Мемлекетті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы(эссе)


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қалалық Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Мемлекетті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы(Эссе) .

Топ: ГУ-307

Тексерген: Самиева Г. Т.

Орындаған: Айбатырова Ж.

Семей 2015

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде болып жатқан тарихи, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістер барысында еліміздің саяси тарихына деген қызығушылық күн санап арта түсуде.

Қазіргі Қазақстан Республикасында да алып отырған биліктің бөліну жүйесі, атқарушы биліктің басым түсуі мен призиденттік институттың күштілігі бүгінгі саяси ахуалға жауап беретін жүйе деп айтуға болады. Бұл жерде қандай да болсын құрылымның дұрыстығын дәлеледейтін - одан шыққан нәтиже болып есептеледі. Бүгінгі Қазақстан мемлекет топтаса және жұмыла білетін атқарушы билікті күшейту арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған күрделі экономикалық реформаларды жүзеге асырады. Бұл ақиқат. Билік тұтқаларын бір қолға жинамай, реформаларды орталықтандыру және нәтижені жүзеге асыру мүмкін емес.

Басқару құрылымы деп қызметтің атқарылуы мен дамуын қамтамасыз ететін, тәртіпке келтірілген, өзара тұрақты байланыстардың біртұтас элементтер жиынтығын айтады.

Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына, қойылған міндеттер мен мақсатқа жету жолдарын көрсететін функцияларға сәйкес, басқару процесі шеңберінде жүзеге асырылатын басқарушылық әрекетінің бөлісу формасы мен кооперациясы деп түсінік беруге де болады. Бұл тұрғыдан басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын, оның құрамына кіретін органдар мен онда қызмет атқарушы адамдардың өзара байланысты міндеттерін атқаруды, құқықтары мен жауапкершіліктерін ең қолайлы бөлісу жүйесінің түрі деп те атауға болады.

Басқару элементтерінің байланыс қатынастары деңгейлері мен өкілеттіктері - оның құрылымының ең басты, негізгі түсініктері.

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының элементтері жеке жұмыс істеушілер (бастықтар, мамандар, қызметкерлер), сол сияқты, белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайтын басқару аппаратының органдары немесе осы аппаратта қызмет атқаратын мамандар болуы мүмкін.

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының мамандану элементтерінің екі бағыты бар.

  • Біріншіден, ұйым бөлімшелерінің құрылым құрамына байланысты маркетингті жүзеге асыратын басқару құрылымының, өндіріс менеджментінің, ғылыми-техникалық процестің тізбектері өзара ажыратылады.
  • Екіншіден, функциялардың жалпы сипаттамасына байланысты жоспарлаумен шұғылданатын, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыратын, ұйымда барлық процестерді бақылайтын, басқару процесінің міндетін орындайтын органдар қалыптасады.

Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Оның құрылымы:

  1. Президент
  2. Парламент
  3. Үкімет
  4. Конституциялық Кеңес.
  5. Соттар және сот төрелігі.
  6. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.

Ал Атқарушы биліктің басты міндеті - заңдардың орындалуын қамтамасыз ету. Бұл міндет әртүрлі басқару нысандарында жүзеге асырылады.

Басқарудың әкімшілік - құқықтық нысаны - бұл атқарушы органның (лауазымды тұлғасының) өз құзырлығы шегінде жүзеге асырылатын және нақты салдарлар тудыратын, оның әрекетінің сырттай көрсетілген әрекеті.

Қазақстандағы қазіргі әкімшілік-мемлекеттік басқарудың басты сипаттары мынадан көрінеді:

  1. Мемлекеттік басқаруды тиісті саладағы істің жай-күйіне жауапты арнайы мемлекеттік орган жүзеге асырады.
  2. Мемлекет басқару барысындағы басты бағыты - заңдар мен басқа да нормативтік актілерді орындау.
  3. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, алайда мемлекеттік атқарушы органдардың, мемлекеттің үкіметтік органдарынан айтарлықтай тәуелсіз. Бұл тәуелсіздік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну. Олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асыралатындығы және олар Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген.

Басқаруды ұйымдастыруда матрицалық құрылымдар алуан түрлі болады: жобаны басқару, уақытша мақсатты топ, тұрақты кешенді топ. Құрылымдардың әр түрінің қолдану саласы, артықшылықтары мен кемшіліктері айтылады. Сызықтық ұйымдық құрылым бюрократиялық құрылымдарының ең қарапайым түріне жатады және онда орталықтандыру мен жеке басқару принциптері іске асырылады. Басшы барлық өкілеттілік иесі және басшылықты тек өзі ғана атқарады. . Басшы өз қоластындағы объектіге толық жауапты болады. Әр бағынушының бір ғана басшысы болады. Ал әр басшы басшылық нормаларына сәйкес, бірнеше бағынушыларға билік ете алады.

Сызықтық құрылым өндіріс концентрациясының дәрежесін, технологиялық ерекшеліктерін және шығарылатын өнім түрлерін есепке ала отырады.

Ұйымдық құрылымдардың сызықтық- функционалдық үлгілері фабрика- зауыттың өндіріс кезінде пайда болады және өндірістің күрделенуі мен сыртқы ортаның “ұйымдық реакциясы” болды.

Сонымен қатар, орталықтандыру және орталықсыздандыру - қабылдаған шешім құқықтарын шоғырлауын көрсетеді. Орталықтандыру жоғарғы деңгейлі басшылықтың құқықты шоғырландыруды болжау, ал орталықсыздандыру - өкілеттік делегирлеудің иерархиялық баспалдақ бойынша төмен түсуі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аткарушы билік органдарының түрлері
«Персоналды басқару» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Мемлекетті басқарудың тәсілдері
Мемлекеттік басқарудың мәні
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Мемлекеттік басқару нысандары
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz