Организмдердің индикаторлық мәні


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Организмдердің индикаторлық мәні.
Орындаған: Советханова Д.
Тексерген: Нуржуманова Ж. М.
Жоспар:
1. Ағза немесе Организм.
2. Биоиндикаторлар және олардың сипаттамасы.
3. Дереккөздер
1. Ағза немесе Организм (гр. organon және лат. organіzo - келісті түрге келтіру ) - белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе. Тұқым қуалаушылық қасиеттеріне сәйкес өзіне тән құрылысы мен даму ерекшелігі бар.
Организм дегеніміз сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін тірі материяның біртұтас бөлшегі. Ол күрделі ашық жүйе, сыртқы ортамен үздіксіз затпен және энергиямен алмасып отырады. Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, құбылмалы сыртқы орта жағдайларына бейімделу реакциялары қалыптасады.
Құрылым ерекшеліктерімен байланысты организм бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді. Бір жасушалы организмдерде ядро, цитоплазма, вакуольдер және жасуша қабығы пайда болады да, бұл құрылымдардың әрқайсысы өздеріне тән функция атқарады. Көп жасушалы организмдер денесі құрылысы мен қызметі жағынан жаксы жіктелген жасушалар жиынтығынан құралады. Қоректену ерекшеліктеріне қарай организм автотрофты және гетеротрофты болып бөлінеді. Автотрофты организмдер (бактериялар) қоректік заттардың көзі ретінде негізінен бейорганикалық заттарды пайдаланып, тіршілік әрекеттеріне қажетті энергияны күн сәулесінен алады. Гетеротрофты организмдер (адам мен жануарлар) органикалық қосылыстармен (белоктар, майлар, көмірсулар) қоректеніп, тіршілік ерекеттеріне қажет энергияны органикалық заттардың биологиялық тотығуынан алады. Дене температурасының тұрақтылығын сақтау қабілетіне байланысты организмдер салқын қанды (пойкилотермиялы), жылы қанды (гомойотермиялы) және ауытқымалы температуралы жануарлар болып бөлінеді. Пойкилотермиялы жануарлар денесінің температурасы сыртқы орта температурасына байланысты өзгеріп отырады. Оларға құстар мен сүт қоректілерден басқа жануарлардың барлығы жатады. Гомойотермиялы жануарларға дене температурасының тұрақтылығын сақтау қабылеті тән болады (мыс, жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар) . Ауытқымалы температуралы жануарлар жылдың жылы маусымында жылы қанды жануарлар, ал суық кезеңдерде салқьн қанды жануарлар тәрізді тіршілік етеді. Оларға қысқы ұйқыға кететін жануарлар жатады. Орта температурасының ауытқуларына бейімдік қабылетіне қарай организм стенотермиялық жоне эвритермиялық болып жіктеледі. Стенотермиялық жануарлар сыртқы орта температурасының ауытқуларына төзімсіз келеді де, түрақты температура жағдайында тіршілік етеді. Оларды өз кезегінде жылу сүйгіштер (тропикалық мүхит жәндіктері, амфибиялар, бауырымен жорғалаушылар т. б. ) және суық сүйгіштер (лосос түқымды балықтар, май балықтар (тюлендер), ақ аю т. б. ) деп жіюгейді Сыртқы орта температурасыньщ зор аутқуларына төтеп беретін жануарларды эвритермиялық жануарлар дейді. Оларға құрлықта тіршілік ететін жануарлар жатады.
2. Биоиндикаторлар және олардың сипаттамасы Өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер- өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы заттардың, ионды радиацияның жоғарғы деңгейінің, ортаның химиялық құрамының өзгеруінің, шу мен жылумен ластанудың тірі организмге әсердің сезімтал индикаторы болып табылады. Көптеген организмдер антропогенді әсердің бөлек типтеріне әр түрлі сезімталдық қасиет көрсетіп, адамның тіршілік әрекетінің нәтижесінде болатын әр түрлі өзгерістердің индикаторы болады. Қазіргі көзқарас бойынша, биоиндикатор- табиғи процесстер жағдайлары немесе тіршілік ортасының антропогенді өзгеруінің көрсеткіші болатын организмдер, олардың ортада кездесуі, саны мен даму ерекшеліктері. Биоиндикация- биоиндикатор организмдерінің даму ерекшеліктері, кездесу немесе мүлде болмау факторына қарап қоршаған орта жағдайларына баға беру әдісі. Биоиндикаторлар көмегімен анықталынатын жағдайлар- биоиндикация объектісі деп аталынады. Мұндай объект ретінде табиғи объктілердің белгілі типтері (топырақ, су, ауа) мен осы объектілердің әр түрлі қасиеттері (механикалық, химиялық құрамы), қоршаған ортада жүріп жатқан белгілі бір процестер (эрозия, дефляция, батпақтану т. б. ) мен адам әрекетінің әсер нәтижелері де алынуы мүмкін. Биоиндикатор таңдауда атақты американ ғалымы Ю. Одум келесі жағдайларды ескеруді ұсынды: Қауымдастықта сирек таралған стенотипті түрлер (белгілі бір жағдайларда ғана тіршілік етуге бейімделген организмдер) эвритиптерге (кең таралған, экологиялық төзімділік диапазоны кең организмдер) қарағанда көбінесе жақсы индикатор болып саналады. Майдаларға қарақанда ірілеу түрлерін биоиндикатор ретінде таңдаған жөн, себебі майда организмдерінің биоценоздағы айналым жылдамдығы жоғары болып келеді және де зерттеу кезінде сынауға алынған объектіге түсіп кету қауіптілігі бар (ұзақ периодты бақылаулар жүргізу кезінде) . Индикатор ретінде алынатын түрді (немесе түр тобын) таңдауда эксперименталды немесе далалы жағдайларда алынған түрдің толеранттылығы, түрге әсер етуші факторлар, бұл факторлардың шектеуші (лимиттеуші) мәні, организнің компенсациялау реакциялары сияқты мәліметтер болуы тиіс.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл.
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған - түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. - Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. - 456 бет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz