Отбасы түрлері және құрылымы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Отбасы түрлері және құрылымы

Тексерген: Кошкимбаева Р. Х

Орындаған: Жақанова А. Ш

Тобы: П-307

Семей 2015 жыл

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.

Отбасы құрылымы Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім - орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы - бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек. Отбасының қызметі Отбасының тәрбиелік қызметі Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді. Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т. б. ), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі. Отбасының эмоциональдық қызметі Отбасының эмоциональдық қызметі - оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді. Рухани қарым-қатынас қызметі Рухани қарым-қатынас қызметі - бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі - отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т. б. ) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.

Отбасының құрылымдық типтері - ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы кұрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастар, рөлдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда оның ең кең тараған түрі - нуклеаралық немесе ерлі-зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Отбасының бұл түрінің аса көлемді етек алуына әлемдегі казіргі таңда кеңінен жүріп жатқан индустрияландыру мен урбанизация процестері себепші болып отыр. Туыстық жағынан алғанда бүгінгі тандағы отбасының тағы бір түрі - кеңейген немесе туыстық тұрғыдан жақын отбасылар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата-аналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді. Отбасының кұрамы мен құрылымының осылай өзгеруі отбасылық - туыстық байланыстардың әлсірегені емес пе деген қорытынды жасауға да итермелейді. Конттың пікірі бойынша, отбасындағы адамдардың жас ерекшеліктеріне қарап балаларды ата-аналарына және әйелдерді жыныстық белгісі бойынша еркектерге бағындыру тиіс. Бүгінгі таңда осы екі параметрлер де түбегейлі түрде өзгеруде. Жастар өз беттерінше өмір сүрулері үшін ата-аналарының отбасынан ерте кетеді, әке-шешесінің мамандығына сәйкес келмейтін басқа кәсіпті таңдайды. Әйелдердің эмансипациясы отбасының иерархиялық тұрғыда ұйымдасуына, ыдырауына өз әсерін тигізді. Осыған байланысты отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі - дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақтың өкілдері тұрады, билікті, яғни лидерлікті жасы үлкен ер адам өз қолына алады. Дәстүрлі отбасына мынандай сипаттар тән:

- ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім кабылдаушы болып саналады, оның қожайындығы басым;

- әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;

- отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндеттерінің бекітілуі (ер адам асыраушы, әйел от анасы) . Мұнда үй шаруасы мен бала тәрбиесі негізінен әйелдің иығына түседі.

Қазіргі кезде осындай отбасылардың кұрылымын демократияландыру процесі жүріп жатыр, әсіресе ер адамның отбасындағы авторитарлық билігі жойылуда. Алайда, тұрмыста әлеуметтік теңсіздік әлі де сақталып, ол бірден-бір өткір мәселе болып отыр. Отбасындағы билікті, т. б. бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі - эталитарлық немесе демократиялық отбасы. Бұл отбасына:

- үй шаруасына катысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең, әділ бөлінуі;

- ерлі-зайыптылардың тұрмыстық мәселелер бойынша бірлесіп шешім қабылдауы;

- демалыстарын бірге еткізуі, балалар тәрбиесіне бірдей қатысуы тән.

Отбасыларының өтпелі типтері де бар. Онда ер адамның әз рөлін атқарудағы алға қойған мақсаты оның нақты тәртібіне қарағанда дәстүрлі сипатта болады, демократиялық мақсатта рөл атқаратын ер адам керісінше үй шаруашылығымен айналысуға аз қатысады.

Сайып келгенде, қазіргі отбасында әйелдердің кәсіби кызметпен жаппай айналысуына байланысты әйелдердің дәстүрлі рөлдерінің өзгеруімен бірге ер адамдардың рөлдері де басқа сипатқа ие болады. Бұған Батыс Еуропа елдеріндегі ер адамдардың баланы күтіп-бағу үшін демалысқа шығуы дәлел бола алады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың жаңа осы жағдайды қалай қабылдайтынын, отбасындағы лидерлікті шешетін отбасылық міндеттерді кайта бөлуге дайындығын анықтаудың маңызы да зор. Ата-ана - ерлі-зайыптылар туыстық өлшемдермен анықталатын отбасы құрылымының типтері алуан түрлі болуымен қатар, оның әкенің немесе шешенің қайсыбір қасиеттеріне байланысты екендігін де атап көрсетеді. Осыған байланысты этно әлеуметтануда, отбасы және туыстық әлеуметтануында әлеуметтік әкелік және физиологиялық әкелік және дәл сондай дәрежеде шешелік деп бөлу қабылданған. Отбасы топтарын патри немесе матрилокалдандыру принциптері негізінде фамилияны, мүлік - дүниені, әлеуметтік жағдайды әкесі немесе шешесі жағынан мұралану патрилиниялық және матрилиниялық отбасылар деп екіге бөлінеді.

Ерлі-зайыптылардың немесе олардың ата-аналарының, туыстарының алатын орнына қарай отбасылар гомогенді және гетеро генді болады. Гомогенді отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққандар болса, ал гетерогенді отбасында олар әр түрлі әлеуметтік топтардан, касталардан, таптардан тарайтындар. Отбасы мен некені әлеуметтік және демографиялық белгілерінің ерекшеліктеріне қарап гомогамдық отбасы және гетерогамдық отбасы деп бөлу әдісі де қолданылады. Гомогамдық отбасы мүшелерінің ұлты, жас мөлшері, кәсібі, білімі, т. б. біртектес болса, ал гетерогамдық отбасында бұл көрсеткіштер керісінше әр түрлі болып келеді.

Отбасы кеңістік - аумақтық, яғни тұрған мекен-жайына қарап патрилокалды және матрилокалды болып бөлінеді. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар күйеуінің әкесінің үйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен күйеу жігіт әйелдің ата-анасының үйін бірге мекендейді. Эванклюлелокалдық отбасы ерлі-зайыптылардың ағасының немесе әпкесінің отбасымен бірге түрумен сипатталады. Жас жұбайлар ата-аналарынан мүлдем бөлек тұратын болса, онда оны неолокалды отбасы дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасының психологиялық анықтамасы
Отбасы әлеуметтігі
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Қоғамның әлеуметтік құрылымы (структурасы)
Жеке тұлға туралы
Отбасы әлеуметтануы
Нарықтық қатынастар жағдайындағы отбасы
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
Жанұя құрамы, түрлері
Демография және әлеуметтану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz