Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы жайлы мәлімет


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы .
Тексерген: Кушуков Г. С.
Орындаған: Кулджина А.
Топ: ДЯ- 301
Семей 2015
ЖОСПАР:
- Басқару мазмұны, сипаты, ерекшелігтері,
- Басшының іс-әрекет психологиясы.
- Іскерлік этика ұғымы, ережелері,
- Сөйлеу мәдениеті.
Басқару еңбегінін мәдениеті мен этикасы.
Басқару - ең алдымен адамдармен жұмыс істеу. Тек мәліметтерді өңдеу басшының бағыныштылармен тікелей қарым, қатынас жасауын алмастыра алмайды. Кейде басшының бағыныштыларымен қарым-қатынасын мәлімет ісіндегі ерекше түрі, мәліметтерді алудың және таратудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Алайда, «мәлімет» ұғымын, басқарудың ерекше және оның негізгі заты ретіндегі «адам және оның іс-әрекеті» ұғымымен біріктіруге болмайды. Адамдарға және олардың іс-әрекеттеріне басқару еңбегінің негізгі ықпалдары бағытталған. Ал, мәлімет адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін құралы болып саналады.
Адамдармен жұмыс істеу өнері туа пайда болмайды, оның өзі өмір бойы, өмір тәжірибесінің, өзімен өзі жұмыс істеудің, сан салалы білім алудың нәтижесінде қалыптасады.
Басшылық тәсілі
ұжым деңгейіне тығыз байланысты, олар өзара қатысты әрі бірін-бірі жетілдіріп отырады.
Басшының ұжыммен қарым-қатынасы көбінесе оның жеке басына және де сол ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істей білуіне байланысты. Осыған орай басшының ұжыммен қарым-қатынас орната білуінің ұйым үшін зор маңызы бар.
Басшының ұжыммен қарым-қатынасы бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады.
Біріншіден
ұжымдағы қарым-қатынас жағдайыпа басшыға тиісті право мен өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті осындай праволарды жүзеге асыру, басшының ұжыммен ресми, іскерлік қарым-қатынас орнатуының негізі болып саналады. Бұл қарым-қатыас жеке адамдармен үйлесуі де, үйлеспеуі де мүмкін.
Екіншіден
көпшілік ұжым үшін басшы - бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір білімді және ұжым мен ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді. Осыған орай кәсіптік этиканың алуан түрлі болып саналатын басшы этикасы, басшылық этикасы туралы айтуға тура келеді.
Үшіншіден,
басшының ұжыммен қарым-қатынас этикасы топтасқандықтың, ұжымды ұйымдастырудың, олардың өз әлеуметтік функциясын орындаудың маңызды факторы болып саналады. Басшының осындай қарым-қатынасқа ықпал етуі, оның өкілеттілігі, правосы ғана емес, сондай-ақ оның идеялық ықпалы, сенімі мен жеке басынвң үлгісі.
Төртіншіден,
ұжым құрамына қарай басшы өзін жақсы жағынан да, нашар жағынан да көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына еліктейтіндігін өздері де аңғармай қалады.
Басшылық психологиясы мынаған байланысты:
- сөйлеу мәдениетіне, өз ойын сауатты, айқын жеткізе білуіне. Дауыс ырғағын құбылту арқылы айтқан сөзін 40%-тей тиімді ете алады. Айта, тыңдай, сөйлей білуге жаттығу қажет. Басшы сөйлей білумен қоса, тыңдай да, жұртшылықты қызу әңгімеге тарта білу де тиісті;
- еңбек мәдениетіне, жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруына;
- мінез-құлық мәдениетіне: этика, эстстика. Сыртқы мәдениеті ішкі мәдениетіне үнемі сәйкес келе бермейді;
- сезім мәдениетіне: эмоцияны, дауыс ырғағын, қол қимылын, бет қимылын тежей білуінде. Мәселен, эмоция адамдармен жақындауға да, одан күдер үзуге де ықпал етеді. Осының барлығы қызмет этикасына жатады. Басшының өресі басқалардан әлде қайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгі-өнегесін көрсете білуі тиіс.
- сынау өнері, сынды дұрыс қабылдай білу қажет;
- сын жалпылама болмай, нақтылы адамға арналуы тиіс (жеке басын емес, ісін сынау қажет) ;
- сынау мақсатын айқындау және сыналатын адам туралы; мағлұмат алу;
- адамның дербес ерекшеліктерін ескере отырып сынау, алғашқы ескертуді оңашада айту;
- сынау орнын және тәсілін ойластыру;
- сынай отырып, іскерлікпен жауап беруге жағдай жасау. Американдық менеджерлерге қойылатын басты талаптың бірі - сынай білу және сынды қабылдай білу. Сынау мен жазалаудан жалтаруға болмайды.
Басқару процесі екі жағдайда өтеді:
1. Басшы қалыптасқан ұйымға ұйымға келеді.
2. Басшы ұйымды жаңадан өзі қалыптастырады.
Басшының мәдениеті оның тұлғалық қасиеттеріне байланысты.
Ұйымдық мәдениетті басқару тиімді болу үшін басшының тұлғалық қасиеттері биік деңгейде болуы қажет. Басшы тек қана өндіріс емес сонымен қатар, ұйымның құндылықтарын, дәстүрлерін, нормаларын басқарады. Басқару мәдениеті - басқару этикасы.
Басқару мәдениетінің негізгі қағидалары.
· адамгершілік
· ұжымдық
. әлеуметтік әділдік
· жұмыс пен сөздің бірлігі.
Басшыға қажетті қасиеттер.
1. Білімділік
2. Өзіне сенімділік
3. Ойлау қабілеті
4. Адамдарды басқару қабілеті
5. Батылдылық
6. Көріктілік.
Қазіргі заман жетекшілеріне М. Вудкок пен Д. Френсистің айтуы бойынша келесі қабілеттер қажет
-өзіе-өзі басқару
· тиімді жеке құндылықтар
· басшының үнемі тұлғалық өсуге ықпал жасауы
· қиыншылықтардың жолдарын табу.
· қоршаған ортаға әсер етуінің жоғарғы қабілетілігі
· жаңалықтарға дайындығы
· қазіргі замандағы басқару әдістерімен таныс болуы
· басшылық қабілеті
· бағынушыларды дамыту мен үйрету қабілеті.
· тиімді жұмысшы топтарын пайда болуына ықпал жасау.
Басшының 11 кемшілігі.
1. Өзін-өзі басқара алмауы
2. Бойындағы жеке құндылықтарының нақтылықсыздары.
3. Бойындағы жеке мақсаттың түсініксіздігі. Өзін-өзі дамуының тоқтатылуы
4. проблемаларды шеше алмауы.
5. Шығармашылығының жоқтығы.
6. Адамдарға әсер ете алмауы
7. Басқару еңбегінің ерекшеліктерін түсінбеуі
8. Басшының әлсіздігі.
9. Жұмысшыларды үйрете алмауы.
10. Ұжымды қалыптастыра алмауы.
11. Ұжымды қалыптастыра алмауы.
Іскерлік Этика - адамдар арасындағы қарым - қатынастылықты реттейтін нормалармен талаптар, өнегелікпен мораль жайындағы ілім. Неміс философы, И. Канттың тұжырымдауынша осы ілімнің ғылымның көмегінсіз адамдарға жетекшілік ету мүмкін емес. Қазіргі кезеңде имиджді құру мәселелері бойынша этикаға деген мақсаттылық пен қызығушылық артуда. Осындай образ (кейіп) өзгере, түзетіле алады, алайда ол қоғамның талаптарына жауап бере алуы қажет, яғни өзге адамдармен тұлғалық қарым -қатынастылықтағы мінез - құлық. Орыс философы Н. Ф. Феодоров жекелей тұлғалық ерекшеліктердің жалпы қоғамдық талаптармен сай келуіне аса көңіл бөлген. «Адам жеке бақытына ұмтыла отырып, мақсат, күш жігері арқылы қол жеткізілуі тиісті» деп тұжырымдаған. Менеджердің мінез - құлық этикасы жекелей пайдасын ойламастан, өз ұжымы, мекемесі, кәсіпорыны үшін қызметтелуімен, жасалынатын іс - әрекеттерді есепке ала отырып шешім қабылдау мен сипатталады. Француз зерттеушісі Ф. Сейт - Марк, «оның тағдырымен мемлекетінің тағдыры байланысты, тәуелді болатын жолды, адамның өзі таңдап алады». Адамның әлсіздік немесе ұлылық ерекшеліктерінің қай түріне басымдылықпен қараймыз? Қоғамның адаммен, жеке тұлғаның қоғаммен қарым - қатынастылық формасында анықталатын, этиканың басты сауалы. Қандай мақсаттылыққа кемелдене қол жеткізу қажет және неден бас тарту сауалнамаларына этика ғылыми жауап береді. Осы тұста, өнегелік адамдардың бір - біріне деген қарым - қатынастылығымен құндылықтарымен сипатталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz