Құрылыс аланың инженерлік дайындау технологиясы


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Құрылыс аланың инженерлік дайындау технологиясы

Орындаған: Кактаев М.

Тобы: ГК-213

Тексерген: Кудеринов С. М.

Семей - 2015

Құрылыс аланың инженерлік дайындау технологиясы

Дайындық кезеңіндегі жұмыстарды дер мезгілінде және сапалы атқару құрылысты белгіленген мерзімде аяқтаудың және құрылыстың негізгі кезеңінің құрамына кіретін келесі сатылардағы атқарылатын барлық құрылыс жұмыстары өндірісін ұтымды және тиімді ұйымдастырудың маңызды шарты болып табылады

Дайындық кезеңі жұмыстарының құрамына жобалау-іздеу жұмыстары, кұрылысқа территорияны инженерлік дайындау, кұрылыс алаңын ұйымдастыру кіреді.

Жобалау-іздеу жұмыстары ұтымды жобалық шешімдерді таңдап алудың, үймереттер мен ғимараттардың беріктігі мен орнықтылығын қамтамасыз етудің, кұрылысты ұйымдастырудың және жұмысты атқару жобаларын жасаудың негізі болып табылады Экономикалық және инженерлік-техникалық іздеу түрлері болады.

Экономикалық іздеулер құрылыстың ауданы мен алаңын таңдау, жобалық шешімдердің үнемділігін қамтамасыз ету және не құрылысты үйымдастыру үшін қажет.

Ииженерлік-техникалык іздеулер қүрылыстың топографиялық, геологиялык, гидрогеологиялық және метеорологиялық жағдайларын зерттеп білу мақсатымен жүргізіледі.

Территорияны инженерлік дайындау барысында қурылыс жұмыстарын еа қолайлы деген жағдайда жургізуге мүмкіндік беретіндей кешенді шаралар жүзеге асырылуға тиіс. Бұл жұмыстардың қурамына алаң территориясын тазалау, жер бетіндегі суды басқа жаққа ағызу, жер асты суларының деңгейін төмендету, геодезиялық бөлудің негізін жасау кіреді.

Құрылыс алаңын ағаштар мен бұталар дан тазарту жобада белгіленген шекара аумағында уақытша жасалған қоршау ішінде жүргізіледі Жас ағаштардың бағалы тұкымдары белгіленген уақытта жаңа орындарға отырғызылады. Қалған ағаштар кесіліп, өнделгеннен кейін құрылыс аланынан тыс жерлерге орналасқан уақытша қоймаларға тасылады.

Ағаштарды кесуді женілдету және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен орман, тал-шіліктерден, ұсақ ағаштардан бұта-кескіштердің және трактор-аршығыштардың көмегімен тазартылады да жиналған бұталар мен ұсақ ағаш, талдар арнаулы бөлінген орындарға үйіледі.

Ағаш кесу мен оңын түбірін тазарту бір мезгілде жүргізіледі. Ағашты құлатудың әдістері орманның көлеміне, ағаш тұқымына, топырақ түріне және гидрогеологиялық жағдайларға байланысты тандалып алынады

Жай жерлерде ағаштар диаметрлерінің қандай екендігіне қарамастан арнайы орнатылған тірегіш рамалары бар трактор-ағаш құлатқыштармен немесе бульдозерлермен түп-тамырымен құлатылады. Жуан және орташа ағаштар алдымен құлатылатын жағының түбінен, ал түбірлі қуатты ағаштар үш жағынан шабылып немемсе кесіліп құлатылады.

Қөп реттерде ағаштар 0, 2-0, 3 метр биіктікте бензомоторлы немесе электраралармен кесіледі

Егер құрылыс алаңында пайдаланып жатқан жерқазушы және жерқаушы-қөлік машиналарының көтеруге күші жетпейтіндей шамадан тыс үлкен тастар болса, олар жер жұмыстары басталғанға дейін бульдозермен жұмыс аймағынаң тыс жерлерге шығыралады немесе сол жерде сырттан жару әдісімен немесе шнурлық зарядтармен ұсатылады. Ұстау әдісін таңдау экономикалық есептермен және жер жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік жағдайларымен негізделеді.

Жер жүмыстары басталғанға дейін техникалық жобада көрсетілген мөлшерде құрылыс алаңынын, құнарлы жер қабаты алынып, кейіннен бүлінген ауыл шаруашылығы жерлерін калпына келтіру (рекультивация), осы сияқты территорияны көгалдандыруда пайдалану үшін арнайы бөлінген жерлерге үйіледі. Жердің құнарлы қабатты әдетте жұмсақ қалпына бульдозерлер мен скреперлермен алынады. Қыста жердің құнарлы қабатын алуға тек жобада техникалық-экономикалық негіз жасалған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Топырақтың өсімдік өсетін құнарлы алуға және сақтауға тапсырыс беруші мен жерге орналастыру қызметі бақылау жасайды.

Жаңа объектілерді түрғызу, жумыс істеп турған өндірістік кәсіпорындарды жаңғырту және кеңейту, түрғын үй мен мәдени-түрмыстық үймереттерді күрделі жөндеуден өткізу кезінде және басқа да бірқатар жағдайларда пайдаланылып жүрген үймереттер мен ғимараттарды немесе олардың жекелеген элементтерін бұзу және көшіру жөніндегі жүмыстар атқарылады.

Бұзу процесі екі әзірлік және негізгі кезендерден құралады. Әзірлік кезеңінде бұзылатын не көшірілетін құрылыстар зерттеледі. Оңын барысындаүймереттер мен ғимараттардың және олардың элементтерінің жалпы жағдайы: жұмыс көлемі мен оларды атқару әдістері, бұзудан алынатын материалдар мен түзілістер және олардың одан әрі пайдалануға жарамдылықтары; инженерлік жүйені бөліп тастаудың сенімділігі, катарлас орналасқан құрылыстарды сақтау жөніндегі шаралар арнайы жасалып отыруы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс жүргізу туралы
Құрылыстың бас жоспарын жобалау
Бас жоспардың жел тармақтары
Аймақты инженерлік дайындау
4 қабатты 20 патерлі тұрғын үй
Қадалы іргетас
Астана қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы жер асты автокөлік тұрағы бар тұрғын үйді жобалау
Өнеркәсіптік ғимараттың темір - бетон фермаларын қайта құру технологиясы
Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру негіздері
Құрастырмалы конструкцияларды монтаждау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz