Үндіқытай мемлекеттері


Үндіқытай мемлекеттері.
1. Лаос мемлекеті
2. Камбоджа мемлекеті
3. Вьетнам мемлекеті
1. Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасы - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Үндiқытай түбегiнің орталық бөлiгiнде орналасқан. Жер аумағы - 236, 8 мың кмІ. Астанасы - Вьентьян қаласы. Әкiмшілік жағынан 16 кхуэнге бөлiнедi. Халқы 5, 5 млн. адам. Этникалық құрамында лао-лум (68%), лао-тенг (22%), т. б. халықтар бар. Мемлекеттік тiлi - лаос тiлi. Халқының басым көпшiлiгi будда дiнiн ұстанады (85%) . Ақша бiрлiгi - кип. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - бiр палаталы Ұлттық жиналыс.
Тарихы: Лаос жерiн адамдар жоғарғы палеолит дәуiрiнен бастап мекендеген. Неолит дәуiрiнде Лаос алқабында күрiш егу, таулы жерлерде аңшылық пен мал шаруашылығы өрiс алды. Біздің заманымыздың 1-мыңжылдығының алғашқы жартысында Фунань кхмерлер мемлекетi құрылды. 1353 ж. Лаостағы ұсақ иелiктер аса iрi Лансанг мемлекетiне бiрiктi. 14-ғасырда бiрыңғай мемлекет болып қалыптасты. Будда дiнi күшейдi, елде дiни мектептер салына бастады. 15 - 18-ғасырларда Лаос мәдениетi жан-жақты өркендедi. Лансанг мемлекетiнде сауда жолдары дамыды. 1827 ж. елдің астанасы Вьентьянға көшiрiлдi. 1893 ж. Франция Лаос аймағын өз отарына айналдырды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары ұлттық Лао Иссара (Лаосты азат ету) ұйымы құрылды. Жапония 2-дүниежүзілік соғыста жеңiлiске ұшыраған соң француз үстемдiгiне қарсы көтерiлiс ұйымдастырылды. 1945 ж. 12-қазанда көтерiлiсшiлер Лао елiнің (“Патет Лао”) тәуелсiздiгiн жариялады. Бiрақ 1946 ж. 21-наурызда Патет Лао құрамалары француз әскерлерiнен жеңiлiп қалды. Елде партизандық күрес басталды. 1950 ж. Лаостың Азаттық майданы, 1951 ж. наурызда Лаос, Камбоджа және Вьетнам мемлекеттерiнің бiрiккен Азаттық майданы құрылды. Француз отаршылары 1953 ж. 22-қазанда Лаостың тәуелсiздiгiн шартты түрде мойындауға мәжбүр болды. 1975 ж. 2-желтоқсанда Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы жарияланды. 1955 ж. Лаос БҰҰ-на қабылданды.
Табиғаты: Жері негізінен таулы келеді. Солтүстік бөлігін Траннинь таулы қыраты алып жатыр. Ең биік жері - Биа тауы (2820 м) . Шығысында Чыонгшон, оңтүстігінде Боловен таулары, батысында Корат үстірттері бар. Климаты субэкваторлық муссондық. Қаңтардың орташа темпеоатурасы 15 - 23С, шілдеде 28 - 30С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тауда 2000 - 3000 мм, жазық бөлігінде 1500 мм. Басты өзені - Меконг. Лаоста субтропиктік мәңгі жасыл ағаштар өседі. Піл, мүйізтұмсық, маймыл (макака, гиббон), жыланның көптеген түрлері, қырғауыл, бүркіт, тауыс, т. б. құстар, өзендерінде тұқы, шортан сияқты балықтар кездеседі.
Экономикасы: Лаос халқы, негiзiнен, ауыл шаруашылығымен айналысады. Басты дақылы - күрiш. Экспортқа ағаш, тоқыма бұйымдарын, кофе, гипс, қалайы шығарады. Сырттан азық-түлiк, ауыр машина жасау өнiмдерiн, өнеркәсiптiк отын алады. Ұлттық жалпы өнiмнің жан басына шаққандағы мөлшері 1290 АҚШ долларына тең. Негiзгi сауда серiктестерi - Жапония, Қытай, Тайланд, Италия, Франция және Германия.
2. Камбоджа Корольдігі - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Үндіқытай түбегінің оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі - 181 мың кмІ. Халқы 11, 6 млн. адам (1998) . Астанасы - Пномпень қаласы 1993 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы король (1993 жылдан - Н. Сианук) . Заң шығарушы орган 4 жылға сайланатын парламент (Ұлттық ассамблея), ал үкімет билігі құрамын парламент бекітетін корольдік үкімет қолында (1998 жылдан Премьер-министр Хун Сен) . Тұрғындарының 91%-ы кхмерлер, 4%-ы вьеттер, 3%-ы қытайлар. Ресми тілі - кхмер тілі, француз тілі бірге қолданылады. Халқының 95%-і будда дінін ұстанады, қалғандары - мұсылмандар мен христиандар. Ел 20 провинциядан тұрады. Ұлттық мейрамы 9 қараша - Тәуелсіздік күні (1953) . Ақша бірлігі - риель.
Тарихы: Камбоджа - Үндіқытайдағы ежелгі мемлекеттердің бірі. К. жерінде бізге мәлім тұңғыш мемлекет 1 - 6 ғасырларда Меконг өзені бойында салтанат құрған Фунань мемлекеті. Ол Қытаймен, Оңтүстік Үндістан елдерімен мәдени байланыстар орнатқан. 7 - 8 ғасырларда ірі мемлекет (Ченла Жер мен Ченла Су) құрылып, кхмер жазуы пайда болды. 9 ғасырда К. жерінде Камбуджадеш мемлекеті пайда болып, 11 ғасырда Үндіқытай түбегіндегі ең ірі империяға айналды. 11 - 13 ғасырларда кхмерлер Тьямпанды бағындырып, Дайвьетпен (Вьетнам) соғыс жүргізді, шекарасын әлдеқайда ұзартты. Алайда үздіксіз соғыстар елдің ресурстарын сарқып, 14 ғасырда империя көп жерінен айрылып қалды. 15 ғасырда Камбоджа қайта дамып, елдің жаңа астанасы Пномпень (1443) салынды. Будда діні тарап, көптеген ғибадатханалар, орасан үлкен Будда мүсіндері тұрғызылды. 17 ғасырда сиам мен тай әскерлеріне қарсы соғыста Камбоджа қайта әлсіреді. 1841 жылы үкімет басына келген Анг Дуонг халықтың көмегімен ел тәуелсіздігін қалпына келтіруге тырысты. Мемлекетік аппарат шетелдіктерден тазартылып, салық мөлшері азайтылды, құлдарға еркіндік беріліп, тас жолдар мен каналдар салынды. Сыртқы саясатта ол француздарға сүйенді. 1863 жылы Франция Камбоджаға протекторат туралы шартты күштеп таңып, 1884 жылы іс жүзінде өз отарына айналдырды. Елге француз капиталы еніп, каучук, жүгері, күріш, кофе, бұрыш плантациялары ұлғайды. Өнеркәсіп нашар дамыды. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында елді жапондар жаулап алғанымен, соғыстан кейін қайтадан Франция қарауына өтті. Ұлт-азаттық қозғалысы қатты күшейіп, 1953 жылы 9 қарашада Пномпеньде елдің тәуелсіздігі туралы ресми шартқа қол қойылды. 1957 жылы елде бейтараптық туралы заң қабылданды, бірақ Вьетнамдағы соғыс ықпалымен елде 1970 жылы наурызда әскери төңкеріс болды.
1970 жылы 30 сәуірде АҚШ әскерлері К-ның бейтараптық шартын бұзып, елге өз әскерлерін енгізді. Партизан қозғалысынан және әлем жұртшылығы наразылығынан көп ұзамай АҚШ өз әскерлерін шығарып әкетті. 1975 жылы сәуірде тағы да төңкеріс болып, билік коммунист Пол Поттың қолына көшті. Ол “қызыл кхмерлер” армиясына сүйеніп, “тапсыз қоғам” орнатам деп жариялады. Қала халқын ауылдық жерлерге көшіріп, байларды, зиялыларды, дінбасыларды, бұрынғы үкімет шенеуніктерін - барлығы 3 млн-дай адамды құртып жіберді. 1979 жылы қаңтарда Қытайға бағыт ұстаған Пол Пот үкіметін КСРО-ға сүйенген Халықтық рев. партия (Хун Сен) биліктен тайдырды. Бірақ үкімет билігі үшін әр түрлі топтар (тақ мұрагері Н. Сианук бастаған топ, “қызыл кхмерлер”, генерал Л. Нолдың эмиграциялық үкіметі, т. б. ) арасындағы талас, 1989 жылы Н. Сиануктің жеңісімен аяқталды. Осы жылы 10 жыл бойы елде тұрған Вьетнам әскерлері кері әкетілді. 1991 жылы өткен Париж келісімі бойынша Н. Сианук король болып жарияланды. Бірақ елде билік үшін күрес жалғаса берді. 1993 жылы елде жаңа конституция қабылданып, король билігі шектелді. 1998 жылы Пол Пот қайтыс болып, “қызыл кхмерлер” партизандық күрестен бас тартты. Осы жылы өткен парламент сайлауында Халықтық ревалюциялық партия жеңіске жетіп, корольді жақтаушылармен бірігіп жаңа каолициялық үкімет құрды. Дегенмен елде әлі де толық тыныштық орнаған жоқ, азамат соғысы басталу қаупі сақталып отыр.
Экономикасы: Камбоджа - экономикасы нашар дамыған ел. Елдің ұлттық байлығы жылына 3, 09 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде. Сыртқы қарызы - 2, 11 млрд. долл. Халқының 78%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Жерінің 21, 6%-ы ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Сыртқа, негізінен, ағаш өнімдерін, резина, балық және теңіз өнімдерін шығарады. Шеттен мұнай өнімдерін, машина, құрал-саймандар, т. б. әкеледі. Негізгі сауда серіктері - Сингапур, Таиланд, Вьетнам, Жапония, Қытай, Индонезия, т. б.
3. Вьетнам Социалистік Республикасы - Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Сонау оңтүстік-шығыстағы Вьетнам жері - Оңтүстік Қытай теңізі атты шалқар айдын жағалауын қуалай 1750 километрге созылған, тауқұзды және қалың ну ормандар өңірі болып келеді. Вьетнамдықтар өз елін Бакбо (солтүстігі), Чунгбо (орта бөлігі) және Намбо (оңтүстігі) деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz