Мақта


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:Мақта

Орындаған: Көсембаев Ерзат

Тобы :ТК-321

Тексерген:Бауыржанова А. З

Семей 2015 жыл

Кіріспе

Мақта (Cossypіum), қоза-құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б. з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика, Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1-1, 5 м. 1-2 негізгі бұтақтан 10-15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90-130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3-5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20-40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта - жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10-12C-та өне бастайды, 25-30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады.

Негізгі бөлім

Мақта өнімдері

1 т шитті Мақтадан 330-360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады), 100-110 кг тағамдық, техникалық май, 30-40 кг қысқа талшық, 550-580 кг тұқым алынады. Тұқымында 20-25% май болады, сондықтан 1 т Мақта тұқымынан 170 кг Мақта майы, 400-420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа, глицерин, т. б. құнды өнімдер алынады. Мақта - тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар - бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т. б. дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, орган. қышқылдар, целлюлоза, т. б. алуға болады және сабағы(Қозапая) отын ретінде, күнжарасының құрамында белок болғандықтан мал азығы ретінде қол

Мақта - аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады.
Жабайы мақтаның талшығын адамдар өте ерте уақытта - сонау адамзат мәдениетінің алғашқы кезеңінде-ақ жинай бастаған-ды. Сөйтіп, мақта ежелгі заманнан мәдени өсімдікке айналды. Оны ең әуелі Үндістанда, одан соң Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын мақтадан жеңіл де жұқа, торғын маталар, муслин және әдемі шыттар тоқуды үйренді. Қазір мақта Үндістанда, Америка Құрама Штаттарында, Қытайда, Бразилияда және басқа да елдерде егіледі. Біздің елімізде Орта Азия республикаларында, Оңтүстік Қазақстанда, сондай-ақ Закавказьеде өсіріледі.
Мақта жылылықты, күн көзін, құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Ол әдетте суармалы жерде өсіріледі. Өзінің биіктігі бір немесе бір жарым метр шамасында болады. Гүлдері ірі, ұрығы - қауашақты. Пісіп жетілген кезде қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді.
Егер қауашақтан сол бір үлпілдек массаны жұлып алып қарасақ, одан біз мақтаның тұқымын көреміз. Енді осы тұқымның біреуін алайық. Оны жалпы массадан ажыратып алу оңай емес. Оның сырты ұйысқан талшық болып келеді. Мұны жаза бастасақ, олардың ұзынды-қысқалы өте нәзік талшықтар екенін көреміз. Мақта талшығы немесе мақта дегеніміз міне осы. Сөйтіп, зығыр мен сораның иіруге арналған талшығы сабағында, ал мақтаныкі тұқымының сыртында болады.
Мақтаны тұқымымен бірге негізінен машинамен жинайды. Және де мұны бірнеше дүркін қайталайды, өйткені қауашақтары бір мезгілде пісіп жетілмейді. Бұл жиналған өнім әзірге әлі шитті мақта болып табылады.
Арнаулы машиналар талшықты тұқымнан ажыратады, сонан соң оны жіп иіру фабрикаларына жөнелтеді. Онда мақтаны иіреді, ал тоқыма фабрикаларында иірілген жіптен шыт, бәтес, жұқа кездеме, сәтен, бумазей, трикотаж және басқа мақта өнімдері тоқылады. Мақтадан көрпе де, вафель сүлгісі де, медициналық мақта да, пластмасса да, целлюлоза да, фотопленка да, қағаз да жасалады. Бірақ бұл мұнымен ғана бітпейді, одан және техникада қолданылатын мықты, төзімді маталар да әзірленеді.
Ал енді мақтаның тұқымынан май айырады. Ол консерві жасау өнеркәсібіне, маргарин өндіруге жұмсалады. Сонымен қатар мақта майы сабын жасауға да қолданылады, одан және глицерин, стеарин алынады. Майы сығып алынғаннан кейін мақта күн-жарасы қалады. Ол мал азығы болып табылады. Майды сығу процесінде пайда болған басқа қалдықтардан

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихы
Мақта шаруашылығы және оның ел экономикасындағы алар орны
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының дамуын талдау
Мақта тазалау кәсіпорындарының басқарушылық есебін және ішкі аудитін ұйымдастыруды жетілдіру
ГИГРОСКОПИЯЛЫҚ МАҚТА МАҚТАСЫ
Мақта өнімдерін өндіру
Медициналық мақта өндірісі
Мақтаның түрі және сорттары
Шитті мақта мен мақта-талшығын өңдеумен айналысатын өңдеуші кәсіпорындардың маркетингтік басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz