Былғары және мех технологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСТЕТІ
“ТАМАҚ ӨНДІРІСІ және ЖЕҢІЛӨНЕРКӘСІП БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ” кафедрасы
Тақырыбы: Былғары және мех технологиясы
Тексерген: Бауыржанова А. З
Орындаған: Балғабеков А.
Семей 2015 жы
Жоспары:
- Кіріпе
- Негізгі бөлімБылғары және мех технологиясыАяқ киім былғарысы
- Қортынды
- Кіріпе
Былғары және мех технологиясы - белгілі тұтынымдық қасиеттері бар жартылай фабрикат алғанға дейінгі теріні өңдеу кезінде жүретін химиялық, физикалық-химиялық және механикалық процестердің мәні мен оларды жүзеге асырудың тәсілдері туралы ғылым.
Былғары алу кезінде теріден түк, қыртыс және теріасты клетчаткалары сылынып тасталады, былғарыны өңдеу үшін кейде оның бет және астыңғы қабаттарының бір бөлігі алынып тасталады.
Бахтарма немесе бахтармалық қабат деп теріасты клетчаткалар жинақталған бетті айтады.
Былғары - негізінен талшықты құрылымы сақталған, бірақ оның құрылымдық элементтерінің физикалық, физикалық-химимялық қасиеттері былғарының атқаратын қызметіне сай өзгерген мал терісінің өзеңі.
Мех - түкті құрылымы негізінен сақталған, теріасты клетчаткасы, кей жағдайларда өзеңнің бір бөлігі алынып тасталған мал терісі, бірақ талшықтарының, сондай-ақ түкті жабынының физикалық, физикалық-химиялық қасиеттері түкті жабынның атқаратын міндетіне қарай өзгеріске ұшырайды.
Былғары 4 класқа бөлінеді:
- Аяқ киім былғарысы: 2топқа бөлінеді:
- Аяқ киімнің үстіңгі бөлігі; 2) аяқ киімнің төменгі бөлігі.
- Ер-тұрман былғарысы: 2 топқа бөлінеді:
- Айыл былғарысы (белбеулік, жүктік және тігуге арналған) ;
- Адамға және жылқа малына қажетті асай-мүсей былғарысы.
- Техникалық былғары: 3 топқа бөлінеді:
- Жалғастырушы белбеу былғарысы; 2) машина бөлшектерінің былғарысы; 3) әртүрлі техникалық мақсаттардағы былғары.
- Киім-галантерея былғарысы: 2 топқа бөлінеді:
- Киім былғарысы; 2) галантерея былғарысы.
Осы жалпы жіктелуден басқа былғары шикізаттаың түріне, өңдеуіне, илеу тәсілі мен сипатына, қалыңдығы мен аудынына байланысты топтастырылады.
Аяқ киім былғарысы. Көн немесе табан былғарысы - мүйізді ірі қараның, түйенің, шошқаның, су жануарларының терісі мен жылқының сауыр терісінен жасалады.
Көн - ұлтандық және ұлтарақтық болып бөлінеді.
Көн - ауданы жағынан алғанда тұтас және жартылай былғары, жонарқа және жартылай жонарқа түрінде шығарылады, олардың түсі табиғи немесе өңделген кейіпте болады.
Көн былғарысы қалыңдығына қарай 6 категорияға бөлінеді, 1 категорияның қалыңдығы 5мм-ден артады, 4категорияныкі - 2, 6-3мм. 5 пен 6 категория ұлтанға жарамайды. Ол ұлтарақ үшін қолданылады.
Аяқ киімнің үстінгі бетіне бекітілу тәсілі бойынша табан былғарысы екіге бөлінеді:
- Шегелеу немесе бұрандалау тәсілімен бекітілген табан былғарысы. Мұндай былғары қалың, қатты және тығыз болуы керек.
- Жіппен тігу немесе желімдеу тәсілімен бекітілген былғары.
Бұл былғарының қалыңдығы, қаттылығы және тығыздығы табан былғарысынан сәл жұқалау орташа болуы керек.
Ұлтарақтық былғары керекті, физикалық-механикалық қасиеттерінен басқа гигиеналық талаптарға сай болуы қажет.
Аяқ киімнің үстіңгі бас былғарысы . Аяқ киімді дайындау және пайдалану кезінде оның бас үстіңгі былғарысына жоғары талаптар қойылады. Ол сан рет иілу мен созылуға, кернеу мен қажалуға, ылғал, тер, шаң, химиялық заттар мен жоғары температура әсеріне төтеп беруге тиіс.
Аяқ киімнің беті ретінде былғарының құндылығы оның ауа, су өткізбеуге қабілеттілігімен, серпімділік-пластикалық қасиеттерімен айқындалады. Былғарының жақсы пластикалық қасиетіне байланысты аяқ киімнің басы қажетті қалыпқа жақсы көндігеді және кие келе жымдасып аяқтың формасына қалыптасады, сондықтан ол формасын ұзақ сақтайды.
Өте созылғыш былғарыдан жасалған аяқ киім өз формасын тез жоғалтады, ал созылмалығы нашар былғарыдан жасалған аяқ киім аяққа нашар қалыптасады, әрі кигенде аяқты қысатын болады. Аяқ киімнің үстіңгі бетінің былғарысы екі түрге бөлінеді:
- Бұрандалау және шегелеу тәсілдерімен бекітілген былғары ауыр аяқ киімдердің үстіңгі бөлшектерін жасауға арналған тері -юфтьдеп аталады. Юфть аяқ киімдік және сандал жасау үшін деп екіге бөлінеді. Ол мүйізді ірі қараның, жылқы мен шошқаның терісін ерекше өңдеу арқылы алынады.
Аяқ киімге арналған юфть су өткізгіштігі өте төмен, созылмалы, илікпелі және тығыз болуы керек.
Сандал жасауға арналған юфть аяқ киімдікімен салыстырғанда майлы заттары аз, серпімділігі күшті, бірақ қатты емес созылмалылығы аздау келеді.
- Жіппен тігу және желімдеу тәсілдерімен бекітілген аяқ киімнің үстіңгі бетінің былғарылары. Оларға хроммен иленген былғары - шикі заттың түріне қарай, бұзау, торпақ, тайынша, бұқа, шошқа терісінен жасалады.
Ауданы 60 дм 2 жетпеген ешкі былғарысы шевро деп, ал қой былғарысы шеврет деп аталады. Былғарының ұстағанда қаттылығы сезілмеуі керек, жақсы өңделеген, майынан арылған, біркелгі боялған, бетінде ақауы жоқ, бүкіл ауданының қалыңдығы бірдей, бахтармасы жұмсақ және ауа мен бу өткізгіштігі жақсы болуы қажет.
III. Қортынды
Жалпы аяқ киімнің үстіңгі былғарысы тұтас және жартылай былғары «кулат» және жарты «кулат» түрінде шығарылады. Өңдеу тәсіліне байланысты былғары: табиғи, әсемделген беті бар, жұмсақ және кескінді, нубук, велюр, мақпал болып жіктеледі. Ауданына қарай былғары 7 топқа бөлінеді: бірінші топқа ауданы 20 - 40 дм 2 былғары жатса, 7-ші топқа 200 дм 2 -тан астам ауданы бар былғары жатады. Сорты бойынша былғары төртке бөлінеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz