсіресе, жоғары өнімді мол сүт беретін сиырлар үшін таптырмас азық.

Өндірісті жүргізу барысында сүрлем дайындаудың артықшы­лығы шөптегі азықтық қуат пен құндылығының барынша сақталуы. Мысалы, сүрлем дайындау барысында пішен дайындаумен салыс­тырғанда құрғақ заттың сақталуы екі есеге артық. Қоректік заттардың сақталуын сараласақ, пішендемеде қант толық сақталады, ал сүрлемде ол органикалық қышқылдарға ыдырайды. Мал азығын сүрлеудің өндірістік тиімділігі де зор, пі­шен­мен салыстырғанда екпелі егістіктің әр гектарынан алынатын қорек­тік

заттардың молдығы және азықтық бірлікке шаққанда жұм­салған шығынның өтемі жоғары. Мысалы, судан шөбінен пішен дайындағанда азық өлшемі 7, 8 центнер болса, сүрлем дайындағанда азық өлшемі 10 центнерден асады, ал пішендеме дайындалса 12 центнерге дейін жетеді. Сондықтан да республикадағы суармалы жерлерді мал азығы дақылдарын өсіруге тиімді пайдалану сүрлем немесе пішендеме дайындау арқылы ұтымды ұйымдастырған табыс көзінің қайнары.

Пішен дайындау технологиясы

Қысқа арналған мал азығы ретінде республикамызда негізінен әр түрлі шөптерден пішен, сүрлем және пішендеме дайындалады. Пішен дайындау технологиясы бойынша айтар болсақ, бос шөпті шөмелеу, маяға жинаумен қатар тайланған /пресстелген/, теңделген және орама шөп түрінде дайындалатыны белгілі. Пішен дайындаудағы кең таралған қарапайым технологияның бірі - бос шөпті маялап жинау әдісі. Қолданыстағы осындай пішен дайындау технологияларының негізгі кемшіліктерінің бірі - шөптің сабағы мен жапырағының біркелкі дұрыс кептірілмеуі, әсіресе, осы олқылық бұршақ тұқымдас өсімдіктерге көбірек тән. Пішенді әзірлеу барысында жапырақтарының қурап, түсіп қалуы астық тұқымдас дақылдарда 60 пайызды құраса, бұршақтұқымдас өсімдіктерде 70-80 пайызға дейін жетеді. Бұндай жағдайды табиғи жолмен кептірілген пішенді жинауда заманауи техникаларды қолданудың өзінде де шығынға тосқауыл бола алмайды. Ал, егер де жаңбыр жауып тұрған кезде өсімдіктің көк балаусасын пішенге дайындар болсаңыз құрамындағы қоректік заттардың азаюына, яғни ылғалдың шамадан тыс мол болуы микроағзалардың кері әсерінен шөп сапасының бүлініп, оның шіруіне әкеледі. Сондықтан да шөптен пішен дайындау, жем-шөпті әзірлеудің заманауи озық әдістерін қолдануға жағдайы жоқ, қолы қысқа шаруаның тіршілігі. Әрине, дала төсінде тайланған пішенді (орама немесе теңделген) дайындау бос пішенді маялаумен салыстырғанда техникалық-экономикалық жағынан қарағанда тиімдірек. Пішенді дайындаудың бұл түрін дұрыс және дер кезінде ұйымдастыра білсе еңбек шығыны мен дақылдардың жапырақтары және гүл шоғырларының түсуі 2, 0-2, 5 есеге дейін азаяды, сонымен бірге шөпті дайындау, тасымалдау, сақтау, әрі малға таратып беру шығындары айтарлықтай төмендейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пішенді дайындау әдістер жиынтығы
Ауыспалы шабындық
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Мәдімәр» өндірістік-бірлестік жерлерінде мал шаруашылығына берік мал азығы қорын жасау
Мал азықтарының қосымша көздері
Пішен дайындау технологиясы туралы
Егіншілікте мал азығын өндіру
Бір жылдық шөптер
Пішен дайындау технологиясы
Мал азықтарының жіктелімі
Шөпті дестеге жығу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz