Түйе шаруашылығы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Түйе шаруашылығы

Тексерген: Қорабаев Ж. З

Орындаған: Мамырбек Б

Семей - 2015

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Түраралық будандар
  2. Тұқымаралық будандар
  3. Түйе қырқу
  1. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Түйелер (лат. Camelus) - сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) - негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), - Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері - Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.

Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биол. ерекшелігі - қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ Түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек.

Түраралық будандар

Туйе шаруашылығында туйелерден алынатын өнімдерді көбейту және оның сапасын жақсарту мақсатында қазақтың айыр өркешті (бактриан) түйелерін түркімен аруанасымен (дромедар) будандастыру арқылы будандар ерте заманнан алынып келді. Осындай әдіспен алынған түраралық буданның бірінші ұрпағының дeнeci зор, күшті және өнімділігі жақсы болады. Ұрпақтардың осындай артықшылықтарын Ч. Дарвин- нің теориясы бойынша будан түйелердің жетілу барысында гетерозистік биологиялық құбылыстың әсерінен екендігі түсіндіріледі.

Аруана мен қос еркешті түйелер климаты, азығы, су жағдайы бір-бірінен көп айырмашылығы бар жерлерді мекендеген. Сол мекендеген жерлерінің жағдайына сай оларға тұқым қуалаушылық қасиет пайда болған. Аруана мен қос өркешті түйелерді будандастырудан алынған будандар екеуінің де қасиеттерін жинақтай келе түрлі жағдайға икемді, төзімді болып өседі. Қос өркешті түйелер тараған Қазақстанның батыс облыстарының суық, аруана туйелері мекендейтін оңтүстіктің ыстық ауа райына будандар жақсы бейімделген. Гетерозисік құбылыс (тіршілік қабілетінің күштілігі, өнімділік қасиетінің молдығы, т. б. белгілері) бірінші ұрпақтың будан нарында жақсы байқалады. Бірінші урпақтың нар маясына бура немесе үлек шөгергенде туған будандар (2-ші буын) гетерозис қасиетін аздап қана сақтайды, ал кейінгі ұрпақтарында бұл қасиет жойылған, будандар негізі тұқымға ауысып кетеді. Қос өркешті түйелер мен аруананы түраралық будандастыру негізінен өндірістік будандастыруға жатады. Бұл будандастырудың негізгі мақсаты- мейілінше төзімді, неғұрлым күшті бірінші ұрпақ буданын алу. Бірінші ұрпақтың еркек тайлақтарын, буыршындарын табиғи жайылым жағдайында cеміртіп етке өтізетіндіктен олар шағылыстыруға пайдаланылмайды, ал ұрғашыларын шағылыс жасына жеткен кезінде бура немесе үлекпен сіңіре будандастыру әдісімен түйе тұқымының біріне аударады. Будандарды өзара қайытуға болмайды.

Тұқымаралық будандар

Түйе шаруашылығында тұқымаралық будандастыру әдістepi қос өркешті түйелер тұқымы арасында кеңінен тараған. Әcipece соңғы кездері қазақы түйе тұқымының Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан сүлесі түйелерінің дене құрылысы мен тірілей салмақтарын жақсарту мақсатында қазақы түйе тұкымы інгеніне қалмақ тұқымы түйесінің бурасын шөгеру арқылы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.

1950 жылдарға дейін сол кездегі Шымкент облысында өсірілетін қазақы түйелердің жүн өнімділігін арттыру мақсатында Моңғолиядан моңғол тұқымы түйелерін әкеліп шөгерген. Соның нәтижесінде осы өңірдегі қазақы түйелердің жүн өнімі едәуір деңгейге дейін өсті.

Тұқымаралық будандастыру жұмысы негізінен асыл тұқымды және тауарлық түйе шаруашылықтарында жүргізіле береді. Асыл тұқымды шаруашылықтарда олар негізінен аздаған кемшілігі бар қасиеттерін түзеу үшін жүргізілсе, тауарлық шаруашылықтарда өнімділік қасиеттерін арттыру бағытында жүргізіледі.

Түйе қырқу

Түйе қырқу - еңбекті көп қажет ететін ауыр да жауапты ic. Түйені жылына бip рет - көктемде қырқады. Көктем айынан бастап түйенің жүндері ұяңданып көтеріле бастайды да, шудада ұсталып тұрады. Осы кезеңде көтерілген түбіт жүнін қолмен немесе тарақпен тарап жинамаса бірталай жүн (20-30%) шығынға ұшырайды. Түйелерді ауа райының бipқa- лыпты жьлынған кезеңінде cәyip айының 2-ші жартысында қырқады

Егер түйе аз болса қой қырқатын қайшымен немесе өткір пышақпен қолмен күзейді. Ол үшін алдын ала су себіліп тазаланған аулаға түйелерді тобымен кіргізіп, бір-бірден ұстап жығады да, аяқтарын байлайды. Содан кейін бip жанын қырқады, болған соң түйені екінші жағына аударып, eкінші жағын қырқады. Осындай әдіспен қырыққан кезде 2 жұмысшы күнделікті жұмыс уақыттарында 5 түйеден артық күзей алмайды.

Қолмен күзегенге қарағанда түйелерді тұрғызып қойып (күзеу станогында) қырыққанда күзеу мезгілінің уақытын қысқартуға, қырықтықшылардың жұмыс өнімділігін арттыруғa және олардың жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Бұл күзеу станогында қырықтықшылар түйелерді бекітіп, eкi жағынан бірдей қырқып, қырқылған жүндерді жандарындағы қанар қаптарға салады да, келесі түйелерге ауысады.

1970-1990 жылдар аралығында көптеген туйе шаруашылықтарында осындай қашада әдейі түйе қырқымына арналып Ақтөбе ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтар зауытынан шығатын ЭСА-6-200 электр машинасы өндіріске енгізілді. Осының арқасында еңбек өнімділігі 3-4 есеге артып, алынатын жүн өнімінің сапасы да едәуір өсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы
Түйе малын күш-көлік ретінде пайдалану
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Түйелерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Түйе сүтінің емдік қасиеті
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері жайлы
Түйе түрлері мен тұқымдары
Нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы
Түйе ұдайы өсіру
Түйе өсіру шаралалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz