Мониторингтік зерттеу әдісі жайлы мәлімет


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Мониторингтік зерттеу әдісі

Орындаған: Айтқажы А. А.

Топ: П-225

Тексерген: Серикова Н. У.

Семей 2015

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Педагогикалық мониторинг

2. Мониторингтік зерттеу әдісі

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Мониторинг дегеніміз белгілі бір нәрсенің жай - күйін бақылау, бағалау, талдау және болжау жүйесі, белгілі параметрлерді анықтаудағы бақылау құралы. Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық іс - әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі.

Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді.

Жалпы мониторинг дегеніміз:

- Белгілі бір саладағы маңызды мәселелер бойынша жүйелі және үздіксіз ақпарат жинақтау әрекеті.

- Белгілі бір жүйе, оның элементтері жайлы сараптама жасауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі.

- Нақтылау және түзету енгізу үшін жүзеге асырылатын процесс жағдайы, дамуы туралы ғылыми негізде үздіксіз қадағалау жүйесі.

Мониторинг - пән мазмұнына, ғылыми мамандығына байланыссыз ойлау қызметiнiң әмбебап (универсальды) типi. Мониторинг қандай да бір үдеріске ұйымдастырылған бақылау, нақты нәтижелерді салыстыру арқылы болашақта оларды жақсартуға бағыттылған шаралар ұйымдастыру үшін жасалады.

Мониторинг жүргізу қазіргі таңда барлық мекемелерде, өндірістің барлық салаларында жүзеге асып жатыр.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Педагогикалық мониторинг

Педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.

Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттардан жүзеге асырылады: 1) ақпараттың мазмұны. 2) ақпараттың сапасы. 3) ақпаратты басқаруда пайдалану.

Ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары.

- Объективтiлiгі. - Нақтылығы. - Толыққандылығы. - Жеткiлiктiлiгi. - Оңтайлылығы.

- Жүйелендiрiлгендiгi. - Оперативтiлiгi. - Түсiнiктiлiгi.

Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг - қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау. Ең кең тараған анықтама: педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату.

Г. А. Стефановскаяның анықтамасы бойынша “Педагогикалық мониторинг, бұл - диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау”.

Педагогикалық мониторингке әсер етуші факторлар:

Мониторингтiң педагогика теориясына және практикасына енуiне әсер етушi факторлар мыналар болып табылады:

-Педагогикалық жүйедегi инновациялық процестер.

-Педагогикалық менеджмент.

-Педагогикалық диагностика.

-Педагогикалық тестiлер.

-Бiлiмдегi, тәрбиедегi, дамудағы жеткен жетiстiктер.

-Шығармашылық қабiлет.

Мониторингтiң негiзгi объектiсi - бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк. Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi болып, бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болып табылады.

Педагогикалық - психологиялық нәтиженiң сандық, сапалық бағалау өлшемi болып, оқу процесiндегi күтiлетiн нәтиже мен қызмет шарты белгiленген норм, эталон қабылданады.

Норма мониторинг үшiн ең негiзгi шарт, өйткенi нәтиже осы нормамен салыстырылады.

Педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.

Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi оқу-тәрбие үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады.

  1. Мониторингтік зерттеу әдісі

Мониторингтік зерттеу жүргізуге педагогтер мен мектеп әкімшілігінің қатысуы дидактикалық құралдарды жаңарту нәтижесі және сапасы жөнінде дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді, теорияның мектеп өмірімен толық байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мониторингтік зерттеудің әдісі: әуелі зерттеуге бағытталған оқу пәндері таңдап алынып, мониторингті жүргізу мерзімі анықталады. Оқушыларға берілетін тесттер мен бақылау қималары мектептің әдістемелік бірлестік жетекшісімен бірлесіп таңдап алынады. Бұл жұмысты жүргізу кестесі алдын ала ілінеді.

Сыныптың білімді игеру дәрежесі арнайы технологиялық карталарға толтырылады. Мониторинг қорытындысы бойынша мұғалімдерге осы элементтер негізінде оқушылардың білім, дағды, іскерлігіндегі кемшіліктерді түзеуге уақыт беріледі.

Білім сапасында көп айтылып жүрген шақта оқу - тәрбие үрдісінің әр түрлі қырларын талдауда мониторингтік зерттеу жақсы құрал болып табылады. Мониторингтік зерттеу нәтижесінде өткен оқу жылындағы оқу - тәрбие үрдісі туралы дәл, әділ, тез ақпарат аламыз. Ол ақпарат оқушылардың оқу әрекеті мен мұғалімдердің іс - әрекетіне түзету жүргізу жайлы уақтылы басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі
Мониторингтік зерттеу әдісі жайлы
Мониторингтік зерттеу әдісі
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары
Диагностика жүйесінің дәйектілігі мен сабақтастығы
Қарыз алушы туралы ақпарат
Windows 7 ОЖ-де мониторинг, оптимизациялау және аудит
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Физика мен биология байланысы
Қоршаған ортаның экологиясын бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz