Мониторингтік зерттеу әдісі жайлы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогикалық факультеті
Реферат
Мониторингтік зерттеу әдісі»
Орындаған: Оспанова. А
П-225 топ студенті
Тексерген: Серикова Н. У.
Семей 2015 жыл
Жоспар:
Кіріспе
1. 1. Мониторингтік зерттеу туралы түсінік
Негізгі бөлім
2. 1. Мониторингтік зерттеу әдісі
2. 2. Білім беру ұйымдарында мониторингтік зерттеу жүргізудің маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мониторинг дегеніміз - «мұғалім-оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті, басқаша айтқанда, мониторинг- оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің нәтижесін талдау мен мектептің даму болашағын болжаудың динамикалық жүйесі. Бүгінгі таңда білім беруге қойылатын талаптар адамды ең жоғарғы құндылық ретінде қарастыратын ізгіліктік тұжырымдамасы тұрғысынан қарастырады. Сондықтан білім сапасының мәселесі жеке тұлғаны дамытуға, оның жоғары адамгаршілік пен кәсібилікке ұмтылысын қалыптастыруға бағытталған міндеттер кешенін шешуге байланысты білім беру саясатының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылау түрлерінен оқушының оқу деңгейі мен оқыту жағдайына үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін өзінің ұйымдастыру түрі, жинақтау, сақтау, мәліметті өңдеу және тарату қызметтері бойынша ерекшеленеді.
Мониторингтің түрлері өте көп:
- өткізу жиілігі бойынша( бір рет, мерзімді, жүйелі) ;
- ұйымдастыру формалары бойынша( жеке, топтық, фронтальді) ;
- қарым- қатынас формалары бойынша (сырттай байқау, бірін- бірі бақылау, өзіндік талдау) ;
- оқыту кезеңдері бойынша ( кіріспе, аралық, қорытынды) .
Мониторингтің құрылымы:
- бақылау
- бағалау
- талдау
- нәтижені болжау
- коррекция.
Мониторингтік зерттеу әдісі
Мониторингтік зерттеудің әдісі: әуелі зерттеуге бағытталған оқу пәндері таңдап алынып, мониторингті жүргізу мерзімі анықталады. Оқушыларға берілетін тесттер мен бақылау қималары мектептің әдістемелік бірлестік жетекшісімен бірлесіп таңдап алынады. Бұл жұмысты жүргізу кестесі алдын ала ілінеді. Сыныптың білімді игеру дәрежесі арнайы технологиялық карталарға толтырылады. Әрбір мұғалім тексерілетін және бақылау қималарын талдау сызбасын алады. Мұнда оқушылардың білімді игеру деңгейін бағалау элементтері көрсетіледі. Мұғалім сызба-кестені толтыру барысында сол тақырыпты игерген және қате жібермеген оқушы тұсына “+” белгісін қояды. Осы алынған мәліметтер негізінде оқушының білімді меңгеру деңгейін көрсететін кесте жасалады. Мониторингтік зерттеу жүргізуге педагогтер мен мектеп әкімшілігінің қатысуы дидактикалық құралдарды жаңарту нәтижесі және сапасы жөнінде дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді, теорияның мектеп өмірімен толық байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нысандары мен істі атқару тәртібін анықтауға жол ашады. Мониторингтің нәтижесі мұғалімдерді аттестаттауда, сабаққа қатысу кезінде, мұғалімнің іс-әрекетін және оқушылардың білім, білік, дағдыларын түзетуде қажет. Мониторингтік зерттеудің мақсаттарына байланысты мониторингтің жетістікке жеткізетін оқу-тәрбие үрдісі мен құрылымның нәтижесін анықтау бағытын ең маңызды деп айтуға болады. Диагностика көмегімен оқушылардың білім деңгейі анықталады, білім беру нәтижелерінің жетістігі қорытындыланады, білім беру үрдісінің кезеңдері жоспарланады. Мониторинг арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуын, мұғалімнің іс-әрекетін зерттеу үлкен нәтиже береді. Мониторингілеу - «оқушы-оқытушы-ата-ана» арасындағы ынтымақтастық, байланыс, бірігіп жұмыс істеу, шығармашылық одақта болу, бірге басқару сияқты қарым-қатынастардың орынғуына ықпал етеді. «Оқушы оқытушы ата-ана жүйесінде монитторингілеу оқушының білімін үздіксіз бақылау нәтижесінде оқушыны білімсіздіктен білімге қарай ұмтылдырады. Мониторинг - белгілі бір нәрсенің жай-күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі, белгілі бір параметрлерді анықтаудағы бақылау құралы. Сондай-ақ, мониторинг нәтижесінде оқу және оқыту, білімді игеру дәрежесі, оқушының танымдық қызығуын, нашар үлгірімнің дидактикалық себептерін анықтау мүмкіндіктерін қадағалауға болады.
Білім беру ұйымдарында мониторингтік зерттеу жүргізудің маңызы
Кез келген білім мекемесі оку үдерісінің дұрыс жүруіне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім деңгейіне жетуге оқу себептілігін арттыруға, оқушының денсаулығы мен жеке тұлға ретінде дамуына талпынады. Мектепте баскару жүйесінің қаншалықты дұрыс бағытта екенін білу үшін басқарудың сараптамалық бағдарламасын жасау керек. Бұл үдеріс жіберілген кемшіліктерге түзетулер енгізуге және білім сапасын көтеруге септілігін тигізеді. Мектептің басқару жүйесі оқу мониторингінің нәтижелеріне сүйенеді. Мониторинг қандай да бір үдеріске ұйымдастырылған бақылау, нақты нәтижелерді салыстыру арқылы болашақта оларды жақсартуға бағыттылған шаралар ұйымдастыру үшін жасалады. Мониторинг жүргізу қазіргі таңда барлық мекемелерде, өндірістің барлық салаларында жүзеге асып жатыр. Мектеп - білім мекемесі болғандықтан, оның негізгі мақсаты - сапалы білім беру. Сондықтан, мектеп мониторингінің негізгі зерттелетін объектісі - білім сапасы. Оқу мониторингісін жасау - мектеп үдерісіндегі шарттардың және білім сапасының өсу (кему) динамикасын жүйелі түрде бақылау, сараптау, бағалау. Білім сапасы туралы мәліметтерді жинау арқылы мәліметтер қоры жасақталады, оларды өңдеп, сақтау арқылы кез келген уақытта білім сапасының қазіргі деңгейін көрсетуге болады. Оқу мониторингінің нақты мақсат-міндеттері, жасалу принциптері, бағдарламасы және зерттелген нәтижелерге қарап, кемшіліктердің жою жолдары айкындалу керек.
Оқу мониторингісінің мақсат-міндеттері:
- Ұжымның жұмысын мониторингке шоғырландыру;
- Мәліметтер қорын жинау;
- Оқушылардың үлгерімі және білім сапасын көтеру;
- Педагогтардың шеберлігін арттыру, баскару жүйесінің сапасын арттыру;
- Мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық кеңесте ортаға салу:
- Мониторинг бағдарламасын бекіту.
Мониторинг жасаудың бағдарламасы:
- Зерттеу бағыттарын анықтау;
- Мониторинг көрсеткіштерін анықтау;
- Алынған мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ететін әдістерді анықтау;
- Әр бағыт бойынша мәліметтер жинау және оларды өңдеу, сараптау және сақтау технологиясын анықтау;
- Берілген бағыттар бойынша мониторингке қатысатын мұғалімдердің атқаратын қызметін белгілеу.
Мониторинг жасауда белгілі бір талаптар қойылады, оларды мониторинг жасаудың принциптері деуге де болады:
- Мәліметтердің дұрыстығы. Керек мәліметтер нақты және мектеп әкімшілігіне пайдалы болу керек;
- Мәліметтерді салыстыратын мүмкіндіктің болуы. Кез келген үдерістің тек қазіргі деңгейі ғана емес, ондағы өзгерістердің себептерін зерттеу керек болады;
- Болжамдық. Нәтижелерге сүйене отырып, болуы мүмкін өзгерістерге болжам жасау.
Оқу мониторингісі болғандықтан, басты назар білім сапасында болмақ. Білім сапасын көтеруге әсерін тигізетін бірнеше факторларды атауға болады:
1. Оқушылардың денсаулық жағдайы.
2. Мектептің материалдық базасы.
3. Педагогтардың шеберлігі.
4. Үйірмелер, спорт секцияларының жұмысы.
5. Оқушылардың сабаққа қатысымы.
6. Тәрбие жұмысы.
7. Оқушылардың дұрыс тамақтануы.
8. Баланың отбасындағы жағдайы және т. с. с.
Бірінші бағыт бойынша топта медбике, класс жетекшілер, дене тәрбиесі мұғалімдері, психологтар жұмыс жасайды. Мектеп медбикесінде әрбір оқушының денсаулығы туралы мәлімет болу керек. Бұл мәліметтерден оқушының класс жетекшісі, дене тәрбиесі мұғалімдері хабардар болу керек. Аурудың белгілі бір түрімен, мысалы, қаназдықпен ауыратын балаларды жинап, оның ата-анасымен және класс жетекшісінің қатысуымен мектеп медбикесі осы ауру туралы толық мағлұмат, онымен күресу, денсаулықты нығайту жолдарын көрсетеді. Дене шынықтыру сабағынан денсаулығына байланысты босатылған балаларға қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы дене тәрбиесі мұғалімі жеңілдетілген түрде сабақ өткізеді. Денсаулығында ақауы бар бала басқа дені сау баладан гөрі өзін төмен ұстап, өзіне сенімсіздікпен қарауы мүмкін. Сондықтан, мұндай кезде мектеп психологы жұмыс жасайды.
Екінші бағыт бойынша топта директор, оқу ісінің меңгерушілері, әдістемелік бірлестік жетекшілері жұмыс жасайды. Педкадрларды қайта даярлау, олардың шеберлігін арттыру, біліктілік санаттарын көтеру, әдістемелік көмек көрсету аталған адамдардың тікелей қатысуымен жүзеге асады.
Үшінші бағыт бойынша, яғни білім сапасын зерттеуге оқу ісінің меңгерушілері, класс жетекшілер, пән мұғалімдері қатысады.
Білім сапасы 3 буын бойынша зерттеуге алынады:
- Бастауыш буында 1-4 кластар;
- Орта буында 5-9 кластар;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz