Балалар психологиясы


ЖОСПАР:
- Балалар психологиясының пәні мен міндеттері
2. Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер.
3. Қазіргі балалар психологиясының теориялық және практикалық міндеті.
4. Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы.
Балалар психологиясының пәні мен міндеттері.
Балалар психологиясы баланың психологиялық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс - әрекетінің дамуын, психикалық үрдістер мен сапаларының ерекшеліктерін және жеке басының психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын зерттейді. Сонымен қатар психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық үдерістер мен сапаларды, қабылдаудың түйсік, ес, зейін, қиял, ойлау, сөйлеу және мінез - құлық ерекшеліктері мен сезімнің, жас ерекшелігіне байланысты дамудың бастапқы формаларының пайда болуы, өзгеруі және жетілуі туралы мәселелерді жан - жақты қарастырады.
Балалар психологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және анатомиялық, физиологиялық даму ерекшеліктерін де жан - жақты зерттеп, қарастырады.
Сонымен қатар балалар психологиясының даму заңдылықтарын анықтап, оған әсер ететін себептерді іздестіру балалар психологиясының маңызды міндеті.
Балалар психологиясының маңызды міндеті - әр жас кезеңіндегі баланың даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру.
Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық даму заңдылықтарын, дамудың әр сатысын айқындайтын негізгі компоненттерді зерттейді, яғни туғаннан бастап баланың бойының өсуі, салмағының артуы, дене прапорциясының өзгеруі.
Психикалық заңдылықтардың шығу тегін зерттемей тұрып түсіну мүмкін емес, ал анатомия, физиология мен байланысты дейтін себебіміз баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке жүйесі психологиясының негізгі міндеті - оқу, ойын, еңбек әрекеттерінің бала психикасының дамуына тигізетін әсерін зерттеп, баланың психикалық дамуына дұрыс бағыт бағдар беріп, осы тұрғыда тәрбие жұмысының қалай болу керектігін ата - аналар мен тәрбиешілерге жете түсіндіру.
Балалар психологиясы педагогикамен және жеке пәндерді оқыту әдістемелерімен де байланысады.
Педагогика тәрбие туралы ғылым және оның негізгі міндеті балалардың жан - жақты дамуын қамтамасыз ету, болашақ қоғамда өзінше өмір сүруге дайындалу. Осы міндеттерді атқару үшін балалар психологиясы дамудың жалпы заңдылықтарын оған әсер етуші факторларды жан - жақты зерттеп білу мәселесімен шұғылданады.
Балалар психологиясының пайда болу тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер
Бала психологиясы - жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтан психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған - неміс ғалымы В. Прейер. ол бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырады. В. Прейердің «Бала жаны» атты кітабы (1882) бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психологиялық еңбек болды. Бала психологиясының пәні - балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе - баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінді:
- Биогенетикалық;
2 Социогенетикалық;
Бұл бағыттар бір - бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды. 19 ғасырда Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді. Өйткені ол психикалық өмір эволюцияның нәтижесі деп танылды. Мұның өзі ғылымға баланың әр жас кезеңіндегі психологиялық даму өзгешеліктерін бақылауға мүмкіндік туғызады. Бұл жөнінде Чарлз Дарвин Ламарк жұмыстарының маңызы ерекше болды және ол бақылаулар бала психикасының дамуы мен ойлау әрекеті туралы ғылымының бастапқы жаңалықтары болды.
Қазіргі балалар психолгиясының теориялық және практикалық міндеті.
Қазіргі балалар психологиясын зерттеудің педагог үшін теориялық та, практикалық та маңызы зор. Өйткені баланың жас кезеңіне байланысты айырмашылық дағдарыстан зерттеп білу педагогқа программалық материалдың көлемін анықтауға септігін тигізеді. Психологияны жете игеру тәрбиешілерді көптеген қателіктерден сақтануға және балалармен дұрыс байланыс қарым - қатынас орнатуға көмектеседі және педагогтарға тек баланы түсініп қана қоймай, қолдап, жақсы қасиеттерін дамытуға, баланың жан дүниесін сезе білуге көмектеседі. Оқу - тәрбие жұмысы, ғылым саласында болып жатқан реформалық жаңалықтарды ғылыми тұрғыда зерттеу осы ғылымның негізгі міндеті. Мысалы, баланы мектепке алты жастан бастап оқыту, басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін кеңінен игерту немесе мүмкіндігіне қарай бастауыштан бастап шет тілдерін игерту. Ауылдық жердегі мектептің оқу - тәрбие үдерісінің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне байланысты жинақтаған бай тәжірибесі, психологиялық идеялар ғылыми тұрғыдан жан - жақты талдауды талап етеді. Осының бәрін балалар психологиясынсыз шешу мүмкін емес.
Бала психологясын білу балаларды оқытып, тәрбиелеу практикасы үшін де керек. Балдырғанның психикалық даму заңдылықтарын түсіну, балалардың эмоциялық және ақыл - ой ерекшеліктерін, сондай - ақ олардың бейімділігі мен ынтасын білу балабақшадағы оқу - тәрбие жұмысын ойдағыдай жүргізудің маңызды шарты болып табылады. Психологияны білу тәрбиешіге баламен дұрыс байланыс орнатуға, олардың дамуын басқаруға, балабақша қызметкерлерін тәрбие жұмысындағы көптеген қателіктерден сақтандыруға көмектеседі. Психология ойшыл тәрбиешіні үйірсек балалармен ғана емес, сонымен бірге адаммен көп байланыс жасамай оқшау жүретін қиын балалармен де тез, ортақ тіл табысуға көмектеседі.
Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz