Кейінгі палеолит кезеңіндегі Қазақстан


Кейінгі палеолит кезеңіндегі Қазақстан
( б. з. б. 40 -35 - 12 мың жыл бұрын )
Бұл дәуірде саналы адам қалыптасты. Мұндай адам сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро - Маньон үңгірінен табылды. Оны кроманьондық деп атайды.
Тұрпаты :
- маңдайы жазық.
- қабақ үсті шығыңқылау.
- мұрыны кішірек.
- бас сүйегі сопақшалау.
- иегі айқын.
- шекелі.
- бас сүйегі - 1500 - 1800 см³.
- бойы биік - 168 - 194 см.
- аяқтары ұзын, тік жүрген.
Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Тамақ табудың негізі - аң аулау болып қала берді. Аңшылардың аң аулау барысында ұзақ жорықтар жасауы - тұрғын үйдің бір түрі ретінде күркелі уақытша қоныстардың пайда болуына әсер етті.
Адам бұрынғысынша жеуге жарайтын жеміс-жидектерді терумен айналысты. Осындай жағдайда қоғамдық қатынастар жетіліп, адамның бірлескен ұйымының алғашқы түрі рулық қауым болды.
Саналы адамның шығуы мен кейінгі палеолит дәуіріндегі адамзам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы арасында тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогрестік дамуымен, рулық қауымның қалыптасуы үрдісімен, адам ұжымының қоғамдық ұйымдасуының өзіне тән алғашқы нышаны ретіндегі рудың шығуымен тікелей байланысты. Рулық ұйым барлық жерде ана тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды. Соныме, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды.
Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамның дүниетанымы күрделене түсті. Аңшылар магиясына табыну кең таралды. Мұның негізінде хайуанның бейнесін - символын бағындыру арқылы оған өктемдік етуге болады деп сену болды. Магия алғашқы өнер болып табылады. Оның басты тақырыбы - әр түрлі жануарлардың суретін салып, бітім-тұрпатын, мүсінін жасап бейнелеу болды. Сүйектен ойып немесе жұмсақ тастан қашап жасалған әйел мүсіндері жердің құнарлығын, аналық қасиетті бейнеледі.
Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сияқты о дүниедегі өмір туралы ұғымдар күрделі әдет-ғұрыптық рәсімдердің пайда болуына әкелді. өлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілген қабыршақтардан, жыртқыш аңдардың тістерінен жасалған алқа тағылды, аяғына мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншақ тізбесі тігілді. Өліктің қасына шақпақ тастан, мүйізден жасалған заттар қойылды.
Еңбек құралдары: пышақ тіліктер, шақпақ тас пен яшма.
Ескерткіштері:
- Шолаққорған қалашығының батысындағы Ащысай тұрағы. Бұл жерден 15 от орны анықталды.
- Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағынан қырғыш тастар, сүңгі ұштары табылды.
- Үшінші Қарабас көмбесінен 172 порфириттен жасалған заттар жиналды.
- Шығыс Қазақстан территориясында - Қанай, Свинчатка, Пещера, Ново-Никольское, Шүлбі тұрақтары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz