Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жасау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атандағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс

Тексерген: Тезекбаева М. Ж.

Орындаған: Байботанова А.

ПХ-315 топ

Семей 2015ж

Аддиктивті қылық-әрекет (addictive behavior) - психологиялық күйді өзгертетін түрлі заттарды, соның ішінде алкоголь мен темекі шегу, оларға деген тәуелділік пайда болғанға дейін теріс қолдану. Аддиктивті мінез-құлық шығуына отбасы негізгі орын алады. А. Фрейд, Д. Винникота, М. Балинта, М. Кляйн, Б. Спока, М. Маллер, Р. Спиц еңбектерінде бала дамуына кері әсер ететін анасының баласын түсінбеуі мен қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы екенін көрсеткен

Тәуелді мінез- құлық өзіндік ауқымды әлеуметтік мәселені тудырады. Өйткені бұл формада мынандай негативті жағдайға ұшырайды: еңбекке жарамдығын жоғалтады, ортасымен жиі конфликтіге түсуі, қылмыс жасауы. Ежелден әр түрлі тәуелді мінез- құлық формаларын жат әдеттерге жатқызған, мысалға: алкоголизм, мөлшерден тыс тамақтану, азарттық ойындар және т. б. жатады. Қазіргі медицинада кеңінен қолданылатын патологиялық әдеттер термині бар, белгілі бір затты қолданылуда шектен тыс тәуелді немесе аддиктивті мінез-құлық таныту (ағылшын тілінен аударғанда addiction-бейім, теріс қылық деген мағынаны білдіреді) . Аддиктивті мінез-құлық тұлғаның девиантты мінезінің бір түрі. Қазіргі кезде тәуелділіктің мынандай түрлері тараған:

1. Психоактивті заттар.

2. Алкоголь

3. Тамақ.

4. Әртүрлі ойындар.

5. Жыныстық қатынастар.

6. Діни ошақтар

Тізбектелген объектілерден келесі тәуелді мінез-құлық формалары көрсетіледі:

- химиялық тәуелділік (темекі шегу, таксикомания, анаша шегу, дәрі- дәрмек, араққа кұмарлық) ;

- тамақтанудың бұзылуы (мөлшерден артық тамақтану, аш болу, тамақтан бас тарту) ;

- гэмблинг-ойынға тәуелділік (компьютерге тәуелділік, азартты ойындарға құмарлық) ;

- сексуалды аддикция (зоофилия, фетишизм, пигмалионизм, трансвестизм, эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомазохизм) ;

- діни деструктивті мінез-құлық (религиоздық фанатизм, сектаға бару) ;

- заманның өзгеруіне байланысты тәуелді мінез-құлқының жаңа бір формалары етек алуда: бүгінгі күні компьютерлік тәуелділік кең жайылуда. Сексуалды мінез-құлық нормаға сәйкес болады, егер ол:

- екі жақты келісіммен;

-кәмелетке толғандармен;

- тірі адамға бағытталса;

-девианттілік белгілері болмаса.

Онда сексуалды мінез-құлықтағы ауытқушылықтарды былай бөлеміз:

1) қылмыстық сексуалды әрекеттер (зорлау, жезөкшелік, балаларға бағытталу)

2) сексуалды девиациялар (жануарлармен жыныстық қатынасқа түсу, садомазахизм, фетишсекс т. б. )

3) маргинальды мінез-құлық (промисуитет, нудизм, гомосексуализм)

4) жалпы қабылданған сексуалды мінез-құлық(ересектердің келіссіммен гетеросексуалды мінез-құлқы)

Аддиктивті (тәуелділік) мінез-құлық тұлға ауытқушылықтарының бір формасы, ол бейімделу мен өзін реттеу мақсатында белгілі бір нәрсені мөлшерден тыс қолдану. Әртүрлі тәуелділік формалары бір түрден екіншісіне немесе қатар байланыста ұстауы жүреді. Мысалы: темекі шегуші көп жылдардан кейін шылымнан бас тарту кезінде тамақтануға құмарлана түседі. Тұлғаның тәуелділік мінез-құлқы психофизиологиялық қалыптың өзгеруімен сипатталады. Сырттай бұл көрініс өз- өзімен күрес, өз-өзіне бақылау жасаудан арылу есебінде көрінеді Аддиктивті мінез-құлық бірден пайда болмайды, ол үздіксіз процесс процесс, тәуелділіктің дамуымен қалыптасады. Аддикцияның бастапқы кезі, индивидуалды ағымы және аяқталуы болады. Мысалға, анашаға тәуелділік келесі стадияларда жүруі мүмкін:

1) Анашамен танысу эпизодтық қолдану фонында, өзін бақылай алу кезінде жүреді.

2) Біртіндеп өзін бақылау үстінде ұстай отырып, тұтынудың тұрақты индивидуалды ритмі қалыптасады. Бұл кезең психологиялық тәуелділік болып есептеледі, өйткені мұнда объект шынымен де белгілі бір уақытта психофизиологиялық қалыпты жақсартады.

3) Максималды дозаны қолдана отырып, уақытын жиілету. Физикалық тәуелділік толығымен өзін бақылаудан айырылады. ләззат әкелуден қалады, тек оны ауруды сезінбес үшін қолданады.

4) Әлеуметтік құлдырау (дозаның жоғары болуы, суицид, СПИД, т. б. ) Тағы бір тәуелділік мінез-құлқының ерекшелігі оның циклділігінде. Бір циклділігінің фазалары:

- аддиктивті мінез-құлыққа іштей дайындық;

- қызығушылығының артуы;

- аддикция объектісін белсенді іздеуі

- объектінің алуы мен жетудегі ;

- босаңсу;

- тыныштық алу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы мәлімет
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы ақпарат
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы ақпарат
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайында
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Қазақстандағы жастардың девианттық мінез - құлықының статистикалық мәліметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz