Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы жайлы мәлімет


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы. Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы
Тобы:Эл-417
Орындаған:Аней. Н
Тексерген: Қуантқан. Б
Семей 2015
Жоспар
1 Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы
2 Ұлттық Теңгенің пайда болуы және оның дамуы
3 Мемлекет басындағылардың сол кезде шығарған жарлығы:
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы
Ұлттық валютамызмыз, яғни теңгеміздің пайда болуы, оның бар болуы Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіз республика екендігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Ұлттық теңгеміздің пайда болу тарихын білу ол әр қазақстандық азаматқа тән. себебі, теңге біздің қазіргі өміріміздің басты айналым көзіне айналды.
Ұлттық теңгеміздің тарихы туралы, оның қалай өмірге келгені, қалай пайда болғаны туралы көптеген мәліметтер бар.
1992-1993 жылдардағы Қазақстан Республикасының ұлттық банк төрағасының көмекшісі Валентин Назаров «бостан елдің еркін валютасы» деген еңбегі бар. Онда 1992 жылы елімізде экономикалық дағдарыстың өршуі, және де ифляцияның пайда болуы, осыған орай ұлттық валютамызды енгізу туралы көптеген мәліметтер келтірген. Ал Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко жалпы теңге туралы жіне де оның таризы мен келешегі туралы өз пікірін жазған. Ол өз валютамыздың енгізілуінде қандай өзгерістер болғандығы туралы, теңгенің ішкі және сыртңы нарықта алған орны туралы, инфляцияның өскендігін ашық жазған. Сауық Тәкежанов 1990-1993 жылдардағы экономикалық реформа, бюджет және қаржы мәселері жөніндегі Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңес комитетінің төрағасы «Теңгенің алтын өлшемі» деген еңбек жазған.
Ал, Ерік Асанбаев Қазақстан Республикасының экс-вице президенті «Теңге» кітабының пайда болуына улес қосқан. Оның айтуынша: Егеменді Қазақстанның тұңғыш валютасы туралы осынау кітап, менің пікірімше із суытпай еліміздің жаңа тарих беттерін толтыруға арналуы тиіс. Ал сол тарихымыз оңайға түскен жоқ. 90-шы жылдардың бас шенінде өз валютамызды енгізу қажеттігі Қазақстанға көптеген мән-жайларымен өктемделінді. Біріншіден, рубль сол кезде құлдырай құнсызданды және мемлекеттік дума депутаты Павел Буничтің сөзімен айтқанда, «ағаш сом» атауына ие болды. Екіншіден осы себеппен кәсіпорындардың өзі рубльді пайдалатын шаруашылық мәмлелерден бойын аулақ сала бастады. Үшіншіден, рубль қожайыны Ресейдің өзі бағаны еркін жүзуге жіберіп, кәсіпорындардың айналымдық қаражатын индекстемейтін болды, - деп өз пікірін айтқан.
Ұлттық Теңгенің пайда болуы және оның дамуы
Теңге - Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнота фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн - 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тіуелсіздігінің жарқын туындысы - біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін». Ұлттық валютаның сол кезде тұсауын кескен ҚР Жоғарғы кеңесінің жоспарлау - бюджет комиссиясының төрағасы С. Тәкежанов болды. Ол ұсынған теңге деген ат республиканың Жоғарғы кеңесінің және үкіметінің мүшелері арасындағы жабық пікір таласта жеңімпаз болды.
1992 жылы инфляцияның деңгейі 250 пайызды құрады. 1993 жылы шілдеде Ресей келісімді бұзды, Қазақстанға 3 күн бұрын хабарлай отырып, өзінің ұлттық валютасын енгізді. Баға шарықтай түсті. Халықтың жинақ шоттарындағы ақшасы қарқынды түрде құнсызданды. Қазақстанға ескі үлгідегі кеңес купюраларының ағыны қаптап кетті. Дүкендердің сөрелерінен тауарлар әп-сәтте жоқ болып кетті.
Қазақстан Президенті мен Үкіметінің аса зор жігер күшіне қарамастан, біртұтас экономикалық кеңістікті құру мен рубль аймағын сақтаудың жолы болмады. Бөлшектену үдерістері Ресейдегі ақша айырбасынан кейін күрт ушығып кетті. Ұлттық валютаны енгізуді 1961-1991 жылдарғы кеңестік сом төлем құралы болып табылмайтын ТМД -ның басқа өңірлерінен ескі ақша тасқынының алдын алу үшін тездетуге тура келді. Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі құрамында Премьер-министр С. А. Терещенко, Қазақстанның Вице-президенті Е. Асанбаев, Үкіметтің бірінші вице-премьері Д. Сембаев, Ұлттық банк төрағасы Ғ. Байназаров, қаржы министрі Е. Дербісов пен Экономика министрі Б. Ізтілеуов бар ҚР-ның Мемлекеттік комиссиясы құрылды.
Мемлекеттік комиссияның алдында сол тұста бірмағыналы жауапты талап ететін салмақты мәселелер тұрды. Атап айтқанда, мүқият талдаудан соң нұсқаның ішінен ұлттық валютаға тікелей көшу туралы шешім қабылдады. Біз сол кезде республика осындайда тәуелсіз ақша-несие саясатын ілезде жүргізе бастайды дейтін тұрғыдан келдік. Сонымен қатар теңгенің тікелей енгізілуі халықты болашақтағы белгісіздіктен құтылтады. Және ең ақыр аяғы ұлттық валюта оның шетел валютаға қатысындағы шынайы бағамын айқындауға мүмкіндік берді. Тек теңгенің бағалар ақырына дейін «босамаған» кезед енгіщілгені теріс жәйт болды.
Мемлекет басындағылардың сол кезде шығарған жарлығы:
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы
ҚР Конституциясының 78-бабына және ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес қаулы етемін:
1. ҚР-ның аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08:00-ден бастап ҚР- ның ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілсін.
2. 1993 жылғы 18 қарашада сағат 08:00-ден бастап теңге ҚР-ғы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Теңге 100 мыңнан тұрады. ҚР-да қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.
3. Теңгені ҚР-ның аумағында меншік нысандарына карамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде, сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттар қосу үшін банктер қабылдауға міндетті.
4. Осы Жарлық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
ҚР-ның Президенті
Н. Назарбаев
Теңгенің алғашқы атауы және алғашқы банкноттар
Ұлттық валютаны даярлауды қатаң құпия жағдайында жүргізілген. Жұмысты жүргізу үшін аса маңызды мемлекеттік іспен шұғылданатын команда жинау қажет болды. Ең алдымен қысқаша мерзімде ақша купюраларының нобайларын әзірлейтін суретшілер тобы керек болған. Валютаны шетелде басып шығаруды шешкен. Бастамашы топтың ішінде валютаның атауын таңдау ұзақ дау-дамай тудырған жоқ. Өйткені көршілес қырғыздар мен өзбектер өз валютасын «сом» деп атайтын болды да, біз қазақтар ақшасын баламалы «теңге» деп атауды ұйғардық.
Суретшілер, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшелері республиканың халық депутаты Темір Сүлейменовтың маңына топтасты. Өз міндеттерін олартамаша орындады. Біздің еліміз өз валютамыздың енгізілуіне ұзақ уақыт қарсы болған Халықаралық валюта қорымен бірнеше рет келіссөздер жүргізген. Ең ақыры олар тек 1993 жылдағы жаздың аяқ шенінде ғана өздерінің көзқарастарын өзгертті. Қазақстандағы ХВҚ өкілдерімен келіссөздердің жай-күіне қарамастан, теңгемен жұмыс толыққанды жалғаса берді. Алайда, оны Англия басып шығаратынын білгеннен соң олар кенеттен жасырын қысым жасай бастады, бірақ еш нәтиже бермеді.
Қағаз тиындарды жасау - төл валютамызды енгізу жөніндегі үлкен жұмыстың бір бөлігі ғана. Көп ұзамай теңге енгізілгеннен соң жаңа проблема туындады. Банкноттар тоза бастады, оларды әрдайым Англияда басып, ақшаны ұшақпен әкелетін. Бұл мәселені түбегейлі шешу керек болған. Солай, 1994 жылдың 22- сәуірінде ҚР Ұлттық Банкі мен ағылшындық «Томас Делару» компаниясы арасында банкноттық фабрика үшін техника мен технологияны жеткізілмдеу туралы келісім-шартқа қол қойылды. Осы компания банкнот өндіріс жөнінде әлемдегі ең ірі жекеменшік кәсіпорын екендігін бәрі біле бермейді және де ол ақша басу үшін 95 пайызға дейін шығарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz