Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы мәлімет


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу

Орындаған :Мұқанова. А. Е

Тексерген : Муратбаев Д. М .

2015ж

Жоспар :

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Негізгі тыныс алу шулары

2. 2 Амфорикалық тыныс алу

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Аускультация (auscultatio) организмде мүшелер мен ұлпалар қозғалысынан туатын дыбыстарды тыңдау әдісі. Дыбыстардың қасиетіне қарап ағзалар мен ұлпалардың күй-ахуалын біледі.

Тыңдау екіге бөлінеді:

  1. тікелей тыңдау
  2. аспап құралдар арқылы тыңдау

2. 1. Негізгі тыныс алу шулары

Тыныс алу шулары(Adurmura respiratoria), -аускултация кезіндегі тыныс алу органдарындағы пайда болған дыбыстармен сипатталады. Тыныс алу шуларын :

1. Физиологиялы қ- негізгі

2. Патологиялық - қосалықы деп бөледі.

Физиологиялық тыныс алу шуларына :

  • Бронхиальды
  • Везикулярлы тыныс алулар жатады.

Бронхиальды тыныс көмей, трахеяда дыбыс саңылауы арқылы ауа өткенде пайда болады. Бронхиальды тыныстың түзілу орны дыбыс саңылауы. Ауа дем алу кезінде жіңішке дыбыс саңылауы арқылы өтіп, шу тудыратын діріл шақырады. Дем шығару фазасында ауа трахеядан кеңірек көмейге шыққанда діріл туғызып, шу шақырады . Дем шығару кезіндегі дыбыстар күштірек, ұзағырақ, қатаңдау. Ауа қозғалысының көмей арқылы қозғалысында пайда болады шулар бронхиальды бұтақ арқылы таралады, бірақ кеуде клеткасына өтпейді . Бұл тыныс пайда болу орнына байланысты ларинго - трахеальды деп аталады. Бронхиальды тынысты дем шығарған да “Х” әрпін айтқызу арқылы шығаруға болады. Бронхиальды тыныс кезінде дем шығару ұзақ, қатты. Бронхиальды тыныстың эталоны физиологиялық жағдайларда көмей, трахея үстінен, кеуде клеткасына трахеяның бифуркациясының проекциясы орындарынан ( мойындырық ойығы) , төстің денесінің алдынан, 3-4 кеуде омыртқаларының жауырынаралық, аймағында, 7- мойын омыртқасының өсіндісінің деңгейінде естіледі. Кеуде клеткасының басқа аймақтарында өкпе ұлпасы тығыз орналасқандықтан, кеуде клеткасы мен бронхтардың аймағында бронхиальды тыныс тұйықталады және естілмейді. Тек қана бронхиальды тынысқа тән өте маңызды феноменге назар аудару керек ( отандық әдебиетте бұл ерекшелік айтылмаған ) Бұл аускультативті үңгір дыбыссыз үзіліс дем алу мен дем шығару фазасы арасында дыбыс болмайтын қысқа кезең. Егер бронхиальды тыныс қалыпты везикулярлы тыныс естілетін жерлерде естілсе, онда бронхиальды тыныс патологиялық болып саналады. Патологиялық бронхиальды тыныс кеуде клеткасында белгілі жағдайларда анықталады. Өкпе ұлпасының тығыздалуымен жүректің өкпе аурулары ( крупозды пневмонияның крупозды пневмонияның 2- сатысы . туберкулез, өкпе инфаркті) Компрессионды ателектазда, өкпенің сұйықтық немесе ауа қысуынан жабысып қалғанында.

Өкпеде қуыс болғанда ( абцесс, каверна ) , егер ол қуыc бос болса және бронхпен байланысса . Бұл жағдайда бронхиальды тыныстың күшеюінен ғана емес, сонымен қатар, куыс резонатор ретінде дыбыс белгілерін күшейтеді. Ашық пневмоторакста.

  • Бронхиальды тыныстыңмындай түрлері бар:
  • Амфоралық тыныс бостамырға ауа үрлеген кездегі дыбысты еске түсіреді. Amphora ауызы тар тамырға ұқсайды . Амфоралық тыныс өкпеде диаметрі 5-6 см кем емес, қабырғасы тегіс, ірі бронхпен байланысқан, кеуде клеткасына жақын орналасқан куыс болганда пайда болады. Дем шығару дем алудан ұзақ, бірақ жай бронхиальды тыныстан тыныш.
  • Тыныш бронхиальды тыныстыкомпрессионды ателектаз аймағынан естіледі . Ірі бронхтарға өкпенің тығыздалған бөлігіне жақын орналасады.
  • Металлдық бронхиальды тыныс- қатты дыбыспен және өте жоғары тембрмен сипатталады. Металлды ұрғандағы дыбысты еске түсіреді. Металлдық бронхиальды тынысты плевралық қуыстағы ауа сыртқы ортамен байланысқанда, ауаға толық жазық қабырғалы куыс бронхпен байланысқанда естуге болады.
  • Стенотикалық тынысбронхиальды тыныстың күшеюімен сипатталады, араның дауысына ұқсайды. Трахея немесе ірі бронхтың тарылуында байқалады немесе физиологиялық бронхиальды тыныс естілетін аймактарда естіледі.
  • Бронховезикулярлы тыныс немесе араластыныс ұзақ дем шығаратын везикулярлы тыныспен бронхиальды тыныстың арасындағы дыбысты қамтиды. Бұл кезде бір тыныс актісі біркелкі. Әдетте дем алу везикулярлы, ал дем шығару бронхиальды.
  • Аралас тыныс алусау адамдарда кейде оң өкпе ұшында соымен қатар өкпенің қалыпты ұлпасымен бірге тығыз ошақтар орналасқан аймактарда естіледі. Оның ошактары терен немесе беткей орналасуы мүмкін, егер терен орналасса везикулярлы тыныс басым, ал беткей орналасса бронхиальды тыныс басым болады.

Везикулярлық тыныс алу-дем алу және дем шығару кезінде альвеола қабырғаларының тербелуі нәтижесінде түзіледі. Везикулярлық тыныс алудың күшеюі және әлсізденуі мүмкін. Везикулярлық тыныс алудың күшеюі ентігу, постгеморрагиялық анемия, интоксикация, инфекция кезінде пайда болады. Катаральді немесе іріңді пневмония, гангрена, өкпе ісінуі, өкпе туберкулезі кезінде везикулярлық тыныс алудың жергілікті күшеюі болуы мүмкін. Везикулярлық тыныс алудың әлсіреуі өкпенің альвеолалық эмфиземасында, обтурациялық ателектазда, ошақтық пневмонияда, экссудаттық плевритте, гидротораксте, өңештің ісінуінде болады.

Қалыпты бронхтық тыныс алу. Альвеолалардың қызметі кезінде пайда болған дыбыстар мен шулардың тыныс алу жолдарынан өтуі кезінде түзіледі.

Қосалқы тыныс алу шулары немесе патологиялық :

  • бронхиалдық және амфорикалық болады.
  • крепитация мен қырылдарды да осы топқа жатқызуға болады.

Патологиялық бронхиалдық тыныс алу өкпенің инфильтрациясы кезінде түзіледі, өйткені, тығыздалған өкпе ұлпасы ларинготрахеялық шуларды жақсы өткізеді. Патологиялық бронхиальды тыныс алуды қалыптыдан ажырату үшін, басқа өкпенің дәл сол бөлігіне салыстырмалы тыңдау жүргізу қажет.

Сырылдар- тынысты ішке алу кезінде естіліп, жотелден соң кейде жоғалуы да мүмкін.

Крепитация. Пайда болу себебі: жабысып қалған альвеоллардың толығымен экссудантпен толғанша ажырауы кезінде пайда болады. Пневмонияның бастапқы және соңғы кезеңінде, өкпе қабынуында байқалады.

Плевраның үйкелу шуы - плевраның беткейінде фибриндер жинақталғанда, жапырақшаларының үйкелісі нәтижесінде пайда болады.

Шулар демді алған және шығарған кезде естіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы мәлімет
Кеуде клеткасының аускультациясы. везикулярлық тыныс алу, бронхиальды, физиологиялық, бронхиальды патологиялық, амфорикалық бронховизикулярлық, құрғақ сырылдар, ылғалды сырылдар
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы ақпарат
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы ақпарат
Тыныс жүйесін зерттеу
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы
Өкпеге перкуссия, аускультация жасау техникалары
Негізгі тыныс алу шулары. Жанама тыныс шулары
Өкпе қабының ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz