Оттегімен емдеу әдістері жайлы мәлімет


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы : Оттегімен емдеу әдістері

Орындаған : Сырымова. Б. Е

Тексерген : Ахметжанов О. Н.

Семей 2015

ЖОСПАР:

  1. Аурулардың әсерінен болатын организмдегі оттегінің

жеткіліксіздігі туралы

2. Дем алу процесі

3. Оттегін тыныс алу жолдары арқылы жіберу әдісі

4. Оттегін құрсақ қуысына жіберу арқылы емдеу әдісі.

5. Пайдаланылған әдебиеттер

Аурулардың әсерінен болатын организмдегі оттегінің жеткіліксіздігі туралы. Организмнің қалыпты жағдайда өмір сүруі үшін бірден - бір қажет нәрсе - ол оны керекті мөлшерде оттегімен қамтамасыз ету. Оттегінің тікелей қатысуы арқылы жүретін зат алмасу процесі организмде болатын барлық құбылыстарға пайдаланылатын энергияның көзі болып табылады.

Көптеген зерттеушілер біздің планетадағы жоғарғы дәрежедегі тіршіліктің пайда болуын жәнеде оның ары қарай эволюциялық жолмен дамуын оттегінің жиналуының әсерімен тығыз байланыстырады.

Оттегі мал организміне атмосферадан тыныс жолдары арқылы тарайтыны белгілі. Ол жоғарғы тыныс жолдары арқылы өкпе альвеоллаларына жетіп, қанға сіңеді. Оттегін өзіне сіңірген қан, үлкен қан шеңбері арқылы организмге тарайды. Қан тамырларының әрбір бөлігіндегі қысым мөлшері әртүрлі болады. Оны жүрек жирылғандағы қанға берілетін потенциалды энергия деп түсінген дұрыс. Қан қысымы, сынап бағанасымен алғанда, ең жоғарғы мөлшерде аортада - 150-180 мм, одан кейін артерияларда - 110-120 мм, вена капиллярларында - 8-15 мм, ал үңгір веналарда атмосфералық қысымнан - 2-6 мм төмен болады.

Қысым мөлшерінен басқа қан ағысына қосымша әсер ететін факторлар:

  • Қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы;
  • Вена қан тамырларының қабырғаларының серпімділігі;
  • Веналарда қалталы қақпақшалардың болуы,
  • Кеуде қуысының кері қысымы;
  • Капиллярлардың қабырғаларында жиырылғыш торшалардың болуы.

Міне, оттегінің өкпе альвеоллалары арқылы қанға сіңуі осындай заңдылықтардың саұталу нәтижесінде іске асады, ол әсіресе альвеолла ауасындағы оттегінің парциалды қысымына тығыз байланыста болады.

Альвеолла ауасы дегеніміз альвеоллаға жеткен атмосфералық ауа мен малдың дем шығарғаннан кейінгі альвеоллада қалған ауаның араласқан түрі.

Дені сау малдардың альвеоллалық ауасындағы оттегінің парциалды қысымы орта есеппен 80 мм с. б болады. Егерде бұл қысым осы көрсеткіштен төмендеп кесе, онда альвеоллалардың қабырғасы арқылы оттегінің қанға сіңуі де азаяды. Ол қысым 50 мм с. б болғанда оттегінің қанға сіңуі тоқталады да, организмде оттегінің жетіспеушілік жағдайы туындайды. Ондай жағдайдың көптеген себептері бар: кейбір себептері мал мүшелері мен жүйелерінің функционалдық жағдайына байланысты болса, ал кейбір себептерінің оларға байланысты болмауы да мүмкін. Мысалы, бірінші жағдайға тыныс алу жиілігінің және ырғақтығының бұзылуларының тікелей қатысы бар.

Дем алу процесі - керенау процесс. Ол өкпе ұлпасының серпімділігінен жиырылу кезінде іске асады, өкпе желдетіледі. Оның мөлшері терең тыныс алу көрсеткішімен анықталады. Ол көрсеткіш малдың бір тыныс алу қимылындағы өкпеге сорылған ауаның мөлшерімен тен, осы арқылы малдың бір минуттағы дем алғанауасының мөлшерін анықтауға болады. Бұл көрсеткіштер жыл маусымына байланысты, тыныш тұрған жағдайда, әртүлік мал үшін белгілі бір мөлшерде болады. Міне, осындай табиғи заңдылықтар сақталғанда ғана организмде қажетті оттегі атмосфералық ауадан толық алынады. Ал ондай заңдылықтар сақталмаған жағдайда организмде оттегінің жеткіліксіздігін тудыратын өзгерістер пайда болады. Егерде тыныс алу процесі жылдамдайтын болса, онда терең тыныс алу көрсеткіші азаяды да, әрбір дем алу қимылына босатылған аз уақыт ішінде атмосфералық ауа керекті мөлшерде альвеолла қуысына жетіп үлгере алмайды. Ондағы оттегінің парциалдық қысымы төмендемейді, оның қанға сіңу процесі бұзылады. Мұндай жағдайда организмде шоғырланатын көмірқышқыл газы ацидоз құбылысын туғызады да, ол дем алу орталығын қоздырады, өкпе қызметінің жеткіліксіздігі пайда болады.

Оттегінің жетіспеушілігі өз кезегінде зат алмасу процесіне кері әсер ете отырып, организмде толық тотығып үлгермеген заттардың шоғырлануына негізгі себеп болады. Ол қосылыстар бірінші кезекте жүйке жүсінің, жас балғын ұлпалардың торшаларын уландыраады. Организмдегі негізгі ағзаларда дистрофия, дегенерация процестері дамиды. Міне, сондықтан да, әртүрлі аурулардың әсерінен туындайтын организмдегі оттегінің жетіспеушілігі аурудың патогенездік факторы болып табылады. Ауру малды емдеген кезде оны еске алмау ағаттық іс деп қарастыру керек.

Оттегін тыныс алу жолдары арқылы жіберу әдісі. Мал өкпе ауруына шалдыққан кезде өкпе альвеоллаларындағы оттегінің парциалдық қысымы төмендейді, оттегінің қанға сіңу процесі бұзылады. Осындай жағдайда, өкпе альвеоллаларындағы парциалдық қысымы қалыпты жағдайда ұстау үшін, тыныс алатын ауаның құрамындағы оттегінің мөлшерін көбейту керек. Мұндай ауа қоспасын кәдімгі атмосфералық ауаны өндірісте шығарылатын медициналық оттегімен байыту арқылы алуға болады.

Көптеген медициналық және малдәрігерлік ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда емдеу үшін қолданылатын ауадағы оттегінің мөлшері 34 - 60 % мөлшерінде болуы керек. Осындай ау қоспасы ауру малдың тыныс алуына ең қолайлы деп саналады. Таза оттегімен демалдыру малдың тыныс жолдарын қатты тітіркендіріп, жүйке жүйесіндегі тыныс алу орталығына кері әсерін тигізеді. 34 - 60 % мөлшерінде оттегімен байытылған қоспаны пайдалана отырып, өкпе ауруларын емдеу тәсілдерінің нәтижесін арттыруға және емдеу уақытын қысқартуға болады.

Ол үшін ауа өткізбейтін жұмсақ материалдан жасалған резервуар мен әртүрлі малға арнайы дайындалған маскалар болуы керек. Шаруашылық жағдайында ондай маскаларды қолдан жасап алуға да болады. Ол үшін противогаздың жүйесін қолданған жөн. Емдеу әдісін 50 - 60 минуттай, күніне бір рет, ауру мал жазылғанша жүргізген дұрыс.

Оттегін құрсақ қуысына жіберу арқылы емдеу әдісі. Күйіс қайыратын малдардың құрсақ қуысы іш пердесімен қапталған. Ол перде құрсақ қуысындағы орналасқан барлық ағзаларды да қаптап тұрады. Оның сірі қабығы көптеген қан және лимфа тамырларымен жабдықталған. Лимфа тамырлары басым жерде эксудация, ал қан тамырлары басым жерде резорбция процесі басымырақ болып келеді. Висцералды және шарбы іш перделерінің сірі қабықтары арқылы сору, сіңіру процестері әлдеқайда жақсы жүретіні байқалады. Висцералды іш пердесінің сірі қабығы өте жұқа және әртүрлі болып келеді. Ол ішектердің сыртын қаптаған шажырқайдағы бір қабатты жадағай торшалар. Ондағы дәнекер ұлпа өте нәзік және ең аз бөлшектенген түріне жатады.

Құрсақ қуысында орналасқан ағзалар мен тамырларды сыртынан қаптаған сірі қабықтарының осындай ерекшеліктері, біздің қаптаған сірі қабығы арқылы резорбцияланып, одан ейін барып шажырқайдағы тамырлар мен қақпа көк тамырына сіңуіне өз әсерін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бактероидтармен қоздырылған анаэробты инфекциялар
Оттегімен емдеу әдістері
Жедел ми-қан айналымының бұзылуы кезінде алғашқы медициналық көмек
Пневмонияның клиникалық көрінісі
Оттегімен емдеу әдістері туралы
Балалардың бас ми инсульті кезіндегі гемостаздың бұзылысы және оның үстемелі емі
Оттегімен емдеу
Оттегімен емдеу жайлы мәлімет
Оттегімен емдеу әдістері жайлы ақпарат
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz