Бауыржан Момышұлы


Бауыржан Момышұлы (1910-1982 жж. )
Қазіргі Тараз облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған. Жеті жылдық мектеп бітірген соң біраз уақыт мұғалім болып істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Міндетін өтеп, запастағы командир атағын алып ауылға оралғасын каржы орындарында жұмыс істеген. 1936 жылы кайтадан К^Ізыл Армия катарына шақырылып, түрлі әске-ри бөлімдерде қызмет еткен, взвод, рота командирі болған. 1941 жылы Үлы Отан соғысы басталысымен даңқгы гене-рал-майор И. В. Панфшювтың баскаруымен Алматы маңында жаңадан жасақгалған 316-атқыштар дивизиясының кұрамын-да майданға аттанған. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарды.
Момышұлының әскери өмірбаянында Москва түбіндегі шайқас ерекше орын алады. Одан басқа да ерліктері аз емес. Тек 19-гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретіңде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19-полкты баскарып, сол жерде ауыр жаракдт алғанына қара-мастан, күресті әрі қарай жалғастыра береді. Момышұлы-ның осындай көптеген өскери ерлігін ескеріп, 8-гвардия-лық атқыштар дивизиясының командирі полковник И. И. Серебряков 1942 ж. тамызда оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Бірақ бүл наградтау қағазы жо-ғалып кетеді.
1944 ж. шілде айында Серебряков КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумына үндеу хатында: "Жолдас Момышүлына құрмет көрсетуді . . . өтінемін және мұны жеткізуді өзімнің парызьш деп білемін . . . әдідцік менен осыны талап етеді", - деп жазды. Бұл да аяқсыз калады.
Жерлесіміздің одан кейінгі ерліктері де ескерусіз қала-ды. Момышұлы полк командирі, кейін дивизия бастығы бола жүріп, Калинин майданында, Курляндиядағы неміс басқыншыларын талқандау операцияларына белсене қаты-сады.
Соғыстан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғарғы әскери академиясын бітіріп (1950 ж. ), сонда әскери педаго-гикалық қызметпен айналысты. Тактика төңірегівде оның идеяларының батыл да жаңашьш болғандығына карамас-тан, 1956 жылы гвардия полковнигі Момышүлы отставкаға жіберіледі. Баукең әдебиет майданында да әскери ерліктерінен еш кем емес каһармандық іс тындырған қалам-гер екені баршаға мәлім. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы жауынгерлік мінез-кұлықгың қалыптасуы, едцік пен ерлікгі дәріптеу, жастарды Отан қорғауға дайын түру рухында баулу, әскери тәлім-тәрбие болып табылады. Бау-ыржан Момышұлының басты шығармалары: "Офицер күнделігі", "Бір түннің оқигасы" (1956), "Москва үшін шай-кас" (1958), "Майдандағы кездесулер" (1962), т. б. Кеңес Одағының батыры И. В. Панфилов жайында "Біздің гене-рал" деген ғұмырнамалық хикаят жариялады. Ал "Үшқан ұя" романы 1976 жылы К^зақ КСР Мемлекетгік сыйлығы-на ие болды.
Біртуар қолбасшы туралы оқырман қауымға Ә. Нұршай-ықов "Ақиқат пен аңыз", З. Ахметова "Шуақгы күндер", Бақытжан Момышұлы "Қасымда сен барда", "Әкеге құрмет", М. Калдыбаев "Үмытылмас кездесулер" атты шы-ғармаларын үсынса, режиссер М. Бегалиннің "Артымыз-да Москва" кинофильмі, В. Шацковтың МХАТ сахнасын-да қойылған "Волоколам тас жолы" пьесасы Момышұ-лының әскери өмірбаянын суреттейді. Оның соғыстағы ерлігін бейнелеген белгілі орыс жазушысы Александр Бектің "Арпалыс" повесі әлемді шарлап кетті . . .
Бауыржан Момышұлы әлденеше ордендермен, медаль-дармен марапатталды. Дүние салғаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1990 жылы) . Сөйтіп, ұзақ жылдардан соң, соғыс және еңбек ардагерлері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, қалың жұртшылық талабымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қоддауы арқасында, халқымыздың ардақгы ұлы - көзі тірісінде-ақ аңызға айналып кеткен осынау даңқгы жау-ынгер, дарқан ойлы қолбасшы турасындағы тарихи әділеттілік қалпына келтіріліп еді. Бүгінде Бауыржан ба-тыр есімін иеленген мектептер, кешелер, едці мекендер, ұжымшарлар егеменді елдің қала-даласында көптеп кездеседі. Оңтүстік астанада ол тұрған үйге ескерткіш тақга орнатылған, әскери мектеп-лицей бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz