Ірі қара малының гигиенасы. Суалтылған сиырлар мен құнажындардың гигиенасы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ірі қара малының гигиенасы
Тобы: ВМ - 305
Дайындағаан Манарбеккызы
Тексерген: Садуакасов. М. С
Семей 2015
Жоспар:
- Ірі қара малдарының гигиенасы
- Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері
- Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері
- Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы
- Суалтылған сиырлар мен құнажындардың гигиенасы
- Сиырларды бұзаулату гигиенасы
- Бұзаулардың гигиенасы
- Еттік тұқымдық бұзауларды өсірудің гигиенасы
- Бұқаларды күтіп-бағудың гигиенасы
- Сүт өндіру гигиенасы
Ірі қара малдарының гигиенасы
Ірі қара малдарының қораларын жобалап-салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және ветеринариялық-санитариялық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.
Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі.
Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитариялық проблема малдарды әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады.
Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байланысты, оларға арналған шаруашылықтар:
- Тұқымдық - мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға арналған;
- Өнімдік - ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шаруашылықтар;
- Мал басын толықтандырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және бордақылау бағытындағы шаруашылықтар;
- Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен айналысатын шаруашылықтар.
Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері
Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін арттырып, олардан алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасын жоғарлатуға бағытталған әртүрлі азықтандыру, суару, орналастыру, байлау, жаю т. б. технологиялық тәсілдердің жинағы - малдарды ұстау жүйелері деп аталады.
Малдарды өсіру қарқынына жер орайы, ауа райының ерекшеліктеріне байланыстыра отырып ірі қара малдарын ұстаудың мынандай жүйелері болады.
- Қолда тұрғызып-жайып ұстау. Бұл жүйе көбінесе сүт өнімін өндіруге арналған шаруашылықтарда кең таралған, себебі ветеринариялық гигиеналық тұрғыдан қарағанда бұл жүйеде ұстау кезінде малдардың физиологиялық ерекшкліктеріне сәйкес келеді де, мал организмінің табиғи төзімділігін арттыруға мүмкіншіліктер туып, малдың өнімділік қасиеттері жоғарлайды. Мұндай жүйемен ұстау кезінде сиырлардың қозғалысы шектелмей, денедегі зат алмасу процестерінің жоғарлауына, күн сәулелерінің оң әсерлері тиіп, белокқа, витаминдерге және миниралды заттарға бай азықтарды қабылдауына қолайлы жағдай жасалады. Әсіресе, малдарды еркін жаю кездеррінде олардың ауа райы қолайсыз мезгілдерде қолда тұрғызып ұстаған уақыттарда кейбір физиологиялық процесстерінің төмендеуі қалпына келіп, малдардың күйлері жақсарып, өнімдерінің молаюына әсерін тигізеді. Онымен қоса малдарды жайылымға шығару мезгілдерінде қора маіайының санитарлық жағдайын жақсартуға, әртүрлі жеңіл құрылыс жұмыстарын жүргізуге, ішкі технологиялық жабдықтарды реттеп тазалауға, қора, ауыл маідарына дезинфекциялар жасауға, сөйтіп мал қораларының мезгілінен бұрын тозып, істен шығып қалмауына әсері болады.
- Қолдан тұрғызып ұстау. Мұндай жүйе ірі қара малдарын көбінесе жайылым жерлері жоқ, немесе малдарды көптеп-топтап шағын жерлерде ұстағанда және аз уақыт ішінде малдарды қарқынды жолмен күтіп семірту мақсатында пайдаланады. Жаз айларында сиырларды жаюға шығармай тұрғызып ұстап, дайындалған көк шөптерді шауып әкеп орнында азықтандырады.
Шағын жерлерге малдарды топтандырып тұрғызып ұстау кезінде малдардың қозғалысы шектеліп, олардың физиологиялық қасиеттеріне теріс әсерін тигізбеу үшін, мұндай жүйемен күтіп-бағуға өте жоғарғы ветеринариялық-санитариялық талаптар қойылады. Ірі комплекстерге ірі қара малдарының кейбір бөліктері қарқынды технологиялық жағдайда ұстауға толықтай бейімделе алмай өнімділік көрсеткіштерін төмендететіндігі дәлелденген. Ондай жағдайда кездесетін малдарды жиі орын ауыстырып отыруы, өндірістік шулардың пайда болуы, қозғалыстарының аз болуы, біркелкі типті азықтандырудың нәтижесі малдың мінез-құлқына жағымсыз әсер етіп, сүтінің азаюына апарып соғады.
Сондықтан малдарды қолда тұрғызып ұстау кезінде оның жағымды әсерімен қоса кемшіліктері де, яғни малдардың қозғалысы азайып, денсаулығы төмендеп, жалпы организмі әлсіреп, әртүрлі ауруларға ұшырағыш болуы және күтіп-бағуда санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін кемшіліктердің жиі жіберулері кездеседі.
- Жайып ұстау жүйесі- кезінде малдар жылдың барлық мезгілдерінде де жайылымды пайдаланады. Шаруашылықты экстенсивті жолмен дамыту кезінде - көбінесе табиғи және жайлау шабындықты жерлерді пайдаланса, интенсивті даму тәсілінде-мәдени жасанды жайылымдарды қолданады.
Жайып ұстау жүйесін жайылым аймақтары мол жер орайы қолайлы, ауа райы жылы шаруашылықтарда пайдаланады. Ондай кездерде малдарға арнап күрделі құрылыстар қаралмай, тек жауын шашындардан, өткір күн сәулелерінен сақтау мақсатында жергілікті арзан материалдардан жеңіл-күрке, жылыландырылмаған типті қоралар қаралады.
Сүт өнімін өндіретін шаруашылықтарда табиғи жайылымдардың ортасына, немесе жасанды шабындықтар маңайына, арнайы жылжымалы немесе тұрақты орындар, байлауыштар, азық, су науалары қаралып, сүт алып өңдейтін құрылымдар орнатылады.
Ірі қара малдарын ұстау жүйелерінің негізіне байланысты әртүрлі тәсілдер қолданады.
Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері
Ірі қара малдарына арналған қоралар мен олардың ішкі технологиялық процесстердің жабдықталуы тек мал басы мен олардың физиологиялық ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, оларды ұстау тәсілдеріне де қатысты болады.
- Ірі қара малынтұрғызып байлап ұстау кезінде салынатын қоралар үнемді және барлық қаралатын технологиялық процесстерді жүргізуге қойылатын талаптарға сай болуын қадағалайды.
Бетонды едендер - берік, төзімді болғанымен қатты, жатуға жайсыз, суық болады да, оларды азық-көң жолдарына, кейбір азық дайындау, сүт өңдеу бөлмелеріне, зертханаларда т. б. жерлерге төселеді. Егер малдар жататын орындарында бетонды едендер болса, оның үстіне торкөзді ағаш еденшелер немесе қалың төсеніштерсалып қояды. Кейінгі кездерде бетонды едендерді жылылау үшін асфальтты немесе резиналы жапқыш төсеніштер қолданады.
Асфальтты едендер - серіппелі-жұмсақ, тайғанақ емес, су өткізбейді, жылу өткізгіштігі шамалы, тазалау, дезинфекциялауға жеңіл және оңай өңдеуге жатымды. Мұндай едендер сиыр қораларда, ұрықтандыру пунктерінде ветеринариялық объектілерде қолданылып, тасты, қайыршақты едендердің үстіне төсеп өңдеуге пайдаланады. Асфальтты едендердің кемшілігі сыртқы әсерлерге әсіресе мал нәжістеріне өте төзімсіз келеді де, мал тұрақтарында, жүретін жолдарында, әсіресе дұрыс қоспасы жасалмаған кездерде ішке түсіп, шұңқырлар шығып, оларға су тұрып еден тез істен шығуы кездеседі.
Аглопортит - сазды және көмірді өндіру кездерінде қалған қалдықтарды күйдіру арқылы алынатын жасанды, іші қуыс жеңіл материалдар. Ол өзінің жылулық, беріктік және санитарлық-гигиеналық қасиеттері бойынша керамзит-бетонды едендерден кем түспейді.
Сол сияқты формальдегид смоласын КС-11, латекс СКС-65-ГП, полиамид смоласын пайдаланып полимерлі цементті қоспамен үстін жауып, жеңіл бетонды едендер жасалып жүр.
- Ірі қара малдарын байлаусыз бос қолда тұрғызып ұстағанда қолданатын тәсіліне байланысты жер орайы, ауа райы, температуралық жағдайы және өндіріс бағыты ескеріліп төрт типті қора жобаланып салынады:
- Жан-жағы ашық, тек төбесі жабық-күрке тәріздес қора;
- Төбе және үш жағынан қабырғалар қаралған-жартылай ашық қоралар;
- Малдардың еркін серуен алаңына кіріп-шығуына арналған қақпа кәсектері ғана қаралған-жылыланбаған қоралар;
- Малдардың мезгілді шығуына арналған - жылыланған қоралар.
Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Мал қораларының микроклиматы ондағы қоршаған ортаның ауасының физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштері мен сипатталады.
Ірі қара малдарына арналған қалыпты микроклимат олардың жақсы, өнімі және ұстау тәсілдеріне тікелей байланысты болады. Сондықтан әрбір малдардың түрі, жынысы, жасы және физиологиялық ерекшеліктеріне сай келтіріп микроклимат мөлшері белгіленеді. Ондай мал организміне сай микроклиматы қорада әртүрлі жолдармен қалыпқа келтіреді.
Микоклимат көрсеткіштерінің ішіндегі ең басты анықтағыш фактор болып ауаның төменгі және жоғарғы температурасы саналады. Ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендесе жас малдардың, әсіресе бұзаулардың өсуі 15-20 пайызға, сиырдың сүт өнімі - 15-30 пайыз кеміп, ал азықтың шығыны - 15-50 пайызға артады.
Суалтылған сиырлар мен құнажындардың гигиенасы
Сауын сиырларды суалту мерзімі шамалы қысқа болғанымен мал организмінің шындалып аналықтың өнімнің артуына және болашақ төлдің ширақ аман тууына өте зор маңызы болады. Анасының жатырындағы төлдің өсуі 6-7 айлығына дейін өте жай жүреді де, ол туған кездегі тірі салмағының 15-20 пайызындай ғана болады. Буаздықтың соңғы екі айында жатырдағы төлдің тәуліктік өсу жылдамдығы 600-900 гр болады. Сондықтан осы мерзімде буаз сиырдың жатырындағы төлдің ағзалары мен минералды заттарға сұранысы жоғарлайды. Соған байланысты сиырдың тууына 45-60 тәулік қалғанда малды саууды тоқтатады. Неғұрлым бұл мерзім аз болса, солғұрлым болашақ төлдің өсіп дамуына теріс әсерін тигізіп, әлсіз, салмағы кем бұзау алынады.
Суалтылған буаз сиырларды тууына 2 ай, құнажындарды 3 ай қалғанда мал қораларының жеке бөлігіне тұрғызады. Ол малдарға жекелеме күтім жасап, физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты азықтандырып, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жағдайлар жасауғу мүмкіндік туғызады.
А, В, С, Д, Е витаминдері буаздықтың қалыпты жүріп, жатырдағы төлдің өсіп-дамуын қамтамасыз етеді. Суалтылған кезеңдерде буаз сиырлардың А-витаминдарына сұраныстары артады, өйткені, көбінесе малдың туына қысқы, жазғытұры- бауырдағы олардың қоры таусылған мезгілге келеді.
Суалтылған сиырлардың рационының негізгі құрамы шөптен тұрады. Шөптің ең аз нормасы әр 100 кг дене салмағына шаққанда 1 кг-нан кем болмауы керек. Сүрлемнің ең сапалы түрін тәулігіне әр центнер салмағына 2, 5-3, 0 кг беріледі. Құрамы жақсы қалыптанған рациондағы аналықпен төлдің организміне зиянды әсер тигізбейді. Егер сүрлемнің төмен болса, оны рацион құрамынан алып тастайды.
Бұзаулардың гигиенасы
Жас туған бұзаулардың өсіп-дамуы және жалпы жағдайына қарап, оларды екі түрге бөледі: физиологиялық жетілген және толық жетілмеген. Олай бөлуге мынандай көрсеткіштері негізге алынады: бұзаудың туғандағы тірі салмағы, денесінің ұзындығы, тісінің барлығы, жүнінің шығуы, жылдам аяқтануы, қимыл-қозғалысының активтілігі, енесінің емшегін тауып соруы т. б., 3-4 тәулікте кіндігі құрғап және сыртқы ортаға реакциясы дұрыс пайда болуы ескеріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz