Жасушылық инженерия


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы : «Жасушылық инженерия».

Орындаған:Талғатбекова Г. Ж

Тексерген:Жылқыбаева С. Д

Семей 2015.

Жоспар:

1. Жасушалық инженерия

2. Жасушалық инженерияның мәселелері

3. Жасушалық инженерияның басқа биологиялық жəне ауылшаруашылық ғылымдарымен байланысы.

4. Гендік инженерия

Жасушалық инженерия - экономикалық маңызды өнімдерді алуға, өсімдіктердің, жануарлар тектерінің, микроағзалар штаммдарының жаңа сорттарын жасау үшін биологиялық процестерді және жүйелерді қолдануға негізделген, ғылым мен өндірістің жаңа саласы. Биотехнология адам тыныс тіршілігінің әртүрлі саласы үшін маңызды өнімдер алуды басқаруды қамтамасыз етеді. Бұл технологиялар микроағзалар, өсімдіктер және жануарлар жасушалары мен ұлпаларын, сондай-ақ жасушадан тыс заттарды және жасушалар компоненттерінің әртүрлі биологиялық агенттер мен жүйелерінің каталитикалық потенциалын қолдануға негізделеді. Қазіргі уақытта биотехнологияны меңгеру және жасау іс-жүзінде барлық елдердің тыныс тіршілігінде сүруінде маңызды орында тұрады. Биотехнология жетістіктерінің артықшылығы дамыған елдердің экономикалық саясатында негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта биотехнология саласында алдыңғы орындарды АҚШ, Жапония иемденеді, олардың ауылшаруашылығы, фармацевтика, тағам және химия өнеркәсіптерінде биотехнологияның көп жылдық іс-тәжірибелері жинақталған. Ферментті препараттар, аминқышқылдар, ақуыздар, дәрі-дәрмектер өнідірісінде алдыңғы орындарды Батыс Европа елдері (ФРГ, Франция, Ұлыбритания), сондай-ақ Ресей иемденеді. Бұл елдердегі жағдай жаңа техника мен технологиялардың күшті потенциалымен, биотехнологияның әртүрлі салаларындағы қарқынды дамыған фундаменталды және қолданбалы зерттеулермен сипатталады. Жақын арада биотехнологиялық материалдарды және принциптерді қолдану, өнеркәсіптің көптеген салаларын және адамдар қоғамын түбегейлі өзгертеді.

Қазіргі кезде биотехнологиялық жолмен көп мөлшерде, бірақ аз шығынмен, азықтық ақуыз, бактерия, саңырауқұлақтар мен су балдырларының жасушалық массасы алынады, сондай-ақ инсулин, өсу гармоны, интерферон, қан сары суының факторы, моноклональды интиденелер, иммобилизденген ферменттер және басқалар дайындалады.

Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтарын биоконверсиялау жолмен бағалы қайта пайда болатын отын көздері спирттер, биогенді көмірсутегілер, сутегі алынады. Қазіргі кездегі зерттеулер қалдықсыз технологияларды жасау және полимерлерді бұзуға негізделген жаңа белсенді микроағзалар табуға бағытталаған. Көрсетілген мысалдармен биотехнологияның жетістіктері шектелмейді. Сондықтан, сеніммен биотехнологияны -21 ғасыр ғылымы деп айтуға болады, онда қазіргі заманғы ғылыми сыйымдылықтар, ресурстарды үнемдеуші және экологиялық таза өндірістер жасау негізінде биотехнологиялық процестер кездеседі.

Жасушалық инженерияның мәселелері - биологияның екпінді өркендеп келе жатқан саласы. Биотехнологияда биологияның жəне басқа ғылымдардың көптеген салаларының бірлесуі. Биотехнологияның даму кезеңдері. Биотехнологияның объектілері мен əдістері. Биотехнология процестерінің əр алуандығы. Биотехнологияның негізгі бағыттары. Өсімдік биотехнологиясы жəне оның өзгешелігі. Биотехнологияның даму болашағы. Клеткалар мен ұлпаларды жасанды ортада өсіру əдісінің даму тарихы. Əдістің терминдері. Іn vіtro жағдайында өсірілетін өсімдік клеткаларынын ерекшеліктері жəне соның арқасында олардың биотехнологияға негізгі объектісі болуы. Өсімдік биотехнологиясының негізгі салалары. Өсімдік клеткаларын іn vіtro жағдайында өсірудін теориялық жəне əдістемелік негіздері. Клеткалардың қоректенуі. Қоректік орталардың жалпы сипаттамасы. Өсімдіктердің экономикалық маңызы зор заттарын өндірудің клеткалық технологиялары. Өсімдіктердің қосымша метаболиттері. Өсімдіктерді клондық микрокөбейтудің пайдасы. Клондық микрокөбейтудің əдістері. Қолтық бүршіктердің дамуын индукциялау. Гаплоидтардың селекциядағы маңызы. Тозаңқаптарды іn vіtro өсіріп гаплоидтарды алу. Клеткалық инженерия - өсімдіктердің түбегейлі жаңа фомаларын шығару жолы. Гендік инженерия - рекомбинанттық ДНҚ-ны құрастыру əдісі. Басқа организмге тасымалданатын қажетті генді бөліп алу. Іn vіtro гендер банкін жасау. Өсімдік клеткаларын мұздатып сақтау. Клеткаларды мұздатуға дайындау. Криопротекторлар. Мұздату мен сақтау. Еріту жəне криопротекторлардан тазарту. Клеткаларды қайтадан өсіру жəне оларды талдау.

Жасушалық инженерияның басқа биологиялық жəне ауылшаруашылық ғылымдарымен байланысы .

Даму биологиясының жетістіктерімен жануарлар биотеотехнологиясымен байланысы. Негізгі жаналықтар. Жануарлар биотехнологиясы негізгі объекттері. Лабораториялық жағдайда жануарларды бағып ұстау жəне көбейту. Ғылыми жəне практикалық жануарлар биотехнологиясының мақсаты үшін клеткалық культураларды модельдік жүйелер ретінде қолдану. Даму биология əдістерін қолдануға негізделген жануарлар биотехнологияның жетістіктері. Жануарлар биотехнологиясында қолданылатын əдістер жəне қолданалатын деңгейдегі құрылымдар. Биоэтикалық сұрақтар. Биотехнология саласындағы зерттеулеуге бақылау жəне биотехнологиялық патенттелген өнертабыс. Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері: ДНҚ жəне РНҚ. Малды қолдан ұрықтандырудың негізгі бөлімдері (мысалда лаборатоиялық тышқан) . Химер алудың тарихи зерттеулері. Біріншілік жəне екіншілік химиерлігі. Үй жануарларының спонтанды түрдегі химерасы пайда блуы жəне табиғатты (фриматриндер) . Медицина саласында радиация əсерінен химера туылуын зерттеу. Жануарларды клондаудың тарихи зерттеулері. Генетикалық трансформация зерттеулерінің даму тарихы. Гендік-инженерлік биотехнологияның негізгі бағыттары. Жануарлар ұлпасынан клетка - суперпродуценттерді алу. Шаруашылыққа бағалы белгілерімен жаңа малдар алу. Тез өсетін трансгендік жануарларды алу. Жануарлар биотехнологиясында қолданылатын əдістер жəне қолданалатын деңгейдегі құрылымдар. Биоэтикалық сұрақтар. Биотехнология саласындағы зерттеулеуге бақылау жəне биотехнологиялық патенттелген өнертабыс.

Жасушалық инженерия жоғары сатыдағы организмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың жеке жасушаларын және ұлпаларын жасанды көректік орта жағдайында өсіру. Жасушалық инженерия әдісі арқылы бір жасушаның ядросын екінші жасушаға көшіру және ядросыз жасушаларды өсіріп алуға болады. Жасаңды көректік ортада, яғни "in vitro" (жасанды) жағдайында жануарлардың (ит пен мысықтың, тышқан мен адамның) гибридтік жасушасын алған. Жануарлар жасушасын коректік ортада ұзақ өсіруге болады. 1997-1999 жылдары жануарлар инженериясын зерттейтін ғалымдар үлкен табысқа жетті. Англияда Розлин атындағы институттың ғалымдары алты жастағы саулық қойдың желінінің жасушасын "in vitro" жағдайында өсіріп, анасы тектес ұрпақ алды. Жапон елінде осындай өдісті қолданып, ірі қара малдың тұқымын, Оңтүстік Африка мен АҚШ-та кұрбақа мен тышқанның дараларын шығарды. Қазір өсімдіктер биотехнологиясының ауыл шаруашылығында маңызды бағыттары коп-ақ. Біріншіден, есімдіктердің кез келген органдарынан жасушасын алып, коректік орта жағдайында өсіріп, тұтас өсімдік алуға болады. Екіншіден, осы әдіспен бір жылда 1 млн есімдік алуға болар еді. Үшіншіден, жасушалық биотехнологияға негізделген жасанды коректік ортада синтезделетін экономикалық маңызды косымша заттарды (алка-лоидтер, гликозидтер, хош иісті майлар, дәмді заттар, табиғи бояулар, т. б. ) алуға болады. Төртіншіден, өсімдіктерді клондық көбейтуге және сауықтыруға болады. Мысал ретінде, Қазақстанда алғаш рет өсімдіктер биотехнологиясының негізін калаған профессор Ізбасар Рахымбаевтың басшылығымен, микрокөбейту әдісін пайдаланып, өсімдіктердің 2400-ден астам түрлерін шығарды. Осындай жұмыстардың нөтижесінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің генофондысын сақтауға және көбейтуге, сәндік өсімдіктердің бірегей сорттарын тез арада көбейтін алуға мүмкіндік туды. "In vitro" жағдайында сауықтыру әдісін қолдану арқылы шаруашылықта пайдаланатын картоптың барлық бағалы сорттарын шығаруға болады. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің өсімдіктер физиологиясы және биохимия кафедрасында бидай мен арпа тозаңқаптарын өсіру жұмыстары табысты жүргізілді. Гаплоидтік регенерант өсімдіктер алынды. Қытай ғалымдары андрогендік гаплоидтер негізінде күріштің, бидайдың, жүгерінің, қара бидайдың, арпаның, т. б. дақылдардың сорттарын шығарды. Бір жасушадан алынған тұтас есімдік және оның ұрпақтары белгілі антибиотикке төзімді болады. Осында көрсетілген әдіс бойынша есімдіктердің температураға, тұзды топырақ және зиянды жөндіктерге төзімді касиеттерін арттыруға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патологиялық анатомияның тарихы
Патологиялық анатомияға кіріспе
Патологиялық анатомияның дамуы
Шарап - жүзімнен жасалатын алкаголді ішімдік
Вирусты инфекциялардың жасушалармен әрекеттесуі
Биотехнология және оның негізгі бағыттары
Гендік инженерия мәні
Генетикалық инженерияның деңгейлері және хромосомалық,клетка инженериясы
Модификацияланған ағзаға генді вектормен енгізу
Биотехнология және генетикалық инженерия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz