Апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының міндеттері туралы



1. Апаттық.құтқару қызметтері мен құрылымдарының міндеттері.
2. Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық.құтқару жұмыстарының түрлері.
3. Пайдаланылған әдебиеттер.
Осы заң табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған апаттық құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуымен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды реттейді, құтқарушылардың мәртебесін белгілейді. Осы заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Апаттық – құтқару қызметі – негізін өзінің құрылымдық жағынан апаттық – құтқару жұмыстарымен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы құтқарушыларды, кіші, орта және жоғарғы құрамдағы осы жұмысты басқарушы – құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын апаттық-құтқару құрамалары құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;
Апаттық – құтқару құрамасы – негізін арнаулы техникамен, жабдықтармен, құралдармен және материалдармен жарақтандырылған құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе апаттық құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым;
Құтқару жұмыстары – төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени қазыналарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды бір шектен шығармау жіне соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын бар немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейіне түсіру жөніндегі іс-қимылдар;
1. Алексеев Н.А. Стихийные явления в природе: проявление, эффективность защиты. – М. : Мысль, 1988. – 255 с.
2. Қ.Р. «Авариялық -құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы» заңының 11 бабы. 2000.06.23 №55
3. Қ.Р. «Авариялық -құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы» заңының 23 бабы. 2004.06.15 №563

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының міндеттері. Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстарының түрлері.
Орындаған:Амиргазинова Б.Б.
Топ: БЖ-315
Тексерген: Бакирова Л.С.

Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы

Жоспар:
1. Апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының міндеттері.
2. Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстарының түрлері.
3. Пайдаланылған әдебиеттер.

Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңы
Осы заң табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған апаттық құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуымен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды реттейді, құтқарушылардың мәртебесін белгілейді. Осы заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Апаттық - құтқару қызметі - негізін өзінің құрылымдық жағынан апаттық - құтқару жұмыстарымен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы құтқарушыларды, кіші, орта және жоғарғы құрамдағы осы жұмысты басқарушы - құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын апаттық-құтқару құрамалары құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;
Апаттық - құтқару құрамасы - негізін арнаулы техникамен, жабдықтармен, құралдармен және материалдармен жарақтандырылған құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе апаттық құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым;
Құтқару жұмыстары - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени қазыналарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды бір шектен шығармау жіне соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын бар немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейіне түсіру жөніндегі іс-қимылдар;
Төтенше жағдайларды жою кезіндегі шұғыл жұмыстар - құтқару жұмыстарын жан - жақты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету.
Апаттық құтқару құралдары - техникалық, ғылыми техникалық және санаткерлік өнім оның ішінде байланыс пен басқарудың мамандандырылған құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың технологиясы жөніндегі техника мен жабдықтар құралдар, әдістемелік кино - фотоматериалдар, сондай ақ құтқару жұмыстарымен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге құралдар.
Төтенше жағдайды жою басшысы - төтенше жағдайда дер кезінде жұмыстарды жүргізуді басқаратын басты және жауапты адам. Орталық немесе атқарушы органдар тағайындаған адам;
Апаттық-құтқару қызметі мен құралымдарды төтенше жағдайлардың салдарын жоюға тарту
1. Апаттық-құтқару қызметтерін төтенше жағдайлардың салдарын жоюға тарту:
1) төтенше жағдайлардың туындауы және дамуы кезінде;
2) авариялық-құтқару қызметтері және құралымдарымен қызмет көрсетілетін объектілер мен аумақтарда;
3) төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-қимылдар жоспарларына сәйкес;
4) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдардың қызметтеріне басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдарының шешімі бойынша, сондай-ақ аумағында төтенше жағдайлар қалыптасқан мемлекеттік орган немесе ұйымдардың сұрау салуы негізінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде төтенше жағдайлардың салдарын жоюға кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тарту Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
3. Шарт негізінде қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын уәкілетті лауазымды адамның шешімі бойынша төтенше жағдайларды жоюға тарту сол объектілерде олардың қорғанысын қажетті деңгейде қамтамасыз ететін күштер мен құралдардың жеткілікті санының міндетті сақталуы жағдайында жүзеге асырылады. Ішкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштерi мен құралдарын төтенше жағдайларды жоюға тарту. Iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың күштерi мен құралдарын төтенше жағдайларды жоюға тарту Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының қызметтеріне көмек көрсету
1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар төтенше жағдайлардың аймақтарына бара жатқан және төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізетін және орналасқан жеріне қайтып келе жатқан авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарына барынша көмек көрсетуге мiндеттi.
2. Авариялық-құтқару мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар жүргiзілетін жерге бара жатқан кезде кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының жедел көлiгi, оның iшiнде уақытша тартылған және жалға алынған көлiк кедергiсiз жүру құқығын, аэродромдарда, май құю станцияларында, теңiз және өзен порттарында жанар-жағармай материалдарымен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станцияларында, аэродромдарда, теңiз және өзен порттарында жөндеу жұмыстарын бiрiншi кезекте жүргiзу құқығын пайдаланады.
Авариялық-құтқару қызметтерінің құқықтары мен жауапкершілігі
1. Төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде авариялық-құтқару қызметтері азаматтарды құтқаруға және төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталған шараларды қабылдау үшін ұйымдардың аумағы мен өндірістік объектілеріне, тұрғын үй-жайларға кедергісіз кіруге құқылы.
2. Авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамы, төтенше жағдайлардың салдарын жоюдың өзге де қатысушылары азаматтардың қаза болуын алдын алу және оларды құтқару бойынша шараларды қабылдау кезінде келтірілген шығынды өтеуден босатылады.
Уәкілетті органның жедел резерві
Уәкілетті органның жедел резерві алдын ала құрылады және кезек күттірмейтін және бірінші кезекті тіршілікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар аймағында зардап шеккен халыққа кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету және Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюмен байланысты бірінші кезекті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының міндеттері
ТЖ кезіндегі құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Азаматтық қорғаныстың міндеттері
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Төтенше жағдайда қорғау
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері
Медицина қорғаныс құралдары
Техногендік сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Азаматтық қорғаныс— жалпымемлекеттік шаралар жүйесінін құрамдас бөлігі
Пәндер