Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі.

Орындаған: Құсайын Данияр

Тобы: ВМ-501

Қабылдаған: Билялов Е. Е.

Семей қаласы 2015 жыл

Жоспар:

  1. Фармацевтикалық терминология туралы түсінік.
  2. Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі.

1. Фармацевтикалық терминология туралы түсінік.

Фармацевтикалық терминология - ортақ «фармация» атауына біріккен синтетика, өсімдік, минерал, жануар әлемінен алынатын дәрілік құралдардың пайда болуы, шығарылуы, пайдалануын зерттейтін арнайы пәндер терминологиясынан тұратын кешен. Бұл кешенде басты орынды дәрілік құралдар номенклатурасы - пайдалануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен препараттардың кең көлемдегі жиынтығы алады. Атаулардың құрылымдық типінің және сөз тудыру әдістерін талдауға әсер ететін принциптерді дұрыс түсіну үшін кейбір басты фармацевтикалық терминдермен танысу керек.

Фарматевтикалық терминологияда қамтылған терминосистема фармацевтикалық терминология мен рецептураны игеру үшін грамматикалық бөлімдер мен дағдылар қажет. Сонымен қатар рецептурамен байланысты кейбір қосымша грамматикалық тақырыптарды білу керек. Жаттығу материалдары өзінің мазмұны бойынша арнайы лексиканы қамтиды. Онымен емдеуші және операция жасаушы дәрігерлер дәрілерді тағайындағанда, рецептуралық анықтамаларды, препараттардың аннотациясын оқығанда жұмыс жасайды. Аталған бөлімде дәрілік құралдардың атауларына байланысты қажетті тілдік мәліметтер қамтылған.

Дәрі (medicamentum) - аурудың алдын алу, оны емдеу немесе анықтау үшін қолданылатын табиғи немесе синтетикалық зат немесе заттар қосындысы.

Дәрілік зат - бір химиялық қосындыдан немесе химиялық элементтен тұратын дәрі.

Дәрілік өсімдік шикізаты - медициналық пайдалануға рұқсат етілген ӛсімдік шикізаты.

Дәрілік түр - дәріге берілетін қолдануға ыңғайлы іс жүзінде қажетті емдік әсер тудыратын күй; консистенциясына қарай қатты, жұмсақ және сұйық дәрілік түрлерді ажыратады.

Дәрілік препарат - (бал. : медикамент, дәрілік препарат) нақтылы бір дәрілік түр күйінде дайындалған дәрі.

Әсер ететін зат - терапевтік, профилактикалық, диагностикалық әсер беретін дәрілердің компоненттері.

Біріктірілген дәрілер - (бал. : қосынды дәрілер, құрама дәрілер) - бір дәрілік қалыпқа екі немесе одан да көп әсер етуші заттар кіретін дәрілердің үлкен тобы.

2. Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі.

Фармация саласындағы терминдерге келетін болсақ, ол еліміздегі фармациялық өндірістермен дәрілік препараттардың айналымдарымен тікелей байланыста болғандықтан, аздап болса да қазіргі фармация жағдайына тоқтала кеткенді жөн көрдім. Соңғы деректерге қарағанда еліміз шет елдерден жылына 900 млн. долларға дәрілік препараттарды сатып алады екен және сол препараттар халыққа қажетті дәрілердің тек 90 пайызын ғана құрап, ал қалған 10 пайызы елімізде өндіріледі екен. Қазақстанда негізінен өсімдіктерден өндірілетін дәрілік препараттар алынады және өсімдіктер мен жануарлар мүшелерінен алынатын дәрілердің атаулары онша көп емес. Орыс тілінде олардың негізгілері отвары, настои, настойки, экстракты, мазь, линименты деп жалғасып кете береді. Енді осылардан қазақшаға аударылғаны бар ма дегенге келетін болсақ, тек қана отвар деген сөзі дұрыс аударылып қалғандары әр түрлі сөздермен бұрыс аталып жүр. Ең бір сорақылығы настой мен настойка сөзін тұнба және сығынды деп аударған. Бұл екі дәрілік препараттар тұнба да емес, сығынды да емес, физикалық табиғаты бойынша өздеріне тән иісі түсі болатын сұйық заттар. Енді тұнба сөзінің мағынасын талқылайтын болсақ, суда ерімейтін және меншікті салмағы судан ауыр болатын ұнтақты сумен қатты араластырып тұндырып қоятын болсақ, су тұнған кезде суда ерімейтін, меншікті салмағы судан ауыр ұнтақтар судың түбіне тұнбаға түсіп, лайланған су тұнып, мөлдір түске айналған болар еді. Осыдан судың астында жатқан ұнтақ шөгіндісін тұнба, ал судың мөлдір қабатын сол алғашқы лай судың тұнымы деп атар едік. Неліктен екені белгісіз дәрілерге жазылған аннотацияларда осындай қателіктер жиі жіберіледі. Енді медицина, фармация, тағамтану мен басқа ғылым салаларында кеңінен қолданылатын добавка сөзін қарастырайық. Бұл сөзді кейбір мамандар қазақ тіліне қоспа, қосынды, үстеме, үстеме қоспа деп аударған. Қоспа-смесь, қосынды-сумма, үстеме-добавочный, үстеме қоспа-добавочная смесь деп аударылып, добавка сөзінің нақтылы мағынасы анықталмаған. 1978 жылы жарық көрген орысша-қазақша сөздік добавить-қосу, үстеу, добавка-қосымша, үстеме, ал добавочный-қосымша, үстеме деп аударылған. Осыдан байқайтынымыз, добавить пен добавка екі ұғым, ал добавка мен добавочный сөздері сөздікте келтірілгендей бір ұғым бола алмайды. Сондықтан келесі сөздерді талдауды жөн көрдік. Бег. м. только. ед. - жүгіріс, жүгіру. Ал беглец м. - қашқын. Бұл сөздерге назар салсақ бег деген сөз іс қимылды білдірсе, ол сөздін беглецке айналуы қашқын адам деген ұғымды білдіреді. Қазақ тіліндегі «қос» деген сөз қосып ұлғайту және екеу деген ұғымын білдірсе, осы қос сөзіне «қын» жалғауын қосқанда қосқын деген зат есім сөзі түзеді. Осылай сөздерді өрнектеу қазақ тілінде көптеп кездеседі. Мысалы, «қаш» оған «қын» жалғауын қоссақ, қашқын деген зат есімді ұғым пайда болады. Тас - тасқын сөздері де осы мысалды толықтай түседі. Жоғарыда келтіріліп отырған қосқын сөзі халық арасында бұрыннан қолданылып келген, ал қазіргі уақытта ұмыт бола басталған сөздер қатарына жатады. Мәселен, бір үйір малға басқа жақтан келіп, саны қосылған малды қосқын малдар деп атаған Сондықтан орыс тіліндегі добавка сөзі қазақ тіліне қосқын деп аударылса, ол өте орынды болған болар еді. Енді көзге арналған дәрілер туралы қысқаша талқылауды келтіре кеткенді жөн көрдім. Көзге арналған тамшылар орыс тілінің өзінде глазные капли деп дұрыс аталмаған, яғни орысшасы көз тамшылары деген ұғымды білдіріп, көзден таматын жасты меңзейді, ал қазақшаланған көз тамшылары деген сөз тіркесі, көзден шыққан жасты білдіреді. Дүние жүзінде алғаш рет көзілдірікті жасаған қытайлықтар екен. Сол көзгелдірік сөзі көз және ілдіру сөзінен алынғанын байқау кімге болас да қиынға түспейді, Сондықтан осы аталып отырған глазные капли сөзін көземдік тамшылар деп қолданса, орынды болар еді деп ойлаймын.

Еліміз егемендікке ие болғаннан бастап, біздер жаңа өмірге бет бұрдық. Қарапайым тұрмыста қолданылатын сөздерді нақты термин ретінде ғылымның барлық саласында қолдану қажетті мәселеге айналды. Осы қажеттілікке байланысты салалық терминологиялық сөздіктер әркімнің өз білгеніне қарай жазылып, көптеп жарық көрді. Шындығын айтқанда, көп сөздіктер арасынан оқырмандардың көңілінен шықпайтын аз да болса, бірең сараны кездесіп қалады. Сондай кемшілігі бар сөздіктерден байқалатыны басқа тілдегі терминдердің өзгеріссіз алынуы немесе сәтсіз жасалған баламасы болады. Әрине, осындай кемшіліктермен жарық көрген сөздіктер елімізде терминдердің жедел және дұрыс дамуына қолбайлау болып отыр. Қоғамның дамуына байланысты әр ғылым саласындағы терминдердің саны көбейіп, қолдану аясы кеңейе түсті. Сондықтан да белгілі бір түсінікті дәл белгілеп, сөз мәнін нақтылы көрсететін терминдерді жасау маңызды үрдіске айналды . Сондықтан авторлар сөздік жазбастан бұрын балама сөздерді газет, журналдарға шағын көлемде жиі-жиі шығарып, оқырман қауымның талдауынан өткізсе құба-құп болар еді. Осыған байланысты латынның Oleum және Unguentum деген сөздерін қарастыратын болсақ, осы сөздер медицина, фармация және биология ғылымдарында кеңінен қолданылады әрі осы сөздерді барлық фармацевтер, медицина саласындағы азаматтар біледі. Латынның Oleum сөзі орыс тіліне масло, қазақ тіліне май деп аударылған және Oleum сөзінің орыс тіліндегі әрі қазақ тіліндегі баламаларының нақтылығы еш талас тудырмайды. Ереже бойынша майлар деп глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирлерін айтады.

Қалыпты жағдайдағы майлар сұйық және қатты болады. Ал латынның Unguentum деген сөзін қарастыратын болсақ, бұл сөз латынның Unguere - жағу (мазать) сөзінен алынған. Мұндағы Unguentum сөзі зат есім де, Unguere сөзі - етістік. Сондықтан Unguentum сөзі латын тілінде термин ретінде қолданылған және орыс тіліне мазь деп аударылған. Осы сөздің қазақша аудармасын қарастыратын болсақ, Unguere -жағу етістігінің жақ түбірінің әсерінен қазақшаға бір сөзбен жағылма және екі сөзбен жақпа май деп аударылып, даулы мәселе қалыптасқан. Осындай теке-тірестің салдарынан аударушыларға, оқытушылар мен оқушыларға күні бүгінге дейін үлкен ыңғайсыздық туып отыр. Енді осы сөздің аудармасын келесідей жазып көрейік.
Латыншасы - Oleum, орысшасы - масло, қазақшасы - май.
Латыншасы - Unguentum, орысшасы - мазь, қазақшасы - жағылма.
Oleum және Unguentum деген латынша терминдер заттардың бір-біріне ұқсамайтындығын және екі зат екенін білдіреді, ал осы сөздердің орысша баламалары да заттардың екеу екенін көрсетеді. Енді қазақшаға Oleum - май, ал Unguentum - жақпа май деп аударылған нұсқасын қарастырайық. Oleum сөзінің қазақша баламасы май болса, онда май сөзі екінші рет тағы да Unguentum сөзіне балама бола алмайды. Бұл аударма (жақпа май) екі сөзден тұрғандықтан, термин болмай тек сөз тіркесі болады. Сондықтан латынның Unguentum деген сөзін жақпа май деп аударуды ғылым тіліне жатқызуға болмайды. Жақпа май сөзі тоң май, сұйық май, сары май, өсімдік майы, жануар майы, қарын майы деген атаулар қатарында болғаны орынды болар еді. Осыдан туындайтыны, Oleum терминінің - май, ал Unguentum терминінің баламасы ғылыми тұрғыдан жағылма болады. Сонымен жағылма деп сыртқа қолданылатын тұтқыр пластикалық қасиетті, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан және негізден тұратын жұмсақ дәрілік қалыптарды айтады.
Қазақстан аймағында өзіндік ерекшеліктері бар 14 облыс орналасқан. Мысалы, батыс облыстарда мұнай, газ өнеркәсібі болса, оңтүстік аймақтарда мақта мен егін шаруашылығы дамыған, орталық Қазақстанда тау-кен жұмыстарымен қатар металлургия саласы ерекше орын алады, Қазақстан облысында бұғы өсірілетін болғандықтан, онда медицинаға аса қажетті пантокрин және басқа да дәрілер өндіріледі. Әдеби ғылыми тілдің қалыптасуына әр облыстағы сөз ерекшеліктері, яғни, диалектизмдердің де өзіндік қосатын үлесі бар. Мысалы, фармацияда дәрі жасауда көмекші зат ретінде қолданылатын канифоль қарағай шайырынан алынады. Ол үшін қарағайдан алынған шайырды балқытып, терпентин майынан эфирлерді айдаған соң, масса бірігіп канифольге айналады. Канифоль ашық сары немесе ашық қоңыр, жарылып сыңған беті жылтыр, косистенциясы морт шыны тәрізді зат болады. Иісі терпентинге ұқсас, дәмі ащылау, спиртте, эфирде, хлороформда, сірке қышқылында, тоң майларда, эфир майларында жақсы және аздап петролейн эфирінде, бензинде, күкіртті көміртектерінде ериді, ал суда ерімейтін зат болады. Су моншасында балқып, мөлдір сұйықтық түзеді. Температураны 1500С-қа көтергенде хош иісті буға айналып, ыдырай бастайды. Күйдіргіш негіздермен және негіздік металдардың карбонаттарымен қайнатқанда суда еритін шайырлы сабындар түзіледі. Қарағай қабығының жарылған жерінде жиналған шайырларды жергілікті халық жинап алып, балқытып өңдеп, суық күндері тамақ, тыныс алу жолдарының қабынуының алдын алу үшін, сағыз ретінде шайнап жүреді екен. Шығыс қазақстандықтар бұл өнімді түймеш деп атайды. Осыған байланысты, канифоль сөзінің нақты қазақша баламасы түймеш деп алынса, онда пікір таласы болмаған болар еді. Қоғамның дамуына байланысты әр ғылым саласындағы терминдердің саны көбейіп, қолдану аясы кеңейе түсті. Сондықтан да белгілі бір түсінікті дәл белгілеп, сөз мәнін нақтылы көрсететін терминдерді жасау маңызды үрдіске айналды. Ғұлама ғалым Олжас Сүлейменовтың орыстың «воевода» деген сөзі, түріктің «қолбасы» деген сөзінің калькасы, яғни тура аудармасы, әрі осы сөзден казіргі орысша «руководитель» сөзі шыққан деп жазғаны бар. Осыдан айтарым, әу бастан қазақ халқы жорыққа аттанған адамдар тобын, яғни, әскерді «қол» және әскер басқаратын адамдарды «қолбасшылар» деп атаған. Осының өзі біздің тілдің сонау алыстан бастау алатынына дәлел бола алады. Сол заманнан бастап қазақ сөзіне, терминіне еңбегін сіңірген азаматтар көптеп болған, тек еңбектерін жазба түрінде қалдырғандары ғана біздерге жеткен. Осыған байланысты ұлы ғалым, қоғам қайраткері әрі ақын, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың химия саласындағы латынның «oxygenium» - кислород - «оттегі», латынның «hydrogenium» - водород - «сутегі» деп аударуы баға жетпес қазақ халқының алтын қорынан орын алды. Еліміз егенмендікке ие болғаннан бастап, біздер жаңа өмірге бет бұрдық. Көптеген оқулықтар, терминдік сөздіктер жарық көрді. Шынын айтқанда, баспадан шыққан біраз оқулықтар мен терминдік сөздіктер мазмұны және сапасы жағынан нашар жасалып, терминдердің жедел дұрыс дамуына кедергі болып отыр. Сондықтан авторлар сөздік жазбастан бұрын балама сөздерді қазақ тілі мамандарының қатысуымен қарастырып газет, журналдарға шағын көлемде жиі-жиі шығарып оқырман қауымның талдауынан өткізіп, термин сапасын оңтайлап алғандары дұрыс болар еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Фармацевтика терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі атаулары
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz