Генетиканың негізгі түсініктері


Генетиканың негізгі түсініктері
Айқас шағылыстыру - гомологты хромосомалар мейоздық бөліну кезінде бір-бірмен айқасып, сәйкес үлескілермен алмасу процесі.
Аллельді гендер - гомологиялық жұп хромосомның бірдей учаскілерінде орналасқан бір геннің әртүрлі формалары. Аллельді гендер бір белгінің вариантын анықтайды.
Аутосомдар - жыныстың екеуінде болатын хромосомдар.
Биологиялық алға басу (пргресс) - дарақтар санының, жүйеленген сан алуандықтың артуы және аймақтың кеңеюі.
Биологиялық кері кету (регресс) - дарақтан саны мен олардың жүйеленген топтары санының кемуі және аумақтың тарылуы.
Ген - хромосомның белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі. Белоктың алғашқы құрылымы туралы хабар бар ДНК молекуласының учаскесі.
Гендік қор (генофонд) - популяцияның түрлік немесе систематикалық топтық гендерінің жиынтығы.
Геном - жасуша хромосомасы немесе организм гендерінің гаплоидты жиынтығы.
Генотип - ағзаның гендер жиынтығы.
Гетерозиготты ағза - белгілі геннің әр түрлі жұп аллельді гомологты хромосомаларда орналасқан әртүрлі гендер.
Гетерозис - гомологты хромосомада белгілі жиілікпен кездесетін гендердің жиынтығы.
Гибридологиялық әдіс - әртүрлі таза сызықтарға жататын даралардың гибридизациясы және бір-бірінен альтернатив белгілері бойынша ажыратылады. Келесі ұрпақта мұндай шағылыстыру нақты статистикалық заңдылықтар бойынша өтеді.
Гомозиготты ағза - гомологты хромосомада белгілі геннің бірдей жұп аллельдері орналасқан диплоитты ағза.
Гомологиялық хромосомдар - құрылысы жағынан ұқсас бір локуста аллельді гендері бар, бір белгінің дамуына жауап беретін хромосомдар.
Ди - және полигибридті шағылыстыру - екі немесе көп жұп қарама-қарсы белгілері бойынша ажыратылатын гомозиготалы даралар шағылыстыру.
Доминантты ген - аллельді гендердің біреуін - рецесивті генді басатын ген. Белігінің басым болу құбылысын доминанттау, ал басым белгіні доминантты белгі деп атайды.
Жынысты хромосомдар - екі жыныстың бір-бірінен ажырай алатын хромосомдар.
Кодомирование - гетерозиготалы организмде екі аллельді геннің айқын көрінісі және де олар бір біріне әсерін тигізбейді.
Коньюгация - бактериялардағы ДНК алмасу процесі. Бұл жағдайда ДНК беретін жасуша (донор), ДНК-ны қабылдайтын (акцептор) қосылады.
Көбею шексіздігі - бұл тірі ағзалардың дәл осы нақтылы жағдайларда тірі қала алатын ұрпақтарды көбірек өндіретін ортақ қасиет.
Моногибридті шағылыстыру - бір жұп альтернатива белгілері бойынша ажыратылатын гомозиготалы даралар шағылыстыру.
Мутация - организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері - гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік.
Өзгергіштік - организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі-қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір белгі-қасиеттерін жоғалтады.
Таза линия (іріктемелер, қолтұқымдар, штаммалар) - гендердің бір немесе бірнеше аллель бойынша гомозиготты жиынтығы, өсімдіктердің өздігінен немесе өзара тозаңданғанда белгілердің ыдырауы байқалады.
Толық доминанттылық - аллельді жұп геннің біреу басым қасиетті көрсетіп, гетерозиготалы күйде де гомозиготалы даралардағы сияқты айқын көрініс береді, ал рецессивті геннің әсері байқалмай жасырын қалады.
Толымсыз доминанттау - аллельді гендердің екеуінің әсері бірдей байқалып, сондықтан аралық сипаттағы формалар қалыптасады.
Тұқымқуалау - организмдердің ұрпақтан ұрпаққа белгілерін өтқізе алатын қасиет. Тұқымқуалауғыштық материалдарын тасымалдаушысы ДНК болып есептеледі.
Фенотип - геноти пен айналадағы ортаның әсерінен қалыптасқан белгілердің жиынтығы.
Хромосома - өзіндік ядролық құрылым, екі иықшасы, центромерасы және екі хроматинды болады.
Ыдырау - ұрпақта бірнеше фенотиптің немесе генотиптің пайда болуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz