Ежелгі жырлар мен жыраулар поэзиясының ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекетік университет
СРО
Тақырыбы: Ежелгі жырлар мен жыраулар поэзиясының ерекшеліктері.
Орындаған: Жанарбек Б.
ЖУ-301 топ
Жетекші: Секей Ж. С.
Семей, 2015 жыл
Жоспар
І. Жыр
ІІ. Жыраулар поэзиясы
ІІІ. Жырау
Жыр (көне түркі тілінде - иыр)
1) кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Көне түркі тіліндегі "иыр" сөзі де қазіргі "поэзия" терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау дәл осы мағынада қазіргі қарақалпақ, қырғыз, ноғай, қарашай, балқар, башқұрт, татар, тағы басқа түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады;
2) тар мағынада - қазақ халық поэзиясындағы 7 - 8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостык жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, тағы басқа түгелдерлік поэзияның осы өлшемдегі үлгісіне құрылған. Поэзиядағы бұл жанрды жазба әдебиет өкілдері де (Абай, С. Торайғыров, тағы басқа) орнымен пайдаланған. Буын санының бірқалыпқа түсіп тұрақтануы - Жыр жанры дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған құбылыс. Ежелғі замандардағы Жыр өлшеміне аралас буын тән болған. Мұндай өлшем қазақ халкының толғауларында, ногай халқының йырларында, башкұрт халқының қобайырларында, қырғыз халқының санатында сақталған. Тармақтарындағы буын саны 7-ден 15-ке дейін жетеді. Аралас буынды үлгілер батырлар жырында да кездеседі.
Поэзияның басқа өлшемдеріндегі өлең жолдары тұтаса келіп, шумақ құраса, жыр тармақтары тирада түрінде шоғырланады. Тарихи генетикалық тұрғыдан тирада үлгісі шумақтан бұрын қалыптасқан. Демек, жыр өрнегі өзге өлшемдерге қарағанда әлдеқайда ерте туған. Жырдағы тирада үлгісіндегі тармақ пен ұйқас мөлшері және олардың арақатынасы қатаң сақталмай, жиі өзгеріп, құбылып тұрады. Дәл осы қарапайым ерекшелікке көпке дейін ғылымының мән берілмегендіктен, жырда басқа өлшемдегідей егіз, кезектес, шалыс ұйқас түрлері болады деп есептелініп келді, олардың жалпы саны 10-ға дейін жеткізілді. Мұндағы басты қателік тирада ішіндегі ырғақтық үзілістерді шумаққа теңгеруден туған еді. Кейінгі арнайы зерттеулер жырдың тармағы мен ұйқасы тирада пішініне ғана тән заңдылықтарға негізделіп түзілетінін айқын дәлелдеп берді. Жырдың ұйқасы дара ұйқас (монорифма) және аралас ұйқас (полирифма) болып бөлінеді. Аралас ұйқас негізгі ұйқас пен қосымша ұйқастардан тұрады.
Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халкының дербес әдебиеті қалыптасты.
Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нөр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, дүние мен дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулықпоэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшақка даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтұған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады. Асан қайғы туралы аңыздар ноғай, қырғыз, карақалпақ халықтарында да сақталган. Асан Қайғы - көптеген нақыл сөздердің, философиялық толғаулардың авторы. Ол өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды.
Сахара эпосын тудырушылардың бірі, ірі эпик ақын, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы әрі нәзік лирик болган Қазтуғанның біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Қазтуғанның ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем түстерге бай толғаулары туған әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады.
Жыраулық поэзияның дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз шығармалары айрықша әсеретті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау шығармаларынан ортағасырлык жауынгер көшпендінің ер тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді. Доспамбет толғаулары 19 ғасырдың 80-жылдарынан бастап баспа бетін көре бастады. Жыраулық поэзияның ең көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465- 1560) . Шалкиіздің толғаулары ең алғаш 1875 жылы хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланыпты. Жырау мұралары ерте жиналуына байланысты бүгінгі күндерге бір сыдырғы толық жетті.
Жиембет жырау мен Марқасқа жыраудың өмір жолы Есім хан тұсындағы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Жорық жыршысы Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа бағынған күшті мемлекет кұру туралы идеяларының ұраншысы атанса, Жиембет жырау ханға қарсы араздығын бүкпесіз, бұлтармасыз жеткізді. Жиембет жыраудың толғаулары ең алғаш 1908 жылы "Жақсы үгіт" кітабында жарияланса, Марғасқа толғаулары кеңес заманында зерттеліп, баспа бетін керді. 18 ғасырда жыраулық поэзия тақырыптық жағынан кеңейіп, идеялық-көркемдік тұрғыдан байи түседі. Жоңғар шапкыншылығы және "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" жылдары, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер - ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығы да жыраулар шығармаларғында өзінің көркемдік шешімін тапты.
Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес сарыны, әсіресе, Ақтамберді жырау шығармаларынан айқын көрінеді. Оның шығармаларғындағы отаншылдық, патриоттық сарындар 18 ғасырдағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі, бағыт-бағдарын айқын танытады. Осы кезеңде өмір сүрген Улбешей жырау мұрасындағы жетекші тақырып - сырт жауларға қарсы күресте көзге түскен, ел корғаны болған батырларды мадақтау. 18 ғасырдағы Жыраулық поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі - Тәтікара жырау. Ол кене заман батырлары, олардың ел қорғаудағы ерлік істері туралы, отаншылдық идеяны насихаттайтын жорық жырларын туғызған. Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара шығармалары кейінгі жылдары ел аузынан жазып алынып, бірнеше жинақтарға енді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz