Жаңа тас дәуіріндегі Қазақстан


Жаңа тас дәуіріндегі Қазақстан
(НЕОЛИТ ДӘУІРІ)
( б. з. б. 6 - 5 мыңжылдықтар )
Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы бейнеде болды.
Өзгерістер:
- адамдар табиғи жануарларды қолға үйретті, жер өңдеумен айналыса бастады.
- қыш ыдыс - керамика жасаудыүйренді. Олардың сыртында геометриялық өрнектер салынған.
- тас өңдеу әдістері жоғарғы дәрежеге жетті. Тас қалдықтардан сына дайындады.
- тастың тұтқыр түрлерінен балта, кетпен, келі, келісап, ал граниттен - дән үккіштер жасады.
- жаппай отырықшылыққа көшу басталды.
- кен кәсібі мен тоқымашылық қолға алынды.
Неолит дәуірі - тас өңдеу техникасының гүлденген кезеңі болып табылады. Себебі, жаңа технологиялық әдістер - арамен кесу, бұрғылау, жылтырата тегістеу пайда болған.
Еңбек құралдары: тас балталар, кетпендер, дәнүкіштер, келілер, келсаптар
Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Неолит дәуірінде адамдар тұтынушы шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналыса бастайды. Осы кезеңде адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды. Кен кәсібі, қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.
Әлеуметтік жағынан алғанда бұл кезеңде рулық қауым дәуірі болып табылады. Мұнда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан құрылды.
Ескерткіштері:
Батыс Қазақстан - келтеминар мәдениеті (б. з. б. ІҮ мыңжылдық аяғы -ІІ мыңжылдықтың басы) . Негізгі тұрақтары: Шатпакөл, Құлсары-1-5, Шаңдыауыл, Қыземшек, Жыланқабақ, Қойқара, Сарықамыс, Шаянды, Қосқұдық -1.
Солтүстік Қазақстан -1) атбасар мәдениеті (б. з. б. ҮІІ мыңжылдықтың аяғы - ҮІ мыңжылдықтың басы) . Негізгі тұрақтары: Виноградовка-2, Тельман-1, 10, Қарлыға, Боголюбово, Жабай-Покровка-3.
2) маханжар мәдениеті. Негізгі тұрақтары: Маханжар, Тұздыкөл-2, Дүзбай-1-4, -12, Сор-2, Бестамақ, Амангелді, Алқау-2.
Шығыс Қазақстан - усть-нарым мәдениеті.
Орталық Қазақстан - Жасыл Балка, Қарағанды-15.
Неолит тұрақтары жер-жерге орналасу сипатына қарай төрт түрге бөлінеді: бұлақ бойындағы, өзен жағасындағы, көл жиегіндегі және үңгірдегі тұрақтар. Өзен мен көл жағасындағы тұрақтарда адам өмірінің заттары жиі кездеседі. Бұл мұнда адамдардың түпкілікті және тұрақты өмір сүргенін дәлелдейді. Ал бұлақ бойындағы тұрақтар маусымдық болып есептеледі. Себебі, мұнда аңшылар тұрақтаған.
ЭНЕОЛИТ
(мыстас ғасыры - б. з. б. ІҮ-ІІІ мыңжылдықтар)
Энеолит - тас дәуірі мен қола дәуірі арасындағы археологиялық өтпелі кезең. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалғандары да пайда бола бастады. Жалпы алғанда тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соқты. Бірақ бір жағынан тас индустриясы жоғары деңгейде де дами түсті.
Өзгерістер:
- жалпақ түпті, өрнегі бар керамика
- ұсақ қалақша
- тұрғын үйлер
Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: энеолит дәуірінде климаттың ылғалды болуы ірі сүтқоректілер санының өсуіне әкелді. Әсіресе, жылқы көбейді. Бұл түрдің экологиялық тепе-теңдікті бұзбай күрт көбеюі, аң аулайтын алқап көлемінің бөлінісіне шаққанда оның мөлшерінің ұлғаюы басқа үрдістерді өмірге келтірді. Аңшылық ұжымдардың өздерінің көшіп жүрген аумақтарын қысқартуы, отырықшылыққа ауысуына әкелді.
Жерлеу ғұрпы мен бірқатар символдық заттар тотемизмнің, бабаларға табынудың болғанын көрсетеді. ыдыстар саз балшықтан қолдан жасалған. Ыдыстар түбі дөңгелек конус тәрізді етіп, жұмыртқа сияқты жабық түрде істелінген. Оған ішкі жағында қыры бар жаға сияқты салмақты жиек салынған. Сонымен қатар, қарапайым геометриялық өрнектер де қолданылған. Әшекей бұйымдары ретінде теңіз молюскаларының қабықтарынан жасалған ірі моншақтар мен диаметрі 3-6 мм болатын цилиндр тәрізді ұсақ моншақ жасаған.
Ескерткіштері:
Солтүстік Қазақстан - Ботай мәдениеті (б. з. б. ІІІ - ІІ мыңжылдықтар) . Негізгі тұрақтары: Ботай, Красный яр, Васильков-4.
Орталық Қазақстандағы негізгі тұрақтар: Бестамақ, Тұздыкөл-1, Ливановка, Құмкешу, Қожай, Дүзбай-3.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz