Жасанды түсік немесе баласынан безгендер


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Жасанды түсік немесе баласынан безгендер

Заманның әлсіз буынын талқандап, сұрапыл сезімнің сергелдеңіне түскен заман-дастарымыз аз емес. Ойлан-бастан. солға бүрылған құрбыларымыз, болашақтың бетін өз қолдарымен қайта-руды да әбестік көрмейтін болды. Қолымен істегенді мойнымөн көтере бглген нар тулғалы жігіттеріміз де, ең айтулы сәт келгенде, таба-нын жалтыратып тайып тұру-дан аянбайтын дәрежөге жетті. Қазіргі қоғамға еіңген қасіреттердің қатары көбей-месе, азаймасы айқын. Сондай қатерлі індеттердің біріне айналған нәрсе - жасанды түсік жасату.

"Біз демократиялы қоғамда өмір сүреміз" дөгенді жиі желеулетеміз. Ал еркіндік еріккеннің ермегімен айналысу емес қой, Мемлекетімізде мол ақша табуды ғана мақсат тұтқан, беттерінен жалаңаш суреттерді түсірмейтін, жыныстық қатынас жөніндегі арзан мағлұматтарды төпелететін ақпарат қүралдары, аз емес. Мектеп қабырғасында жүрген балғын қыздарымыздың жүкті болып қалу оқиғалары етек алып бара жатыр. Бүгінгі күнгі оқушылар ара-сындағы жасанды түсік (жасату) көрсеткішін бақылап көрсек, осыдан бірнеше жыл бұрын бұл қадамға 15-18 жастағы қыз балалар барса, қазір олардың арасынан 12 жасар жасөспірімді де кезіктіруге болады. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі жасөспірім қыздардың 10 мыңнан астамы екінші мәрте түсік жасатқандар екен. Ислам дінінде баланы жарық дүниеге келмей жатып, жатырдан алып тастау адам өлтіргенмен тең. Аллаһ тиым салған некесіз қарым-қатынас, ұрлық, құмар ойын, алдау-арбау, басқаның хақына қол сұғу, зорлық-зұлымдық секілді күнәлардың қазіргі кезде кең етек алуының себебі дінсіздікте жатыр. Жасанды түсік жасату дегеніміз - аналық сезімнен мәңгілікке жұрдай болу деген сөз. Әйел көркі - құшағындағы сәби. Әйел бақыты - ана болу. Міне, дәл осы көрініс бүкіл әлемнің тірегі емес пе?! Құдайдың өзі әйелдерге мейірімді жүрек сыйлағанда, қалай ғана Жаратқанға қарсы шығып, өз баласын өлтіруге дәрмен табады екен?! Аң екеш аң да іштен шыққан баласын айнал-шықтап жүреді ғой . . . Сонда арамызда жүрген әйелдердің хай-уанда бар сезімге де жете ал-мағандары кездесетіні өкінішті. Деректерге көз жүгіртсек, жасанды түсік жасатқандардың ширегі асқыну салдарынан көз жұмады екен. Әр жасанды түсік жасатқан сайын әйелдердің денсаулығы нашарлай береді.

Ағзада ауыр өзгерістер пайда болады. Қайтадан бала көтеру немесө жүктілікті соңына дейін жеткізу мүмкіндігі төмендейді. Түсік жасатқанға дейін босан-баған әйелдерге қауіп көбірек болады. Өйткені, жүктілік кезінде ағза нәрестені дүниегө әкелуге дайындалады. Ал оны жасанды жолмен тоқтатқанда, ағзаның қайта орнына келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Егер бүрын босанған әйел болса, оның ағзасы ертерек қалыпқа түседі. Мүндай жағдайда алғашқы жүктілікті үзгендерге жар-ты жыл немесе одан да көп уақыт қажет болады. Тіпті бедеулікке ұшырауы да ғажап емес. Кесапаттың кесірі мүны-мен де шектелмейді. Етеккір қызметінің бүзылуы, имунитеттің төмендеуі, сүт бездерінің ұшынуы т. б. да кеселдердің түрлері

- ауыр қылмыстың бетін оңай жаба салмайды.

Елімізде жыл сайын жүз мыңдаған жасанды түсік жасалады екен. Масқара! Жүз мыңдаған жарық дүниенің есігін аша алмай кеткен бейкүнә сәбилер! Жүз мың-даған тағдырлар! Жүз мың-даған арын аяққа таптаған арулар мен қарабет қылмыс-керлер.

Ислам дінінде ананың қадірін бағалауға қатысты оның кәп балалы болуды қолдайтынын да айтса бола-ды. Жүктілікті болдырмауға арналған құралдарға ашық қарсы шығатын бірден-бір дін де осы Ислам діні. Пайғ-амбарымыздың хадисінде: "Жұмақ - ананың табанының астында" - деген. Ендеше, баласын бесікке бөлеп, "әлди-әлди" деп әндететін аналарға не жетсін. шіркін!

Біз "Қызға қырық үйден, тыйым", "Қыздың жолы жіңішке" деп тәрбиелейтін халықпыз. Қыз баласын инабаттылыққа баули білген үлттың ұрпағымыз. Бойжет-кен қызының оң босағадан құтты орнына аман-сау абыройымен қонғанын қадағалаған қазақпыз. Дегенмен, бүгінгі таңда сол үлттық тәрбиенің де тамыры сола бастаған "әттеген айлары" да кездесіп жатады.

Қоғамдағы белең алған дүрбелеңді бәсеңдету үшін, қүрсақтағы шарананың сау-лығынан бастағанымыз абзал. Дана қазақ: "Ел болам десең, бесігіңді түзе!" - дөп, бекер айтпаса керек-ті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасанды түсік туралы
Медицина қызметкерінің мәденилігі
Қазақстан Республикасында түсіктің алдын алу мәселелері
Жүктіліктің сонғы кезіндегі жасанды түсік
Аборт
XIII-XV ғғ. Қазақстан мәдениеті. Түркі жазуы
Түсік
Қазақ әдет-ғұрып заңдарындағы мұра мен мұрагерліктің қоғамдағы рөлі
Жалпы аборт жайында түсінік
РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz