Вирустарға химиялық, физикалық және биологиялық факторлардың әсері. Вирустық аурулардың патогенезі


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Аграрлық факультеті
БӨЖ
Тақырыбы: Вирустарға химиялық, физикалық және биологиялық факторлардың әсері. Вирустық аурулардың патогенезі.
Орындаған: Меллат Қ. Д.
Тексерген: Омарбеков Е. О.
Семей 2015ж.
Тақырыбтың мазмұны:
I. Кіріспе бөлім.
II. Негізгі бөлім.
1. Вирустарды консервілеу әдістері.
2. Жануарлардың вирустарға сезімталдығына әсер ететін факторлар.
3. Індет түрлері.
III. Қорытынды бөлім.
Қолданылған әдебиет тізімі:
1. Мырзабекова Ш. Б. Ветеринарлық вирусология: оқулық / Ш. Б. Мырзабекова. . - Алматы. : ҚазҰАУ, 2012.
2. Мырзабекова Ш. Б. Ветеринарлық вирусология практикумы: оқу құралы / Ш. Б. Мырзабекова. . - Алматы. : Білім, 2008.
3. Белоусова, Р. В. Ветеринарная вирусология: учебник для вузов / Р. В. Белоусова, Э. А. Преображенская, И. В. Третьякова. - М. : КолосС, 2007.
4. Госманов, Р. Г. Ветеринарная вирусология: учебник для вузов / Р. Г. Госманов, Н. М. Колычев. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Колос С, 2006.
I. Кіріспе бөлім.
Вирус (лат. vīrus - «у») - тірі организмдердің ішіндегі жасушасызтіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтердентұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин ( Н витамині ) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500 -дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300 -ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа) . Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді
II. Негізгі бөлім.
1. Вирустарды консервілеу әдістері.
Сынамаларды мүмкіндігінше тез вирустың инактивация процесі баяу өтетін жағдайы бар жерге орналастырады. Ол жағдай тууы үшін төмен температурамен қамтамасыз етуіміз керек. Бұл үшін резеңке тығынмен жабылған пат. материалы бар пробиркаларды арнайы салқындатқыш қоспасы бар термосқа саламыз (1, 2 суреттер) . Салқындатқыш қоспа ретінде тең мөлшерде құрғақ мұз (қатты көмірқышқыл) және этиль спирті (минус 71°С температура бірнеше күн сақталады) . Үш бөлігі мұз немесе қар және бір бөлігі ас тұзынан тұратын қоспаны да пайдалануға болады. Бұл кезде минус 15-20°С температураны ұстап тұруға болады. Консервация үшін мұздату орнына химиялық заттарды пайдалануға болады(тиімділігі төмен) . Соңғыларының ең жақсысы болып стерильді глицерин мен 0, 85%-ды ас тұзы(изотоникалық ерітінді) ерітіндісінің тең көлемдегі қоспасы есептеледі. Оған патологиялық материал салынады. Әдетте бұл қоспаны паренхиматозды ағзалар мен ұлпалардың кесектерін консервілеу үшін қолданады. Глицерин ерітінділері вирусы бар сұйықтықтар осы материалды жануарға, эмбрионға және жасуша өсіндісіне ерітілмеген түрде енгізу кезінде пайдасы. Глицеринді қолдану кезінде патологиялық материалды иммунофлюоресценция әдісімен зерттеу мүмкін болмайды. 18 Сондықтан сынама алғанда, патологиялық материалмен қатар люминесцентті микроскоппен зерттеу үшін заттық әйнекке дайындалып, бекітілген жұғындыныны да жолдайды. Кей жағдайларда облыс немесе ел ішінде сынамаларды жіберу, диагностикалық, ғылыми-өндірістік немесе ғылыми-зерттеу зертханалары арасында сынама алмасу қажеттілігі туындайды. Вирусты кей жағдайларда жұқтырылған жасша өсінділері түрінде жіберген ыңғайлы болады, себебі олар қатты салқындатуды талап етпейді. 19 Жасуша өсінділері температураның кенеттен ауытқуынан оқшаулағыш материал көмегімен сақталу керек. Жасушаларды көбіктену арқылы бұзылудан сақтау үшін пробирка немесе шөлмек ортамен толықтай толтырылуы керек. Міндетті түрде тығындардың усыз болуына, ііндегі зат ағып кетпейтіндей тығыз жабылуына назар аудауымыз қажет. Радиоактивті белгіленген вирусты немесе вирусқа қарсы антиденелер радиактивті тасымалдау қойылатын талаптарға жауап беруі қажет, сонымен қатар арнайы сіңіргіш қасиеті бар материал сынаманың сырт жағынан жаймен салқындауын қамтамасыз ететін оқшаулағыш құрал ретінде әсер ету керек. Клеткаларда организмнен тыс (in vitro) өсіру үшін оларға арнайы қоректік заттар қосылған нәр керек. Олар табиғи және жасанды (синтетикалық) болып бөлінеді. Табиғи қоректік орталар: 1. Дені сау малдан алынған қан сары суы. 2. Әртүрлі белокты азықтардан фермент арқылы алынған гидролизаттар. Оларға лактальбумин, казеин гидролизаттары және гемогидролизат жатады. 3. Синтетикалық қоректік орталарды тұзды ерітінділерге барлық белгілі амин қышқылдарын, витаминдерді, нуклеин қышқылдарының негіздерін, өсім факторларын, липидтердің қорын қосып жасайды. Ең көп қолданылатын қоректік орталар - l99 және Игл. Клетка өсінділері үшін қолданылатын қоректік орталар 2-ге бөлінеді: - сүйемелдейтін (поддерживающие) қоректік орта (құрамына қан сары суы кірмейді) . Бұндай орта клетканың қмір сүру қабілетін сақтайды; - өсіп-өндіретін (ростовые) немесе өсіретін қоректік орта (құрамында 5-l0% қан сары суы бар) . Бұл орта клеткалардың өмір сүруін, көбейюін қамтамасыз етеді. Синтетикалық қоректік орталарды жасайтын тұзды ерітінділер иондық, осматикалық қысым, т. б. көрсеткіштерін сәйкес теңдестіріліп отырады. Құрамында Са, Na, K, Mg бар мына тұзды ерітінділер қолданылады: Тироде, Эрл, Хенкс. Бұдан басқа клеткаларды бір-бірінен ажырату үшін трипсин, Версен ерітінділері де қолданылады.
2. Жануарлардың вирустарға сезімталдығына әсер ететін факторлар.
Зертханалық жануарлар дегеніміз тәжірибе жасау үшін арнайы питомниктерде немесе зертханада өсірілетін әртүрлі ұсақ жануарлар. Олар жұқпалы ауруларға балау қою (биосынақ), оған қарсы қолданылатын дәрілерді, балаулық сарысуларды, вакциналарды тексеру және клетка өсіндісін алу үшін қолданылады. Биологиялық тәжірибе жасауға 250 түрлі жануарлар қолданылады. Зертхана жануарларын омыртқалы және омыртқасыздарға бөледі. Омыртқалылар тобы ежелден қолданылып келеді. Алғашқы кезде тәжірибе үй малдарына жасалынған. Ақ тышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары тіпті l4 ғасырда белгілі екен. Бірақ зертханалық жануар деген ұғым l9 ғасырда ғана бекіген. Вирусология тәжірибесінде көбірек пайданылатын жануарлар: ақ тышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, қояндар, атжалмандар, иттер, маймылдар, балапандар. Қолданылатын жануар әр вирусқа сай таңданылады, әр малдың өмір жасы әртүрлі болады. Зертханалық жануарлар вивариде күтіледі. Вивариде жануар тұратын, ыдыс жаутын, азық әзірлейтін, қызметкерлер отыратын бөлмелер және қойма болады. Жануар тұратын бөлмелер жарық, іші де, ауасы да өте таза, жел қақтырып отыратын, қабырғалары мен едендері жеңіл зарарсызданатын жағдайда болулары керек. Әртүрлі вирустар жұқтырылған жануарлар бөлек-бөлек бөлмелерде ұсталынады. Су мен жем беретін ыдыстар күнде 3% хлорамин ерітіндісімен тазаланып, сумен жуылып отыруы қажет. Бөлмелерді l% ащы натриймен жуады. Вивариде жануар ұстау үшін барлық зоогигиена ережелерін орындау қажет, әр бөлмеде термометр, гигрометр болуы керек. Виваридағы ұсақ жануарлар темір торларда немесе шыны сауыттарда ұсталады.
3. Індет түрлері.
Малдың жұқпалы аурулары (аусыл, оба, қараөкпе, т. б. ) алдын алу шаралары ұйымдастырылмаса Індетке айналуы мүмкін. Індеттің ауыр-жеңілдігі мен ұзақтығы ауру қоздырғышының таралу жолына, дамуының жасырын кезеңінің мерзіміне, ауырған мал және ауруға бейім мал санына, мал күтімі мен Індетке қарсы шаралардың ұйымдастырылуына байланысты. Мал Індетінің пайда болуы мен дамуына әр түрлі табиғи жағдайлар (ауа райы, топырақ, т. б) және әлеум. -экон. жағдайлар әсер етеді. Одан басқа а. ш. құрылысы, мал ш. дамуының дәрежесі, әлеум. қиыншылықтардың (соғыс, мекен ауыстыру, ашаршылық, экон. дағдарыстар, т. б. ) әсері мол. КСРО тұсында мал ауруларының көптеген түрлері (оба, қараөкпе, маңқа, т. б. ) жойылып, сондай-ақ топалаң, жамандат, шошқаобасы, т. б. аурулар сирек ұшырасты. Індет жағдайы мал ш-ның экстенсивті түрінен интенсивті түріне көшкенде кеми түседі. Індеттің жыл сайын немесе бірнеше жылдан соң қайталанатын және белгілі бір жыл маусымында пайда болатын түрлері (топалаң, оба, шешек, аусыл, т. б. ) бар. Індет бірнеше сатыда дамиды: аралық сатыда ауру белгілі бір дәрежеде білініп, кең тарамайды. Індет алды сатысында ауру мал саны артып, Індет қоздырғышының кең таралуына қолайлы жағдай туа бастайды. Бұл кезде малдың иммунитеті кеміп, иммунитеті жоқ төлдер туады. Осы кезде Індет пайда болып, оның дамуы жеделдейді. Індеттің даму сатысында ауырған мал саны өте көп болады және оның жоғ. сатысында жаңадан ауырған мал саны артады. Індеттің бәсеңдеу сатысында жаңадан ауырған мал саны кеміп, малдың ауруға төзімділігі артады. Соңғы сатыда жаңадан ауырған мал байқалмайды, ауырған малдың көпшілігінде малдың көпшілігінде сол ауруға қарсы тұратын иммунитет қалыптасады. Ғылымның дамуына байланысты Індеттің пайда болуын болжау және оның алдын алу шараларын ертерек ұйымдастыру мүмкіндіктері туды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz