Зерттеудің эмпирикалық әдістері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Зерттеудің эмпирикалық әдістері
Тексерген: Адильжанова Қ. С
Орындаған: Биназарова Ж. Б
Семей - 2015 жыл
Зерттеудің Эмпирикалық әдістеріне - бақылау; әңгімелесу; эксперимент; тестілеу жатады.
Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т. б. ) зерттеу үшін жаппай Бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара Бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т. б. ) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады. Зерттеуші педагогикалық Бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады. Бақылау - сондай-ақ, педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі. Оқыту процесіндегі Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні - оқушыларға дер кезінде көмек көрсету; олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру. Бақылаудың бірнеше түрлері бар: тақырыптық Бақылау, тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау, қорытынды Бақылау Тақырыптық Бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бұл Бақылаудың мақсаты - оқу бағдарламасы негізіндегі Бақылау жұмыстары мен түрлі техника құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуші машина, т. б. ) арқылы әрбір тоқсанның аяғында оқушы білімінің көлемі мен сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау. Қорытынды Бақылау жыл аяғында өткізіледі. Мұнда тақырыптық және тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойына алған теориялық және практикалық білім деңгейі анықталады. Қорытынды Бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болып есептеледі. Бақылау әдісінің ішінде бағдарламалап Бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Машинасыз бағдарламалап Бақылау әдістері бойынша перфокарталар және Бақылау карталары қолданылып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдері анықталады. Бақылау карталарын пайдалану оқушылардың білімін аз уақыттың ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Машиналы бағдарламалап Бақылау әдістері мектептерде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында қолданылады. Техника құралдар оқушылардың білімін тексеру, Бақылау және өзін-өзі Бақылауда қолданылады. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі Бақылауы өте қажет. Өзін-өзі Бақылау олардың игерген оқу бағдарламасы, материалы мен дағды, іскерлігінің беріктігін қамтамасыз етеді. Өзін-өзі Бақылау арқылы оқушылардың өз біліміне сенімі артып, орындаған жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Оқыту процесінде Бақылаудың жаппай, топтық және дербес формалары бар. Жаппай Бақылауда барлық оқушыларға мазмұны бірдей сұрақтар немесе тапсырмалар беріледі, орындалған жұмыстарды олар тексеріп, іске асырады. Топтық Бақылауда зерттелетін оқушылардың белгілі бір тобы тапсырмалар орындайды. Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын анықтайды. Дербес Бақылау бағдарламалап және дифференциялап оқыту барысында жақсы нәтиже береді.
Әңгімелесу - оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.
Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.
Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
• ес пен тілді дамытуы;
• оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
• оқушылардың білімінің белгілі болуы;
• жақсы диагностикалық құрап;
• үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
• уақыттың көп кетуі;
• қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Эксперимент (ғылыми тәжірибе) . Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т. б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады. Эксперименттің екі түрі бар: лабораториялық және табиғи . Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтайтын құрал-жабдықтарды қолдана отырып, арнайы жабдықталған орындарда өткізіледі. Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы А. Ф. Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz