Маталардың құрылымдық түрлерін аңықтау



1 Бөз
2 Шыт
3 Миткал
4 Ішкиімдік маталар
5 Сұр мақта маталарының мінездемесі
6 Жүн маталардың топтасуы
7 Пальтолық жартылай жүнді маталар
8 Формалық арнайы киімдерді арналған жартылай жүнді маталар
9 Көйлектік жартылай жүнді маталар
Бөз мата тобы. 35 артикулға дейін ағартылған бөзден құралады, бұл топтың сызықтық тығыздығы бөз маталарымен бірдей. Шыт бөз матаның жоғары тығыздығы 124-тен 150 г/м2 дейін. Маталардың шығарулы ені стандарт бойынша: 75, 80, 85,95, 100, 115, 120, 125, 130, 140, 145, 150 см болуы керек. Бөз мата тобының құрамына арт. 281, арт. 286 ағартылған түрінде шығарылған балалар төсеніштері де кіреді. Олардың жоғары тығыздығы 84 г/м2 құрайды.
Шытқа қарағанда бөз қалың әрі ауыр мата. Бөз полотнолық айқаспамен шыттық жібіне қарағанда жуан-дау қарда жібінен тоқылады. Типтік бөздердің арқауын-дағы жібі 29 текс, негізі бойынша – 25 текс. Бөздің сызықтық толысуы негіз бойынша шыттыкіндей, ал арқау бойынша біршама жоғары. 1м2 бөздің массасы 140-160 г. Қолға бөз шытқа қарағанда ірі сезіледі. Тегіс боялған бөз арнайы киімдер мен төсемдік үшін пайдаланылады. Біржақты немесеекіжақты баспа сүреті бар бөздерді ерлер жейдесін, балалар костюмін, әйелдер кейлегін, перделер дайындау үшін пайдаланылады.
Жолақ түрінде баспа сүреті бар бөздер – адрас және алаша – шығыс халатын тігуге пайдаланады. Бөздердіқ өңделуі қатты, жылтыр, күміс тустес те болуы мүмкін. Бөздердің тезнологиялық қасиеттері шыттардың қасиеттеріне ұқсас. Бөз мықты, ептеп созылады. Жуғанда бөз арқау бойынша отырмайды. Негізгі бойынша отыруы шытқа қарағанда біршама жоғары (4-6%).
Маталарды өңдеу. Баданов К.И. Оқу құралы. – Алматы «Эверо», 2014. – 208б.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: Маталардың құрылымдық түрлерін аңықтау

Орындаған: Мансурова А.
Тобы: ТК-422
Тексерген: Муслимова Н.Р.

Семей 2015
Мазмұны
1 Бөз
2 Шыт
3 Миткал
4 Ішкиімдік маталар
5 Сұр мақта маталарының мінездемесі
6 Жүн маталардың топтасуы
7 Пальтолық жартылай жүнді маталар
8 Формалық арнайы киімдерді арналған жартылай жүнді маталар
9 Көйлектік жартылай жүнді маталар

Бөз
Бөз мата тобы. 35 артикулға дейін ағартылған бөзден құралады, бұл топтың сызықтық тығыздығы бөз маталарымен бірдей. Шыт бөз матаның жоғары тығыздығы 124-тен 150 гм2 дейін. Маталардың шығарулы ені стандарт бойынша: 75, 80, 85,95, 100, 115, 120, 125, 130, 140, 145, 150 см болуы керек. Бөз мата тобының құрамына арт. 281, арт. 286 ағартылған түрінде шығарылған балалар төсеніштері де кіреді. Олардың жоғары тығыздығы 84 гм2 құрайды.
Шытқа қарағанда бөз қалың әрі ауыр мата. Бөз полотнолық айқаспамен шыттық жібіне қарағанда жуан-дау қарда жібінен тоқылады. Типтік бөздердің арқауын-дағы жібі 29 текс, негізі бойынша - 25 текс. Бөздің сызықтық толысуы негіз бойынша шыттыкіндей, ал арқау бойынша біршама жоғары. 1м2 бөздің массасы 140-160 г. Қолға бөз шытқа қарағанда ірі сезіледі. Тегіс боялған бөз арнайы киімдер мен төсемдік үшін пайдаланылады. Біржақты немесеекіжақты баспа сүреті бар бөздерді ерлер жейдесін, балалар костюмін, әйелдер кейлегін, перделер дайындау үшін пайдаланылады.
Жолақ түрінде баспа сүреті бар бөздер - адрас және алаша - шығыс халатын тігуге пайдаланады. Бөздердіқ өңделуі қатты, жылтыр, күміс тустес те болуы мүмкін. Бөздердің тезнологиялық қасиеттері шыттардың қасиеттеріне ұқсас. Бөз мықты, ептеп созылады. Жуғанда бөз арқау бойынша отырмайды. Негізгі бойынша отыруы шытқа қарағанда біршама жоғары (4-6%).

Шыт
Шыт маталы топ. Бұл топтың аталуы маталардың өңдеу өндірісінде қолданылуын көрсетіп тұр. Бұл маталардың негізінен төсеніш, жастаныш үшін, ақ медициналық халаттар және де басқа жағдайларда қолданылатын ақ тығыз шат мата керек болғанда қолданылады. Ақ маталардың ақтығы 82% кем болмауы тиіс. Шыт маталарды келесі топтарға бөледі: бөз мата тобы, ағартылған маталар тобы, миткалды топ, мамандырылған топ. Шыттар балалар мен әйелдердің жаздық көйлектерін, блузкаларды, сарафандарды, ерлер жейдесін , халаттарды, шомылатын костюмдерді, түнгі жейделерді тігу үшін пайдаланылады.

Миткал
Миткалды топ. Шыт маталар тобына кіреді. Олар: мадополам, шифон, чальма, маль-маль сияқты 20-дан астам артикулдары бар мақта маталарынан тұрады. Өңдеу өндірісінде мадаполомдар сұр миткал матасыныңтолық ағарту жүйесімен өтуімен жасалады.
Ағартылған мадаполомдар және шифондар негізінен іш-киімдер тігу үшін және жеңіл көйлектертігу үшін қолданылады. Шифон маталарының сызықтық тығыздығы 11,,7 ден 15,7 тек-ке дейін. Мерсеризацияланған түрінде шығарылады, кейбір жағдайларда ашық түстерге боялады.

Ішкиімдік маталар
Ішкиімдік маталар тобы бөздік, миткальдік және прнайы болып бөлінеді. Бөздік шағын топқа бөз және полотнолар кіреді. Ішкиімдік бөз - құрылымы жағынан басқа топтағы бөздерге ұқсас, ағартылған мата. Олар ерлердің іш киімі үшін және төсек-орынға пайдаланылады. Тігіс өндірісіндеішкиімдік бөздер тігіп-пішкенге жақсы көнеді, шамалы тарқатылады. Миткалдік шағын топқа өңделмеген кезде миткал деп аталатын маталар кіреді. Миткалдар полотнолық айқаспамен тоқылады. Ішкиімдік миткалдар 18,5-15,3 текс карда жібінен ғартылып немесе ашық боялып шағарылады. Өнделуіне қарай миткалдар әртүрлі аталады. Жұмсақ өңделген миткал - муслин, жартылай қатты өңделгені - ішкиімдік миткал, дөрекі өңделгені - мадаполам деп аталады. Сызықтық толуы негіз бойынша 60% , арқау бойынша 45%, 15,3-11,7 текс тарақтық жіптен тоқылған жүқа шифон матасы миткалдық шағын топтарға жатады. Шифондар ағартылып немесекөкшіл, ақшыл көк, қызылт түске боялып шығады. 1м2 шифоннын массасы 110-114 г, ені 73-90 см. Мадаполамды негізінен төсек-орынға пайдаланады.
Муслин және шифонды әйелдердің және балалрдың түнгі жейделеріне пайдаланады. Миткалдар тіккенге күрделі емес, шифон ептеп тарқатылады, төсегенде қысайып кетіу мүмкін. Арнайы шағын топқа гринсбон, тик-ләстік кіредіолардан ерлерге жылы дамбал тігеді. Гринсбон шырша сияқты сынық саржадан жасалынады, жібі негіз бойынша 25 текс, арқауы бойынша 35,7 текс. Сызықтық толуы жағынан тик-ләстіктен төмен. Жуан жіпті пайдалану жоғары тығыздық пен бетінің нығыздығы арнаулы ішкиімдік маталарға мықтылық береді, оны үйкеліске төзімді етеді. Грисбон мен тик-ләстік ағартылып, қатты өңдеуден өтеді. Жайғанда қиындық болмайды, тіккенде ойылуы мүмкін. Арнаулы ішкиімдік маталардың негіз бойынша отыруы 6%-ке дейін.

Сұр мақта маталарының мінездемесі
Мақта маталы кәсіпорындар, әсіресе өңдеу өндірістері әр түрлі ассортименттегі маталар шығарады, олар таза мақта матала және аралас болады. 50% дейін жасанды немесе синтетикалық талшықтары бар маталар мақта маталы өндіріске , ал 50% жоғары болса - жібек өнеркәсібіне жатады.
Дайын маталарды шығару үшін шикізат ретінде сұр маталарды қолданады, оларды әр түрлі жүйдегі тоқу станоктары арқылы тоқыма өндірістері шығарады.
Тоқу станогының жүйесіне қарай сұр маталар ернеуінің құрылысымен ерекшеленеді: шөлмекті станоктарда шығарылған матаның біркелкі кернеуі, матаның өзінен кернеуі қалың болуы, СТБ және АТПР станоктарында шығарылған, П типті станокта шығарылған шашақты кесілген кернеу, сұр маталарды тоқу станоктары шағарғанда, бірнеше түрлі тоқымамен шығарады: тығыздалған тоқу, саржды тоқу, сатинді тоқу және қиын тоқу.
Мақта маталарын көбінесе тығыздалған тоқумен тоқиды, сатинді және саржды тоқулар аз қолданылады. Негізгі тоқулардың ішіне кіретін қиын тоқу көйлектік және бірнеше басқа маталарды шығаруға қолданады. Барлық сұр мақта маталар бірнеше көрсеткіштерге қарап ажыратылады.

Жүн маталардың топтасуы
Өндіру әдісіне қарай жүн маталары мауытылық және шұғалық болып бөлінеді. Мауыты маталар тарақтық жіптерден тоқылады. Бұл - тоқу өрнегі анық көрінетін, әрі жұқа, әрі жеңіл жүн маталар. Шұға маталар аппараттық жіптен тоқылады, сондықтан олар қалыңдау, ауырлау және де шаң тұрғыш. Шұға маталар жүндес, төсемі киіз сияқты, беті түкті болып келеді. Шұға маталар биязы жүннен тоқылған жұқа шұғалы және қыл араластырған жүннен тоқылған ірішұғалы мата болып еіге бөлінеді. Жұқа шұғалы матаға қарағанда ірі шұғалы қолға ірі және тікенекті болып сезіледі. Сауда прейскуранты бойыншажүн маталар өндіру әдісі мен талшықтың құрамы бойынша топтарға, ал қандай мақсатқа жұмсалуына байланысты - шағын топтарға бөлінеді.
Жүн маталар артикулінің бірінші цифры топты көрсетеді, яғни өндіру әдісі мен талшық құрамына сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоқыма материалдарының қасиеттері
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Сапаны анықтау әдісі
Киіз басу технологиясының жетістіктері
Синтетикалық тоқыма талшықтары
Материалдарды созу кезінде алынатын жартылай циклді және бір циклді сипаттамалар
Маталардың құрылымдық түрлерін анықтау жайлы ақпарат
Аяқ киім гигиенасы жайында
Маталар сапасының тұтынушылық көрсеткіштері
Киімнің түрлі құрамдас пакетіне гигеналық талаптар
Пәндер