Биологиялық белсенді заттардың шикі сүт секрециясының фракциялау және сүт өнімдері өндірісінде оларды пайдалану


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
БӨЖ
Тақырыбы : Биологиялық белсенді заттардың шикі сүт секрециясының фракциялау және сүт өнімдері өндірісінде оларды пайдалану
Орындаған: Аман А. С.
Тексерген : Қасымов С. К.
Семей 2015ж
Ғылыми деректерге сүйенсек, биологиялық белсенді қоспалар - тағамдық және дәрілік өсімдіктердің концентраты, жеке немесе тағамға құрамын байыту үшін қосылып қолданылатын аурудың алдын-алу мен ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға арналған табиғи немесе табиғиға жақын заттар компоненті, жануартекті, минералды, өсімдіктекті шикізаттан химиялық синтез жолмен алынған, табиғи тағамдық және биологиялық белсенді заттардың қосындысы.
Биологиялық белсенді қоспалардың екі түрі кездеседі: біріншісі - нутрицевтиктер-нутриенттер (тағам компоненті), яғни, ағзаны тағамдық заттармен қамтамасыз ететін, бірақ оны толық алмастыра алмайтын, тағаммен дәрілік препарат арасындағы аралық зат, екіншісі, парафармацевтиктер - тағамдық және дәрілік өсімдіктердің органикалық компоненті.
Қазақ Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановтың пікірінше, халықтың тамақтану құрылымында «алмастырылмайтын» тағам компоненттерінің жеткіліксіздігінен «жасырын ашығу қаупі» болады, бірақ оны тұрмыстағы халық түсіне бермейді, бұл микро-макронутриенттердің жеткіліксіздігінен көптеген аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Бұндай жағдай туындамас үшін тұтынатын тағам көлемін бірнеше ретке көбейту керек немесе биологиялық белсенді қоспаларды қолдану қажет.
Биологиялық белсенді қоспаларды тұтыну - өте ыңғайлы әрі тиімді.
Биологиялық белсенді қоспалардың ағзаға берер пайдасы мен оның қандай мақсатта қолданылатынын былайша жіктеп берді:
- Әуелі тағамдануды рационализациялау үшін қолданылады. Оның ішінде, тағаммен жеткіліксіз түскен нутриенттер, яғни, аминқышқылдары, көп қанықпаған май қышқылдары, витаминдер, макро-микроэлементтер, тағамдық талшықтар, экстрактивті заттар жетіспеушілігін толтыру және тағам мен энергетикалық қатынасты оптималды ету мақсатында ұсынылады. Сондай-ақ, рационның калориялылығын төмендету арқылы дене салмағын реттеу мақсатында да қолданылады. Себебі, кейбір биологиялық белсенді қоспалар тәбетті төмендету қасиетіне ие. Кейбірі науқастың тағамдық заттарға деген физиологиялық қажеттілігін қанағаттандырады. Созылмалы аурулар кезінде зат алмасу процестерінің бұзылысын алдын-алып, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына ағзаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ағзадан токсикалық немесе бөгде заттарды шығаруға көмектеседі. Ағзаның иммундық жүйесі жұмысын күшейтіп, жалпы жағдайды жақсартады, тонусын көтереді.
Сонымен қатар, ол белсенді қоспалардың қолдануға ыңғайлы әрі қолжетімді екенін айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенген Дария биологиялық белсенді қоспалардың жағымсыз әсерінің төмен екенін салыстырып әңгімеледі. Яғни, осындай қоспалардан болатын жағымсыз әсер - 0, 003% болса, синтетикалық дәрілерде 20-40% болады екен.
Қауіпсіздік жайына тоқталар болсақ, негізі биологиялық белсенді қоспалар биылғы 21 қаңтардағы Үкіметтің №25 қаулысы, ҚР «Техникалық реттеулер туралы» Заңы, «Тағамдық биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» және санитарлық ережелер мен нормалар секілді нормативтік құжаттармен реттеліп отырады. Ал биологиялық белсенді қоспаларды мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу қызметін Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті атқарады және
Қазақ тағамтану Академиясының Сараптамалық Кеңес базасында, төрағасы Төрегелді Шармановтың бақылауымен, сонымен қатар, республикалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті және гастроэнтеролог, кардиолог секілді көптеген маман-сарапшылармен бірігіп жүргізеді.
- Тіркеу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде өндіруші туралы мәліметке сараптама жүргізіледі. Бұнда өнімдердің нормативтік құжатарға сәйкестігі, дайындау түрі, сынақ нәтижесі зерттеледі. Екінші кезеңде санитарлы-гигиеналық зерттеу, яғни, ингредиенттік құрамының сәйкестігі, физико-химиялық көрсеткіштері, ауыр металл тұздарының, радионуклидтердің, пестицидтердің, микотоскиндердің кездесуі, жануарларға жүргізген тәжірибе кезінде ағзаға токсикалық әсері зерттеледі, - деп түсіндіреді ғылыми қызметкер.
Ереже бойынша биологиялық белсенді қоспалардың тіркеу куәлігі екі жыл мерзімге беріледі, егер өндіруші республика аумағында өткізілген клиникалық сынақтан өткен өнім болатын болса үш жылға дейін мерзімі ұзартылады.
Қоспалардың Қазақстанда таралуы туралы айтар болсақ, төрт жыл бұрын мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеуден 913 биологиялық белсенді қоспаның сауда атауы өткен екен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz