Аяқталмаған өндірістің есебі жайлы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ОӨЖ
Тақырыбы: Аяқталмаған өндірістің есебі
Орындаған: Кабенова А. С
Топ: УА-303
Тексерген: Искакова М. С
Семей 2015 жыл
Жоспар:
- Кіріспе:Аяқталмаған өндіріс туралы түсінік;
- Негізгі бөлім:Аяқталмаған өндірісті есептеу және бағалау; Аяқталмаған өндірісті түгендеу
- Қорытынды;
- Пайдаланған әдебиеттер.
Аяқталмаған өндірістің есебі
1. 1 Аяқталмаған өндіріс туралы түсінік
Аяқталмаған өндіріс - технологиялық ерекшеліктің күшімен белгілі бір сәтте дайын өнімге айналмаған өндірістік ресурстар шығыны.
Бухгалтерлік есеп стандартты бухгалтерлік есепті қаржылық және басқару деп бөлуді және соған сәйкес орталық бухгалтерияның құрамын екі бухгалтерияға, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясына бөлуді көздейді.
Басқару бухгалтериясы 8010 - «Негізгі өндіріс», 8020 - «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8030 - «Көмекші өндірістер» бөлімшелерінің шоттарында жүргізіледі. Қалған шоттар қаржылық бухгалтерияда жүргізіледі.
Баланстық және басқа да есеп беруді жасау үшін әр бір есепті кезеңнің аяғында басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына аяқталмаған өндірістің қалдықтары беріледі. Аяқталмаған өндірістің құнын есепке алу үшін қаржылық бухгалтерияда 1340 - «Аяқталмаған өндіріс» бөлімшесінің мынадай шоттары көзделген: 1341 - «Негізгі өндіріс», 1342 - «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 1343 - «Көмекші өндіріс», шоттар.
Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына беру: 1341, 1342, 1343, - шоттарының дебеті бойынша 8010 - «Негізгі өндіріс», 8020 - «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 8030 - «Көмекші өндірістер» шоттараның кредиті бойынша бейнеленеді.
Келесі есепті жылдың басындағы аяқталмаған өндірістің 1341, 1342, 1343, шоттарында есепке алынған құны басқару бухгалтериясына беріледі. Ол операция жоғарыда аталған шоттардың кредитімен 8010, 8020, 8030 шоттардың дебеті бойынша көрсетіледі. Осылайша 1341, 1342, 1343 - шоттардың дербес маңызы болмайды. Олар аяқталмаған өндірістің құнын қаржы бухгалтериясында есепке алуға және оның қалдықтары туралы деректерді баланста көрсетуге арналған. 1341-1343 шоттар жай шоттар болып табылады, олар өнім түрлері, тапсырыстар, қайта жасаулар мен өндіріс сатылары бойынша талдамалық есебін жүргізуді талап етпейді.
1341-1343 шоттарда есепке алынған аяқталмаған өндірісті талдамалық есепке алу толық көлемде 8010-8030 шоттарда, яғни басқарушы есептің бухгалтериясында жүргізіледі.
Аяқталмаған өндірісті бағалау және есптеу. өндірудің барлық түрінен өтпеген және техникалық бөлім де, тапсырыс беруші де қабылдап алмаған аяқталмаған жұмыстар аяқталмаған өндіріске жатқызылады, ал олар бойынша жұмсалған шығындар аяқталмаған өндіріске жұмсалған шығындарды құрайды. Аяқталмаған өндірістегі шалафабрикаттың қозғалысы бойынша сандық жедел есебін диспечерлік - жоспарлау бөлімі, ал оның ақшалай түрінднгі есебін кәсіпорынның бухгалтериясы жүргізеді. Бұл есеп аяқталмаған өндірісте тұрған материалдардың, тораптар мен бөлшектердің жұмыстарын қадағалау және сақтау жағдайын, дайын өніммен аяқталмаған өндіріс арасындағы шығындардың аражігін дұрыс ашуды; аяқталмаған өндірістің кем шығуы мен артық шығуые, ақау мен өнімнің бөлімшілерде бүлінуін анықтауға және тиісті шотқа жататынына байланысты оларды есептен шығарып тастауға арналған. Өндіріте деталбдарды есепке алу бөлшектік-операциялық және бөлшек деп аталатын екі қағиды бойынша бөлінеді. Жеке өндірісте цехтардағы бөлшектердің жылжуы және олардың бір цехтан екінші цехқа берілуі есепке алу операциялары бойынша жүргізіледі. Бұл мақсат үшін маршруттық парақтар мен арнаулы карточкалар пайдаланылады. Жаппай өнім шығаратын және ірі сериялық өнімдер шығаратын өндірістерде цехтар бойынша аяқталмаған өндірістің қозғалысын егжей-тегжейлі есепке алу жүйесі қолданылады. Бұл үшін карточкалар немесе ведомостар ашылады, онда өндірісте бұйымдардың ақауы, жоғалуы және бүлінуі туралы мәліметтер болады. Дайындау цехтарда өндірісте жатқан бөлшектердің саны өнімді есепке алу деректері бойынша анықталады. Бөлшектердің қозғалысын есепке алуды жеңілдету мақсатында олардың цехтан екінші цехқа берілуін бір айлық карталар арқылы жүзеге асырады, ал бөлшектерді құрастыруға босату үшін - жинақтаушы ведомостар бойынша рәсімдеуге болады; жаппай өнім шығаратын өндірістерде бір ай ішінде құжаттарсыз ай соңында жедел есептеу мәліметтерінің негізінде жинауға босатылған бөлшектерді қадағалауға болады.
Аяқталмаған өндірістегі қалдықтар былай бағаланады:
- шығындарды толығымен дайын өнімге жатқызады, «Өндірісті әзірлеу мен игеруге жұмсалған шығындар», «Ақаудан болған шығындар», «Өндірістен тыс шығыстар» деген баптардан басқа калькуляцмяның барлық баптары бойынша іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша анықталады;
- дайындық дәрежесін (жаппай және сериялық өндірістерде) ескере отырып, тікелей шығындардың барлық баптары бойынша шығыс нормаларын негізге ала отырып қосымша және жалпы әкімшілік шығындар қабылданған базалық пайызы бойынша таратудың арқасында анықталады.
Тоқыма өнеркәсібінде аяқталмаған өндіріс қалдықтарын шикізат пен материалдар шығындарының құны бойынша бағалайды.
Жеке-дара өндірістегі аяқталмаған өндірісті әрбір аяқталмаған тапсырыс бойынша шығындарын есептеу жолымен анықтайды. Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы кәсіпорындарда түгендеу ерекшеліктері мен аяқталмаған өндірісті бағалау әдістері жеткілікті түрде баяндалған.
2. 2 Аяқталмаған өндірісті бағалау
Өңдеудің барлық түрінен өтпеген және техникалық бөлім қабылдап алмаған өнім, тапсырыс беруші қабылдап алмаған, аяқталмаған жұмыстар аяқталмаған өндіріске жатқызылады, ал олар бойынша жұмсалған шығындар аяқталмаған өндіріске жұмсалған шығындарды құрайды. Аяқталмаған өндірістегі қалдықтар былай бағаланады:
- шығындары толығымен дайын өнімге жатқызылатын “Өндірісті әзірлеу мен игеруге жұмсалған шығыстар”, ақаудан болған шығындар, өндірістен тыс шығындар деген баптардан басқа калькуляцияның барлық баптары бойынша іс жүзіндегі өзіндік құн бойынша;
- дайындық дәрежесін ескере отырып тікелей шығындардың барлық баптары бойынша шығыс нормаларын негізге ала отырып, қосымша және жалпы әкімшілік шығындар процент бойынша қабылданған базасына таратады.
Тоқыма өнеркәсібінде аяқталмаған өндіріс қалдықтарын шикізат пен материалдар шығындарының құны бойынша бағалайды.
Жеке-дара өндірісте аяқталмаған өндіріс әрбір аяқталмаған тапсырыс бойынша шығындарды есептеп шығару арқылы анықталады.
Аяқталмаған өндірісті есептеу
Аяқталмаған өндіріс қозғалысының сандық жедел есебін жоспарлау - диспетчерлік қызмет, ал ақша салымын - кәсіпорын бухгалтериясы жүргізеді. Өндіріске жұмсалған жартылай фабрикаттар шығындарын және олардан жасалған өнімді есепке алуда не жартылай фабрикатты, не жартылай фабрикатсыз нұсқасын пайдаланады. Жартылай фабрикатсыз нұсқа негізінен машина жасау кәсіпорындарында қолданылады. Оның ерекшелігі: бір операциядан екінші операцияға, 1 цехтан 2, цехаралық қоймаға берілген жартылай фабрикаттар бухгалтерлік есепте көрсетілмейді, оларды оперативті түрде есепке алады. Бұл нұсқа кезінде дайын өнімнің өзіндік құны дайын өнімге жатқызылған, осы өнімді өндіруге қатысқан барлық цехтар бойынша есепке алынған шығындар сомасынан тұрады. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алудың жартылай фабрикаттық нұсқасы кезінде дайын өнімнің өзіндік құнын ғана есептеп қоймайды, сонымен бірге өңделудің түрлі сатыларындағы жартылай фабрикаттардың өзіндік құны да есептеледі. Жартылай фабрикаттардың цехтан цехқа немесе қоймаға берілуі бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Жартылай фабрикатсыз нұсқадан айырмашылығы сол, мұнда шығындар басы артық заттар мен жартылай фабрикаттар тұрған орын бойынша есепке алынады. Жартылай фабрикатты нұсқа кезінде есепке алуды ұйымдастыру біршама күрделі болғанымен, алайда мұндай жағдайда Жартылай фабрикаттардың сақталуына бақылау жасауды күшейтеді. «Қазақстанға арналған бухгалтерия» конфигурациясында дайын өнімнің (қызметтердің) фактілі өзіндік құнының құрылымы, бітпеген өндіріс шығындарының құрылымы туралы деректер алу және де дайын өнімнің (қызметтердің) өзіндік құнының ауытқуларының жоспар-фактілі сараптамасын жүргізу мүмкіндігі бар. Бұл барлық деректерді өндірістік есепке алумен байланысты бірқатар мамандандырылған есептерді құру арқылы алуға болады. Мұндай есептер:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz