Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы туралы мәлімет


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Реферат

Тақырыбы: Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы

Орындаған: Жәлелова М. С.

Тобы: ФИ-403

Тексерген: Жүндібаева А. Қ.

Семей қаласы 2015жыл.

Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы.

Жоспары:

  1. Қазақ әдебиеттану ғылымы пайда болуындағы тарихи алғышарттар кезеңі.
  2. Әдебиеттану ғылымының пайда болу кезеңі.
  3. Әдебиеттану ғылымының даму кезеңі.

Жалпы әдебиеттану ғылымы - қазақтың ұлттық көркем әдебиетін зерттейтін ғылым. Қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, сыны, сондай-ақ текстологиясы мен библиографиясын қарастыратын салалары бар. Қазақ әдебиеттану ғылымының мақсаты мен міндеті - қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу, әдеби құбылыстар мен әдеби теориялық, және ғылыми зерттеушілік ой-пікірлерді анықтап, ғылым жүйесіне түсіру және әр түрлі қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар барысында ұлттық әдебиеттің халық руханиятына, қоғамдық сана-сезімі мен ұлттық таным білігіне жасайтын ықпалын айқындау. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық ғылым ретінде туу, қалыптасу және даму жолы негізінен былайша жүйеленеді:

Қазақ әдебиеттану ғылымы пайда болуындағы тарихи алғышарттар кезеңі. Бұл кезең ежелгі әдебиеттен басталып, қоғамдық даму сатыларына сай ХХ-ғасырға дейінгі уақыт аралығын қамтыды. Түркі жазба ескерткіштерін хатқа түсіруден бастап, ХІХ-ғасырдың соңына дейін созылған ұзақ мерзім. Қазақ әдебиеттану ғылымының тууына дейінгі тарих алдындағы дайындық кезең болғандығы, тарихи сабақтастық принципіне сай өсу-толысу, эволюциялық даму сипатында өткені анықталды. Ол ХІХ-ғасыр шегінде Ресей ориенталист-фольклортанушы ғалымдарының еңбектерімен ғана шектелмей, ұлтттық зиялы қауым өкілдерінің фольклортану, әдебиет тарихы мен теориясы салаларындағы зерттеу еңбектерінде белгілі бір дәрежеде өсіп, ұлттық ғылымның дамуына негіз болды.

Қазақ әдебиеттану ғылымының пайда болу кезеңі ХХ-ғасырдың басында ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясы мәселелерінің нақты сөз бола бастауы, библиографиялық бағытта алғашқы қадамдардың жасалуы әдебиеттану ғылымының пайда болғандығын көрсетті. Әдеби мұраны ғылыми игерудегі барлық талап-тілек пен әдіс-тәсілді меңгеруге дейінгі ғылыми жетістіктер мен талап міндеттерді арттырды. Әдеби мұраны игеруде бірыңғай ағым теориясының оң бағытын пайдаланды, оны жинау, жариялау, бағалау, заман талабына сай пайдалану, үйрену секілді өзекті мәселелерді шеше алды. Ал 30-жылдары “тұрпайы социологизм” теориясының ықпалында бола тұра, фольклор мен қазақ әдебиетінің сан ғасырлық даму жолын тарихи тұрғыдан тану, зерттеу және кезеңдерге бөлу секілді келелі мәселелерге батыл бара білді.

Сонымен қатар, осы уақыт аралығы әдебиеттану ғылымы үшін ғылыми зерттеу әдіснамасын меңгеру, идеялық, шығармашылық принциптерді игеру кезеңі болды. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі тап келген бұл мезгіл республика тарихындағы өте ірі оқиғалар мен орны толмас қателіктерге толы кезең еді. Халық ағарту ісінің жолға қойылуы, мәдениет орындары мен зерттеу институттарының ашылуы, баспасөздің өркен жаюы, т. б. әдеби-мәдени іс-шаралар әдеби мұраны игеруге қолайлы жағдай туғызғанымен, ұлт саясатының бұрмалануы, жеке басқа табынушылық, маркстік-лениндік әдіснаманың тапшылдық, партиялық талаптары оған кері әсер етті. “Ұлтшыл-алашшылдарға” қарсы күрес пен 37-жыл зұлматы Қазақ әдебиеттану ғылымының ізбасарларын, тәжірибелі әдебиетші ғалымдарды қуғын-сүргінге ұшыратты әдеби жұмыспен еркін шұғылдануға мүмкіндік бермеді. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, қазақ әдебиеттану ғылымы 1900-1940жылдары аралығында өзінің туу кезеңін аяқтады. Қазақ әдебиеттану ғылымы бұл тұста қазақ әдебиеті тарихын кезеңдеуде, жеке ақын-жазушылар шығармалары моногр. тұрғыда зерттеуде, фольклортану мен әдебиет теориясының мәселелерінде көңіл аудараралық соны қадамдар жасады. 50-жылдардың орта кезінен басталған жаңа бетбұрыс жеке басқа табынушылықтың зардаптары мен бұрмалаушылықтарды түзете бастағанымен, Қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық мақсат-мүддеге сай ізденістер жасауына мүмкіндіктер бермеді. Маркстік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялылығы қағидалары, ұлттық нигилизмнің өріс алуы зерттеушілік ой-пікірдің адымын аштырмады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы туралы
Университет кітапханасының ғылыми залында жұмыс жасау
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері
Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы
Мұхаметжан Қожаcбайұлы Қаратаев – әдебиет сыншысы
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы жайлы
Драма мен театр байланысы
Әуелбек Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz