Электрокардиография жайлы мәлімет


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Электрокардиография
Орындаған: Мырзабекова Н. Т
Тобы :ВС-303
Тексерген :Муратбаев Д. М
Семей 2015
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Электрокардиография
- ЭКГ- ны талдау
- Электрокардиографтың құрылысы
Қортынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер:
Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға және ЭКГ-ң өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып табылады. Қазіргі кезде арнайы құралдар - электронды қүшейткіштері және осцилографтары бар электрокардиографтар қолданылады. Қисық сызықтар қозғалмалы қағаз жолағына жазылады. Бұлшықеттің белсенді қызметі кезіндегі және алыстағы зерттелетін объектіден ЭКГ жазатын құралдар жасалған. Бұл құралдар- деп аталады және олар радиобайланыстың көмегімен ЭКГ-ны арақашықтыққа тарату принципіне негізделген. Осындай тәсілмен жарыс кезінде спортшылардың, ғарыштағы космонавтардың және т. б ЭКГ-сы тіркеледі. Жүрек қызметі кезінде пайда болатын электрлік потенциалдардың телефон сымдары арқылы беріліп, ЭКГ-ны пациенттен үлкен қашықтағы арнайы орталықта тіркейтін құралдар жасалған.
Кеудеде жүректің белгілі бір орында орналасуы және адам денесінің өзіндік бір пішінінің болуы салдарынан жүректің қозған (-) және қозбаған бөліктері арасында пайда болатын электрлік күштік сызықтары дене бетінде бірқалыпты таралмайды. Сол себепті электродтардың орналасуы жеріне байланысты ЭКГ түрі және оның тістерінің вольтажы әртүрлі болады.
ЭКГ- ны тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде бетіндегі потенциалдардың тіркелімі (тармағы) жүргізіледі.
Әдетте үш түрлі стандартты тіркелім әдісі қолданылады:
І-тіркелім : оң қол - сол қол;
ІІ-тіркелім : оң қол - сол аяқ;
ІІІ-тіркелім: сол қол - сол аяқ .
ЭКГ- ны талдау
ЭКГ-ны талдау кезінде тістердің амплитудасы мВ (mV) -пен анықталады, олардың өту уақытын, сегменттердің ұзақтылын секундпен өлшейді. Сегмент дегеніміз көрші тістер мен белгілі бір тіс пен оған іргелес сегменті бар интервалдар арасындағы изопотенциалды сызықтың бөлігі.
ЭКГ- ң қалыптасуы (оның тістері мен интервалдарының) жүректе қозудың таралуын және осы үрдісті білдіреді. Қозатын жүйенің бөліктері арасында потенциалдар айырмасы болған кезде, яғни жүйенің қандай да бір бөлігі қозып, екіншісі қозбаса, тістер пайда болып, дамиды. Изопотенциалды сызық қозатын жүйеде потенциалдар айырмасы болмаса, яғни барлық жүйе қозбаса немесе керісінше қозса, пайда болады. Тіркелген ЭКГ жүрекше мен қарынша жиырылғыш миокардының тізбектелген қозумен қамтылуын білдіреді.
Р тісі (сурет 5) жүрекшелердің қозуға ұшырағынын білдіреді және жүрекше тісі деген атқа ие болды. Әрі қарай қозу жүрекше-қарынша түйіншегі арқылы таралып, қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы таралады. Осы кезде электрокардиограф изопотенциалды сызықты тіркейді (екі жүрекше толығымен қозған, екі қарынша әлі қозбаған, ал қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы қозудың таралуы электрокардиографпен сезілмейді ( ол ЭКГ-ғы PQ сегменті) .
Жүрекшелерде қозу көбінесе жиырылғыш миокард бойымен көшкін түрінде синусты -жүрекше бөлігінен жүрекше- қарынша бөлігіне қарай тарайды. Жүрекше ішіндегі арнайы шоғырлар арқылы қозудың таралу жылдамдығы жүрекшенің жиырылғыш миокарды арқылы қозудың таралу жылдамдығына шамамен тең болғанда қалыпты болады, сондықтан жүрекшелердің қозумен қамтылуы көпфазалы Р тісімен кесінделеді.
Қарыншалардың қозумен қамтылуы қозудың өткізгіштік жүйенің элементтерінен жиырылғыш миокардқа берілуі арқылы жүзеге асырылады, бұл қарыншалардың қозумен қамтылуын айқындайтын QRS жиынтығының сипатының күрделілігін білдіреді. Осы кезде Q тісі жүректің төбесінің қозғанын, оң емізікше бұлшықетінің, қарыншалардың ішкі бетінің қозғанын білдіреді.
R тісі- жүрек түбінің және қарыншалардың сыртқы бетінің қозғанын білдіреді. Қарыншалар миокардының қозумен толық қамтылу үрдісі S тісінің қалыптасуы аяқталғанда аяқталады. Енді екі қарынша да қозып, ST сегменті қарыншалардың өткізгіштік жүйесінде потенциалдар айырмасының жоқтығы салдарынан изопотенциалды сызықта болады.
Т тісі реполяризация үрдісін көрсетеді, яғни миокард жасушаларының қалыпты мембраналық потенциалының қайта орнауын білдіреді. Осы үрдістер әр жасушаларда қатаң синхронды пайда болмайды. Осының салдарынан миокардтың әлі деполяризацияланған бөліктері ( яғни теріс заряды бар) мен өзінің оң зарядын қалпына келтірген миокард бөліктері арасында потенциалдар айырмасы болады. Осы потенциалдар айырмасы Т тісі түрінде тіркеледі. Осы тіс ЭКГ-ң ең өзгермелі бөлігі. Т тісі мен келесі Р тісі арасындағы изопотенциалды сызық тіркеледі, өйткені осы кезде қарыншалар миокардында және жүрекшелер миокардында потенциалдар айырмасы болмайды. Жүрекшелер реполяризациясын білдіретін сәйкес тістің кескіні ЭКГ-да жоқ, себебі ол уақыт бойынша қуатты QRS жиынтығымен сәйкес келіп, олармен жұтылады. Әрбір Р тістің QRS жиынтығымен сүйемелденбеген кезінде, жүректің көлденең қоршауы кезінде жүрекшелердің реполяризациясын білдіретін жүрекше тісі Т (T-атриум) байқалады.
Қарыншалалардың электрлік систоласының жалпы ұзақтығы (Q-T) механикалық систоланың ұзақтығымен шамамен сәйкес келеді (механикалық систола электрлікке қарағанда біршама кеш басталады) .
Электрокардиограмма жүректе қозудың таралуының бұзылу сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Р-Q ( Р тісінің басынан Q тісінің басына дейін) интервалының шамасы бойынша жүрекшеден қарыншаға қозудың қалыпты жылдамдықпен таралуы туралы жорамалдауға болады. Қалыпты жағдайда осы уақыт 0, 12-0, 2 с- қа тең. QRS жиынтығының жалпы ұзақтығы қарыншалардың қозумен қамтылу жылдамдығын білдіреді және ол 0, 06-0, 1с. Деполяризация және реполяризация үрдістері миокардтың әртүрлі бөліктерінде бір уақытта пайда болмайды, сондықтан жүрек бұлшықетінің түрлі бөліктері арасындағы потенциалдар айырмасының шамасы жүрек циклі бойы өзгереді. Әрбір берілген мезеттегі потенциалдар айырмасы аса жоғары болатын екі нүктені қосатын шартты сызық жүректің электрлік осі деп аталады. Әрбір берілген мезеттегі жүректің электрлік осі белгілі бір шамамен және бағытпен сипатталады, яғни векторлық шаманың қасиеттеріне ие. Миокардтың әр бөліктерінің қозуымен бір уақытта қамтылмауы салдарынан осы вектор өзінің бағытын өзгертеді. Тек жүрек бұлшықетінің потенциалдар айырмасын ғана тіркеу пайдалы болған жоқ (яғни ЭКГ-ғы тістердің амплитудалары), сонымен қатар жүрек қарыншаларының электрлік өсінің бағытының өзгерісін тіркеу де пайдалы болды. Потенциалдар айырмасы шамасының өзгеруі мен электрлік осьтің бағытының өзгерісін біруақытта жазу (ВЭКГ) деген атқа ие болды.
Электрокардиография жүрек ырғағының өзгерісін тыңғылықты талдауға мүмкіндік береді. Жүректің қалыпты жиырылу жиілігі минутына 60-80 рет, аса сирек ырғақта- брадикардия кезінде - 40-50 рет, ал аса жиі ырғақта - тахикардияда - минутына 90-100-ден асады және 150- ге жетеді, одан да жоғары болады. Брадикардия спортшылардың тыныштық күйінде жиі тіркеледі, ал тахикардия - интенсивті бұлшықет жұмысы мен эмоционалды қозу кезінде тіркеледі.
Электрокардиогрфия-Жүректің функциональды және оның өткізгіштік жүйесінің жағдайы жөнінде құнды мағлұматтарды электрокардиография әдісі арұқылы алуға болады.
Электрокардиография-бұл жүрек бұлшық етіндегі электірлік кұбылыстарды жазып алу әдісі. Бұл әдістің маңыздылығы сол, миокардта қозу процесі кезінде пайда болатын биоэлектрлік тоқтар потенциалыңын айырмасын жазып алу.
Электрокардиограмманы (ЭКГ) алу үшін жиі төменгі типті элетрокардиографтар колданылады:
- ЭКПСЧ-3,
- ЭКПСЧ-4, (М- 060),
- ЭКПСЧТ-4, (М-061),
- ЭКПСЧТ-4, Элкар,
- ЭК-873 және т. б.
Электрокардиография әдісі арқылы жүректің барлык аритмиясын, жүректегі органикалық өзгерістерді (миокардиодистрофия, миокардиодегенерофия, миокардиосклероз) жүректің ішкі кан айналуының бұзылуынан болады.
Электрокардиограмма аркылы жүрек кызметінің өткізгіштік касиетін анықтайды. Автоматтык қызметін, қозғыштық қабілетін, жүректің өткізгіштік кабілетін, жиырылу қабілетінін бұзылуын аныктайды, ЭКГ жазу үшін 5 % ас тұзы ерітіндісіне малынған дәкені орнықтырып, оның колайлы пластикадан жасалган электродтарды екі алдыңғы оң жөне арткы аяққа бекітіп, ЭКГ-ға кабель аркылы жалғайды.
Электрокардиограмма алу үшін мал денесінің белгілі бір бөліктеріне арнаулы пластинкалар бекітіп, тоқ тартады. Электрокардиогафияны денеге көбіне үш түрлі әдіспен жалғайды.
I - ток тарту жолы - тоқ малдың екі блезігінен тартылады.
II - тоқ тарту жолы - тоқ малдың оң білезігі мен сол толарсағынан тартылады.
ІІІ- тоқ тарту жолы - тоқ сол білезік пен сол толарсақтан тартылады. Тоқ тартудың баска да әдістері қолданылады. Мысалы сагитальды жүйемен тарту. Бұл әдіс бойынша электродтар төстің алдына, шоқтықка және кіндік тұсына бекітіледі. Ірі қараның электрокардиограммасы жүректің анатомиялық ерекшеліктері мен миокард қызметінің сиперика сәйкес элекгрокардиографты денеге 8 түрлі әдіспен жалғастырады.
Электрокардиографтың құрылысы
Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-03 «Альтон» электрокардиографының техникалық мәліметтері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz