Өндірістік жарақаттану жайлы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СРО-2

Орындаған: Зарыпханова Маржан

СТ - 309

Тексерген: Бейсебаев Ш. Т.

Семей қ. 2015 ж

Жоспар:

Кіріспе

1. Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби аурулар себебтері.

2. Өндіріс орындарын желдету әдістері.

3. Желдетуді есептеу тәсілдері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өндірістік жарақаттану дегеніміз - белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралығындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы.

Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:

Монографиялық(моно- жеке) әдіс жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты.

Топографиялық-сараптау әдісі жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Статистикалық(салыстырмалы) сараптау әдісі мекемелердің, шаруашылық-тардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика, министерство көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің негізгі көрсеткіштері - жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.

Экономикалық әдіспен - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.

Ш б =Σ Ш ж + Σ Ш к. а ;

мұндағы - Ш б - барлық шығын; Σ Ш ж - есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын; Σ Ш к. а - есеп мерзіміндегі кәсіби аурулардан келген барлық шыгын;

Кәсіби ауру дегеніміз - өндірістегі зиянды факторлардың аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт бойы әсер етуінен еңбеккердің денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін аурулар.

Кәсіби зияндылықтар еңбекшінің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты: ұзаққа созылатын, аз уақытқа созылатын, әрдайым әсер ететін, құтылмас болады.

Кәсіби зияндылықтар еңбеккердің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:

1) Өндірісте пайданылатын жабдықтар мен материалдардың ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы кәсіби улану - зиянды, улы заттардың әсерінен болады. Өндірістен бөлінетін шаң, газдар, мөлшерден артық шу, діріл, толқындар мен сәулелер әсерінен.

2) Өндірістегі еңбек кестесіне, ережесіне, еңбек ету ерекшеліктеріне байланысты. (Шахтерлерге күннің ультра күлгін сәулесінің жетіспеушілігі, малшыларға мал ауруының жұғуы, жұмыс қалыпы т. с. с)

3) Жұмыс бөлмелерінде метеорологиялық жағдайлары мен санитарлық - гигиеналық жағдайларына байланысты (ылғалды ауа, жарықтың жетіспеуі, ыстық, суық микроклимат т. с. с)

4) Өндірістік саланың ерекшеліктеріне байланысты (ашық аспан астындағы еңбек, жер асты, таулы жер, су астындағы жұмыстар)

Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады.

Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 - 20 мин), техникалық шараларды іске асыру

- Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді.

Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 - 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеументтік қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді.

Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.

Желдету (латынша: ventіlatіo - желдету) - үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т. б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т. б. сақтауға арналған шаралар жүйесі.

Ауаны желдету мен тазартуды есептеу .

Тұрмыстық, административтік және басқа да осы сияқты бөлмелерге таза ауаның минималды берілуін ауа алмасудың еселігімен анықтаймыз.

Ауа алмасудың еселігі деп - желдетілген ауа мөлшерінің L м3 /сағ бөлменің ішкі көлеміне Vn(м3 ) қатынасын айтады, яғни

n = L/Vn = 300м3 /2400м3 = 0, 125м3 /сағ

ауа алмасу еселігі берілген бөлмедегі барлық ауа мөлшері бір сағатта қанша рет ауысуын көрсетеді, бұл дұрыс ауа ортасының қалыптасуына әсер етеді. Ауа алмасу еселігін ауаның келуі мен сорылуының көлемімен анықтауға болады.

L = 300м3 /сағ

Ауаны желдетуді есептеу мына формуламен есептеледі: З в = V×Ш×У×Ц, мұндағы Ш - 0, 15 ккал, У - желдету уақыты (3 сағ), З в = 3456×0, 15×3×2×10 -3 = 3 мың тг, 1 жылда желдетуге кететін шығын мөлшері, 3 × 12 = 36 мың тг.

Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады.

Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады.

Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді.

Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.

Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген.

Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т. б. ) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады.

Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады.

Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалық әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.

Өндірістік технологиялық процесстерді әр түрлі зиянды зат-тардың шығыуымен байланысты: газдар, жылу, булар және шаң-дар. Өндіріс бөлмесіне үскен көптеген газдар мен булар адамның денсаулығына қауіпті.

Желдетіудің көмегімен бөлмеден зиянды ауаны шығарып, таза ауа енгізеді.

Желдеткіш құрылғымен жұмыс істегенде адам үшін қауіптібу, газ және шаң, сонымен қатар бөлменің ауа темперарурасы және оның салыстырмалы ылғалдылығының концентрация денгейі санитарлық нормалармен тағайындалған шекті шамаға дейін төмендейді.

Салқындату немесе жылыту кезінде анықталған температураны сқтау мүмкіндлігі, яғни адам ағзасының термореттеу қоршаған ортаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы және ауаның қозғалу жылдамдығына байланысты болады.

Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар - абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады.

Желдетудің түрлерін айта кетсек.

Табиғи жолмен желдету - ашық терезелер немесе люктар арқылы ауаның еркін алмасуымен қамтамасыз етілетін желдету.

Картерді жабық түрде желдету - қозғауыш цилиндрларына ауа сүзгісі арқылы картерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдету.

Картерді ашық түрде желдету - атмосферадағы эжекциялық түтік арқылы қартерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдеткіш

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек қорғаудың теориялық негіздері
КПО өндірістік жарақаттанудың статистикалық талдауы
Өндірістік жарақаттануды талдау әдістемесі
Өнеркәсіптегі жарақаттану болжамы бойынша көздерді талдау
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы ақпарат
Құрылыс нысандарында қолданылатын қорғаныс құралдары
Қауіпті өндірістік объектілердегі, өндірістік қауіпсіздік туралы
Өндірістік орта мен еңбек үрдісінің факторларын бағалау
Kәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару жүйесі
Еңбек қорғаудың құқықтық – ұйымдастырушылық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz