Қалдықтарды қауіпсіз жою мәселесі


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КАФЕДРАСЫ»

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

СӨЖ

Тақырыбы : Қалдықтарды қауіпсіз жою мәселесі

Орындаған: Баймагамбетова Т.

Топ: Эл - 217

Тексерген: Бейсебаев Ш. Т.

Семей 2015 жыл

Жоспар:

1. Қалдықтарды қауіпсіз жою мәселесі

2. Қалдықтардың түрлері

3. Улы химиялық заттарды анықтау тәсілі және онымен байланысты мәселелер.

4. Радиоактивтік қалдықтарды изоляциялау мәселесі.

5. Аз қалдықты өндірістік процестер

Отандық стандарт бойынша «Зиянды заттар классификациясы және ортақ қауіпсіздік талаптары», барлық өндіріс қалдықтары қауіптілігі бойынша 4 классқа жіктеледі: бірінші классқа - аса қауіпті, екінші классқа - жоғары қауіпті, үшінші классқа - орташа қауіпті, ал төртінші классқа -қауіптілігі аз қалдықтар жатады.

Егер де қалдықтарда сынап, калий хлорқышқылы, үшхлорлы сурьма, мышьяк оксиді және басқа да улы заттар болса, олар бірінші классқа жатқызылады.

Хлорлы никель, хлорлы медь болатын болса екінші классқа жатады.

Классификациялардың негізінде орталық жинақтау схемалары жасалады, оларды екінші ретті пайдалануға асыру және ол қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмауы қарастырылады. Барлық қатты өндірістік қалдықтарды 2 түрге бөлеміз :

1 улы қалдықтар

2 улы емес қалдықтар

Улы қалдықтар өзі бірнеше топқа жіктеледі, олардың кейбіреулері төменде көрсетілген:

құрамында мышьягы бар органикалық емес қатты қалдықтар және шламдар, сынабы бар қалдықтар, құрамында: қорғасын, цинк, сурьма, висмут, кобальт және т. б. қалдықтар;

құрамында фосфор және фторы бар қалдықтар мен шламдар, қолданысқа жарамайтын және тыйым салынған пестицидтер;

гальваникалық өндіріс қалдықтары;

мұнайхимия және мұнайөңдеудегі қалдықтар;

хромқұрамды қалдықтар, шламдар, темір карбонильдері бар қалдықтар.

Улы қалдықтарды жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың және көмудің тәсілдері мен тәртібі химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс, сонымен бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін, қоршаған территорияның ластануын болдырмауды және қамтамасыз етуі керек.

Құрамында улы заттары бар қатты қалдықтарды қоймада ұстауға, сонымен қатар өндіріс алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат етілмейді.

Өндірстегі қалдықтар түзілісінің көлемі

Полигондар

1 Жалпы мәліметтер

Қалдықтарды орталықтандырып жинау, жеткізу, яғни транспорттау, заласыздандыру және көму қалаларды санитарлы тазалайтын шаралардың бірі.

Улы қалдықтар түрлерінің және мөлшерінің көптігінен оларды залалсыздандыру экономикалық тұрғыдан алғанда тиімсіз. Бұл қалдықтардың химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты залалсыздандыру және жою қоршаған ортаға еш зиянсыз жүргізу болмайды, сондықатан осы улы өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандырып, көмуге арнайы аудандық полигондар ұйымдастырылады.

Қалдықтарды көму полигондары табиғи қорғаудағы ғимараттар болып табылады, ал орталық жинақтау, залалсыздандыру және утильденбейтін қалдықтарды сақтауға сақтауға арналғандықтан қорғалады. Полигон саны мен қуаттылығы әр ауданның техникалық-экономикалық есептеулерімен жүзеге асырылады

Полигонның құрамында келесі шаралардың қарастырылуы:

улы өндірістік қалдықтарды өңдеу заводтары (???сурет) ;

улы өндірістік қалдықтарын көму учаскелері;

арнайы улы қалдықтарды тасымалдайтын автокөліктерге арналған тұрақтар (гараж) .

Ескерту

1) улы өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу заводтары қалдықтарды жағу және физико-химиялық өңдеу үшін, оларды заласыздандырып улылығын төмендетіп, ерімейтін формаға дейін жеткізіп, көлемін азайту үшін қолданылады;

2) қалдық мөлшері 100мың т-дан аспайтын болған жағдайда, құзырлы органдармен келісе отырып, мұндай завод құрылысын жүргізбеуге рұқсат беріледі.

Полигонға қабылдамайтын қалдықтар түрлері:

эффективті әдістер арқылы металл өнімдерін және басқа да заттарды айыруға болатын қалдықтар;

радиоактивті қалдықтар;

регенерациялауға жататын мұнай өнімдері.

Полигонның жобаларында өнеркәсіптік қалдықтар жөнінде төмендегі ақпарат болуы керек:

1) өнеркәсіптік қалдықтардың болжанатын мөлшерінің саны мен сапасы (қауіптілік класы бойынша), олардың физикалық-химиялық, токсикологиялық және радиациялық қасиеттері жөнінде мәліметтер;

2) қоршаған ортаға өнеркәсіптік қалдықтардың әсер етуінің мүмкін салдарының сипаттамасы;

3) өнеркәсіптік қалдықтарды зиянсыздандыру, жою, көму мәселелерінің технологиялық шешімдері;

4) зиянды заттардан топырақты қорғау және бұзылған, ластанған топырақты рекультивациялау бойынша шаралар;

5) қоршаған орта объектілеріндегі зиянды заттарды анықтау әдістемесі.

101-административті корпус; 102 -қатты қалдықтарды термиялық заласыздандыру; 103 -сұйық қалдықтарды термиялық залалсыздандыру; 104 -суйық қалдықтар мен реагенттердің қоймасы; 105 - известь сүтін дайындау және кальций хлоридінің қоймасы сыйымдылығы 2´1000 м3; 106- азот-оттекті станция; 107, 107а - тазарту ғимараттары және арнайы машиналарды жуу; 108 - тұрмыстық-зертханалық корпус және КИП; 109- котельня; 110 - материалдар мен жабдықтар қоймасы; 111, 111a - автотаразы; 112 - өрт депосы; 113 - магазин; 115 - щеберхана жөндеудің блогы; 115а -орманкесу участогы; 116 - гараж; 118 - гараж; 119 - подстанция 35/10 кВ с распределительным устройством 10 кВ; 120 - автозаправочная станция; 121 - газораспределительный пункт; 122 - мойка автомашин; система; 124 - автопавильон

Полигондарды орналастыру

Полигондарды орналастыру үшін тұрғын үй, құрылыс нысандарынан аулақ, жақсы желденіп, су баспайтын жерде болу керек. Полигон айналасында 3000м-ден кем емес жерде санитарлы-қорғаныс зонасы ұйымдастырылу қажет.

Полигон кем дегенде 200м ауылшаруашылық нысандарынан, транзиттік магистральдарынан, орман массивтерінен 50м алшақ орналастырылады.

Көму орындары бас транспорт магистралінен алшақ болмай және сол магистральмен жолдар жақсы байланыстырылуы қажет.

Алаңдардың жетіспеушілігіне байланысты үлкен қалалардың маңайында қайта жүктеу станцияларын ұйымдастыру арқылы азайтуға мүмкіндік бар. Ол жерде қалдықтар іріктеледі, бөлшектенеді және түрлері бойынша жинақталады. Бұл әдіс қалдықтардың көлемін азайтады және алшақ полигондарға тасымалдап көмуге мүмкіндік береді.

Полигондардың учаскесі нашар фильтрленетін грунттармен орналастырылады(сары топырақ, сланцы, сугликок және т. б. ), олардың фильтрация коэффициенті 0, 1 см/с аспауы шарт. Грунттық сулар деңгейі олардың жоғары көтерілуі мөлшері көмілген қалдықтардан кем дегенде 2м-ден төмен болу керек. (Ережеге сәйкес, 7-15м)

Полигондарды орналастыруға рұқсат етілмейтін жағдайлар:

пайдалы қазбалар қорына жақын аумақта, құзырлы органдардың рұқсатынсыз;

активті карст зоналарында;

қар, лай көшкіні қауіптілігі бар және сель ағымдары бар жерлерде;

ауыз су қоры бар зона;

санитарлы демалу курорттарының маңайында;

көгалданған жасыл қала зоналарында;

ормандар, демалу орындарында;

органикалық және радиоактивті қалдықтармен ластанған аумақтарда .

Полигондардың қуаттылығы бір жыл ішінде қабылданған улы қалдықтар мөлшерімен(мың. т. ) айқындалады. Қалдықтардың мөлшері олардың көмілетін контейнерлердің массасымен қоса алынады.

Өнеркәсіптік улы қалдықтарды көмуге арналған полигондарды ұйымдастырғанда мынаған назар аудару керек:

Ø дұрыс таңдалған алаң:

Ø керекті инженерлік ғимараттарды қарастыру;

Ø қалдықтарды толтыру реттілігі;

Ø қоршаған орта мониторингі:

Ø биогаздың түзілуін, жинақталуын, тасымалдауын қадағалануы;

фильтраттың түзілуін, жинақталуын және жоюлуын бақылау.

Улы өнеркәсіптік қалдықтарын көму учаскелерінің территориясы арнайы жабдықталған картамен белгіленеді, онда улы өнеркәсіптік қалдықтар класс бойнша жіктеледі және қосымша ғимарттар мен үймереттер қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс қалдықтарының мәселелері
Қалдықтарды жою ережелері
Кірпіш қалдықтары
Ядролық апаттар
Арал, каспий және балхаш проблемалары
Ағаш өңдеудің технологиялық процестері
Қоршаған орта тұрақтылығы мен қауіпсіздігі
Тұрақты даму концепциясы
Экологияның экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі орны
Халықаралық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етілуіндегі қоғамдық-саяси ұйымдардың алатын орны теоретикалық-әдіснамалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz