Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай жайлы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай.
Орындаған: Жәлелова М. С.
Тобы: ФИ-403
Тексерген: Қадыров А. Қ.
Семей қаласы 2015ж.
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай.
Жоспары:
- Бұқар жырау және Бұқар толғаулары Абылай дәуірінің айнасы.
- Абылай ханның тарихи өмірі.
- Әбілмансұрдың Абылай атануы.
- Бұқар толғауларындағы Абылай хан.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787) - әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны көмекей әулие деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбінесе Абылай ханның өтінішімен, «сәуле айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәтте Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысынан да үлкен сенім артқан. Бұқар толғаулары шындығында да Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Абылай - Жәңгір ханныңбесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле биоған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т. б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. 1723 жылы жоңғар билеушілері қазақ жеріне сансыз әскермен басып кіріп, ойран салды. Қалың ел «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған зұламатқа ұшыраған кезде Әбілмансұр он екі жаста еді. Ол аш - жалаңаш жүріп, зар жылаған халықты көзімен көрігені былай тұрсын, азап - бейнетін, кек пен ызасын, арман мен тілегін жамиғатпен бірге арқалаған ұлдардың бірі болды. Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы хандық билікке қол жеткізуді көздеп, орыстармен байланысқа шыққан кезде, қазақ жасақтарының жауынгерлік қуатына үлкен нұсқан келеді. Ел ішінде үлкен алауыздық асқынады, берекесіздік етек алады. Бұны білген жоңғарлар қазақтарды келемеждеп, намысын таптап, жігерін құм қылу үшін дүбірлі жекпе - жектерге қазақ батырларын шақырады. Сондай жекпе - жектердің бірі де бірегейі 1731 жылы болады. Оған жауласқан екі жақтың хандары да қатысады. Осы жекпе - жекке жоңғарлар Қалден Серен ханының жақыны, атақты батыр Шарышты шығарады. Қазақ жасақтарынан оған қарсы шығуға ешкімнің жүрегі дауаламайды біраз тыныш тұрып қалса керек. Сонда Шарыш: «Ең мықты батырыңды шығар, болмаса туыңды жығып жеңілді де! - деп айбар шегеді. Осы кезде Сабалақ намысқа шыдамай, Әбілмәмбет ханнан сұранып сайысқа шығады. Ол майданға шыға сала «Абылай-лап, шауып барып Шарыштың басын шауып түсіріп: «Жау қашты, жау қашты!» деп, жоңғар тобына тұра ұмтылады, жиылған жұрт оның артынан лап қояды. Есі шыққан жоңғарлар алды - артына қарамай тым - тырақай қаша жөнеледі. Абыр - сабыр басылып, ел қайта жиналғанда Әбілмәмбет хан Сабалақтан: «неге Абылайлап ұран салдың?» деп сұрайды. Сонда ол «өз атым Әбілмансұр, мен қанышер атанып кеткен Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болатын атамның атын шақырғаным - жолым болар ма дегенім ғой» - дейді. Сол орында - ақ Әбілмәмбет оған атың «Абылай» болсын деп, үш жүзден тоқсан жақсыны ертіп барып, Жәнібек деген кісіден бата алыпты. Бұқар толғауларында оны жан-жақты жырлап, оның жетістігі мен кемістігін де жұрт алдында жайып салып отырған.
Алыстан тоят тіледің,
Қылышыңды тасқа біледің.
Алмаған жауың қоймадың,
Алған сайын тоймадың.
Несібеңді жаттан тіледің, - десе, Шоқан осы жырау айтқан пікірді одан әрі жандандырып: «Абылай дәуірі - қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналған», - деп жазса, біз мұны өте дұрыс баға деп білеміз. Бүгіннің белес-белес биігінен өткен ата-баба жолына көз жіберсек, олардың әділетті істеріне, әлуетті мінездеріне, жомарт жандарына, асқақ та айбынды жырларына таң-тамаша қаламыз. Бұл орайда, әсіресе XVIII ғасырдағы ата-бабамыздың береке-бірлікке, ынтымаққа, ерен ерлікке толы ғажайып заманы қызықтырмай қоймайды. Қаншама ала шапқын, ұрыс-керіс болғанына қарамай, ел іші әділетті билік құрған соң да ол кезең «қой үстіне бозторғой жұмыртқалаған» дәуір болыпты деседі. Біз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына жүгінсек, ол: «қалмақтың құтын қашырып, Сарыарқадан аударған, қалмақтың басына қан жаудырған Абылай хан екен. Сол заманда сүрген дәуренді Қазақбайдың баласы Абылайдан бұрын көрген емес, Абылайдан соң бұл заманға дейін де көрген емес» - десе, әрине, «ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» деген сөз де дәл осындайдан туған. Әйтпесе қалың қазақ қашаннан бір-бірімен балдай тату болса жер де, көк те өзіміздің меншігіміздей, қара жерде алшаңдап баспас па едік?! Осы себепті де Бұқар жырау:
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін.
Жат бойынан түңілсін,
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз,
- деп толғанған ғой.
Расында, ауызбірлікті болуды ата-бабамыз айтқан. Өйтпесе «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген қанатты сөз де тегіннен-тегін шықпас еді. Бүгінгі әңгіме арқауына айналып отырған Бұқар жыраудың хан - Абылайдан бастап, ел бастаған көсемге, сөз бастаған шешенге ақыл-тоқтау айтпағаны бар ма?! Бір заманда өткен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің ынтымағы қай кезде де ауадай қажет. Аталарымызға қарасақ, ұйыған сүттей, үлбіреген гүлдей ел екенбіз, осы күнге дейін арамызға ши жүгіртіп, арандатқан да бөгде пейіл, бөтен жұрт екен. Енді бүгін егемен ел болдық, Аллаға шүкір, «қазақпын» деп еңсемізді көтеріп жүретін жағдайға жеттік. Әсіресе дәл осы кезеңде ел намысын ту етіп көтерген Абылай ханның жолы да, оған нұсқа айтқан Бұқардың кемеңгерлігі де аса қымбат, аса қастерлі. Бұқардың бүкіл өлең-толғауларын, аңыз-әңгімелерін, шежіресін жазып қалдырған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Қаржас Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау деген қария болған екен. Заманындағы сыншылар ол кісіні «Көмекей әулие» дейді екен. Сол Бұқар Абылай ханға айтқан екен: «Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше еңсегей бойлы Ер Есімге де жолдас болдым, сен оның бір түстігіне де жарамайсың», - депті. Ақынның осындай асыл қасиетіне терең бойлаған Мұхтар Әуезов: «Ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс болатын жақсылардың сөзі көптің көзінде мінсіз, толық болуы шарт. Көлденең кісі мін таба алмайтындай қорғасындай ауыр, оқтай жұмыр, өтімді болуы керек. Сол себепті бұлардың сөзі асыл өлең өлшеуімен шығуы шарт болған. Айтылған сөз: тақпақ, толғау сияқты болса ғана ел көзіне мінсіз, асыл болып көрінетін», - дейді. Біз XVIII ғасырды әдебиетіміздің алтын ғасыры деп бағалайтын болсақ, онда сол кезеңнің алтын шаңырағы деп Бұқарды айтқан болар едік. Өйткені Бұқар - бүкіл сол дәуірдің тарихи шындығы мен әлеуметтік мәселелерінің жыршысы. Атамыздың әр толғауы дастан сияқты қабылданады. Енді біз жыраудың Абылай ханға айтқанына құлақ түрейік:
Ай, Абылай, сен он бір жасыңда Әншейін-ақ ұл едің.
Он бес жасқа келгенде Арқада Әбілмәмбет төренің
Түйесін баққан құл едің,
Абылай атың жоқ еді,
Сабалақ атпен жүр едің.
Оны да көрген жерім бар.
Жиырма беске келгенде,
Бақыт берді басыңа,
Тақыт берді астыңа.
Отыз жасқа келгенде,
Дүниеге кең едің.
Отыз беске келгенде,
Қара судың бетінде
Шайқалып аққан сең едің.
Қырық жасқа келгенде
Алтын тонның жеңі едің.
Қырық беске келгенде,
Жақсы-жаман демедің.
Елу жасқа келгенде
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің.
Елу бес жасқа келгенде,
Жақсы болсаң толарсың,
Жаман болсаң, маужырап барып соларсың.
Алпыс бес жасқа келгенде,
Әрбір атқа қонарсың - деген жыраудың осы толғауы адамның ішкі жан дүниесін еріксіз тербейді, ханның қарсы алдында тұрып, оның кеше кім болғанын, қаймықпай жырлайды. Тіпті, Сабалақ деген атпен түйе баққанын да, әншейін-ақ екінің бірі болғанын да айтып салады. Осы орайда Бұқарға қандай риза болсаңыз, хан басымен осындай зілбатпан сөзді көтерген Абылайға да сүйсінесіз. Бұдан әрі қарай жыраудың Абылай ханның жеке басындағы айрықша қасиеттерді термелеп кетуі де оның кемеңгерлігін, аса парасатты жан екенін байқатады. Әсіресе ханның әр жасының өзіндік қадір-қасиетін сымға тартқан күмістей шебер суреттеуі, мөлдірете айта білуі кім-кімді де ойландырып тастары анық. Ақын Абылайдың жиырма бес жасында Алланың жебеп-желеуімен басында бағының, астында тағының болғанын бір дәріптесе, отыз жасқа келгенде бүкіл әлемге ой көзімен қарап, еш нәрседен тарынбағанын, бар әлемге кең тыныспен қарағанын да байқаған. Ал ханның не бәрі отыз бес жасында «Қарасудың бетінде шайқалып аққан сең» екенін де ескертіп кетеді. Біз жыраудың қырық, қырық бес, елу жасындағы Абылайдың алған қамалы мен шыққан биігін соншама дәл айтқанына да дән риза боламыз. Ханның барлық іс-әрекетін екі көзімен бірдей бақылап отырған жырау оның не істеп не қоятынына дейін күнделікті араласып отырған:
Абылай ханның қасында
Бұқарекең жырлайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz