Өскемен қаласындағы қатты және тұрмыстық қалдықтардың құрамы


Өскемен қаласындағы қатты және тұрмыстық қалдықтардың құрамы.

Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бүкіл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауып-қатер тудырады. Қалдықтардың шығарудың негізгі көздеріне-өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы тұрмыстық болып табылады. Әрине, салыстырмалы түрде өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыстық қалдықтарынан жиырма еседен артық келеді. Жалпы, қалдық дегеніміз-пайдаланылған соңғы өнімдерді айтуға болады. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалық), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, май мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер (өртеуге болатын және болмайтындар) жатады. (суретте көрсетілген) .

Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар екі үлкен топқа бөлінеді - өндіріс қалдықтары және тұтыну қалдықтары. Өндіріс қалдықтарына - бұйым алу процесінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар шикізатты физико-химиялық жолмен өндегенде, пайдалы кендерді шығарғанда немесе байытқанда шыққан бірақта өндірістік процестің бағытталған мақсатына жатпайтын өнімдер кіреді. Оларды шамалы өндегеннен кейін халық шаруашылығында немесе шикізат ретінде басқа өндірісте, немесе отынға пайдалануға болады. Өндіріс қалдықтарына сыртқа тасталынатын технологиялық газдарды немесе ақаба суларды тазалағанда шыққан қатты заттарда жатады.

Тұтыну қалдықтарына - пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдармен материалдар жатады. Олар өндіріс жағдайында белгілі тәртіппен шығынға жығарылады, ал тұрмыста тасталынады.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтары пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатындарға - өндейтін технология бағытына байланысты өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа салаларында шикізат, шығарылатын өнімге қосымша зат, отын, жем, тынайтқыш ретінде пайдаланылатын қалдықтар жатады. Осы кезеңде өңдеу жүргізетін технологияның болмағанына және алынған өнімдеріне тұтынушының жоқтығына байланысты немесе экономикалық тұрғыдан қолдануға тиімсіз қалдықтарды пайдаға асырылмайтындарға жатқызылады.

Осы пайдаға асырылатын және асырылмайтын жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.

Жанбайтын - пайдаға асырылмайтын тұрмыстың және өндірістік қалдықтарға мәселен: өндірісте; кектер, руданы байытқанда шыққан қалдықтар т. б. Тұрмыстық бағытта: шыны сынығы, плассмасса бөлігі, целлулоза т. б қарастырамыз. Бұларды өндейтін технология әзірше болмағандықтан зиянсыздандыру үшін көмеді.

Жанатын - пайдаға асырылатын қалдықтарға тұрмыста: ағаш қалдығы, макулатура, тоқыма материалдарының қалдығы, құрамында резина бар қалдықтар, істен шыққан жарамсыз шайларды, еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшінкамералық цехта жағады да, жағу процесінің нәтижесінде шыққан қалдықтарды көмуге жіберіледі. Фазалық жағадай бойынша қалдықтар қатты, сұйық және газ тәрізді фазалардың қоспасы болып бөлінеді.

Басқа елдердегідей тұрмыстық қатты қалдықтармен ластануы Өскемен қаласында да басты мәселе болып отыр. Тұрмыстық қатты қалдықтардың құрамы бойынша әр-түрлі: тағам қалдықтары, қағаз, метелл сынықтары, резина, шыны, ағаш, синтетикалық заттар т. б болып келеді. Тұрмыстық қатты қалдықтардың талдауының көрсетуінше олардың негізгі массасы органикалық компанентерден тұрады (80%-ға дейін), зерттеу нәтижелері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардың ылғалдылығы (3-5%-ға), күлділігі (50%-ға дейін), бөлшектер мөлшері (1-3мм 70%) . Химиялық құрамы бойынша органикалық заттарға: амиак және нитрат азоты, жалпы фосфор және калий, кальций, көміртегі, хлориттер, сульфаттар енеді. Органикалық сипаттың құрамында органикалық көміртектің жалпы мөлшері - 90%-дай бар, ал көміртектің азотқа қатынасының индекісі орташа 14%-ды құрайды. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтардың жиналған құрамында жоғары мөлшерде тынайтқыш қасиеттері бар:азот-2%, фосфор-5% және калий-4%, органикалық заттардың құрамы-40-75%, көміртегі-35-40%, құрғақ қалдықтар массасына күлділігі-40-5%. ТҚҚ-дың минералды бөлігі калций, магний, темір, силициум қосылыстарынан тұрады.

Жалпы, жыл сайын қалалық орталық полигонға тұрмыстық қалдықтардың 7т жинақталады екен. Оның негізгі бөлігінің 30%-ы әр түрлі орауыш материалдар, сондай-ақ 10%-ы пластикалық заттар. Соңғы жылдары, тұрмыстық қатты қалдықтарының құрамында тағам қалдықтарының, терінің, резинананың, шынының бөліктері азайып, сәйкесінше орауыш материалдардың құрамы өсуде (қағаз, картон, синтетика, яғни біздің қалада қалдықтарыдың пайдалану жолдары қарастырылуда. Өскемен қаласы аумағында жүргізілген жартылай тексеруде 6 ірі және 25 шағын санкциясыз қоқыс үйіндісі бар.

Қоқыс үйіндісін саны жағынан Меновное селосы алдыңғы қатарда, одан кейінгі Славский атындағы жағалауы, бұнда 5 қоныс үйіндегі орналасқан. Үлбінің сол жағалауында орналасқан жеке меншік үйлер тұрмыстық қалдықтарды өзенге тастайды. 1 киллометрге жуық жағалауға пайдаланылған қалдықтар тасталған, оның бір бөлігі су ағынына орналасып қалған. Металлург кешені мен КШТ аумағындағы қоқыс үйіндісіне сан жетпейді. Бұл негізінен құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыстан құралған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өскемен қаласының қатты және тұрмыстық қалдықтармен ластануы
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын азайту»
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ
Ластанған топырақтың мониторингі
Өскемен қаласының тұрғындарының денсаулығына ауыр металдардың әсер етуіне баға беру және талдау
Ауаның ластануын талдау әдістері
Ауыр металдардың топыраққа әсері
Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер
ЕРТІС ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz